ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРЫНДА 2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ » ГККП "Ясли сад №118"
Телефон завующего:
+7(727) 294-55-68
Телефон методиста:
+7(727) 297-27-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРЫНДА 2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ
05
ноябрь
2019

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРЫНДА 2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ    

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ  ОРТАЛЫҒЫ







ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРЫНДА 2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ

                               ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ 



























Нұр-Сұлтан, 2019






           Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдарында 2019-2020 оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқау хат –  Нұр-Сұлтан: 2019.- 25 бет.

Әдістемелік нұсқау хат 2019-2020 оқу жылында меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына, әдіскерлеріне, педагогтері мен мамандарына әдістемелік көмек көрсетуге арналған. 

Аталған әдістемелік нұсқау хат «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының Ғылыми-әдістемелік кеңесінің шешімімен ұсынылады (2019 жылғы 5 маусымдағы №4 хаттама).  


















 




 
 
  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 


         Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» және 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы мектепке дейінгі ұйымдарда 2019-2020 оқу жылында білім беру процесін іске асыру үшін   негізгі платформа болып табылады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың басым бағыттары: 

  • мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру;
  • балаларды ерте дамыту.

2019-2020 оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдарға арналған Әдістемелік нұсқау хат мынадай негізгі бөлімдерді қамтиды: 

1.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны жағдайында білім беру процесі. 

2. Мектепалды даярлық.

3. Қауіпсіз білім беру ортасы. 

4. Инклюзивті білім беру.

5. Педагогтің кәсибі құзыреттілігі. 


                                                    2.НЕГІЗГІ БӨЛІМДЕР


  1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны жағдайларында білім беру процесі. 


«Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидалары» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарда (МДҰ жанындағы шағын орталықтарда):

-1 қыркүйектен 30 мамырға дейін Үлгілік оқу жоспарына сәйкес тәрбиелеу – білім беру процесі іске асырылады;  

-1 маусымнан 31 тамызға дейін – жазғы сауықтыру кезеңі.

Жаз айларында білім беру процесінің мазмұнын қайталау жүргізіледі және шығармашылық, ойын, тәжірибелік-эксперименттік әрекетке ерекше назар аударылады.    

Мектепке дейінгі ұйымда білім беру процесінің мазмұны Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес қамтамасыз етіледі.   

Білім беру процесінің негізгі міндеттері: 

  • мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру;
  • мектепке дейінгі ұйымда балалардың табысты бейімделуі мен дамуы үшін жағдай жасау; 
  • коммуникативтілік, креативтілік, сыни ойлау, ынтымақтастық және командада жұмыс істей білу дағдыларын меңгеру; 
  • балаларды жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға баулу.

«Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту отбасында, мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды даярлық сыныптарында іске асырылады (30-бап 2-тармақ). 

Мектепке дейінгі ұйымда оқу жылының басталуы мен аяқталуын сәйкестендіру үшін 1 қыркүйекке дейін толық жасқа жетуді ескере отырып, мынадай жас кезеңдері бойынша топтарды жасақтау қажет: 

1) бөбек жасы –0-3 жасқа дейін: 

нәрестелік жас - туғаннан бастап;

ерте жас – 1 жастан (ерте жас тобы);

кіші жас – 2 жастан (кіші топ);

2) мектепке дейінгі жас – 3-6 жас: 

мектепке дейінгі орта жас  – 3 жастан (ортаңғы топ); 

мектепке дейінгі ересек жас – 4 жастан (ересек топ); 

мектепалды  жасы - 5 жастан (мектепалды топтары, сыныптары) 

Үлгілік бағдарлама мазмұнын іске асыру балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере  отырып, оларды жан-жақты дамытуға бағытталған «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салаларын кіріктіру негізінде жүзеге асырылады

Ұйымдастырылған оқу қызметін өткізуге қойылатын талаптар: 

Мектепке дейінгі ұйым топтарында апталық оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемі: 

ерте жас тобы балалары үшін (1 жастан бастап) –7 сағат; 

- кіші топ  балалары үшін (2 жастан бастап) –9 сағат; 

- ортаңғы топ  балалары үшін (3 жастан бастап) –12 сағат; 

- ересек топ  балалары үшін (4 жастан бастап) –14 сағат;

- мектепалды   даярлық топтары мен сыныптары балалары үшін- (5 жастан бастап) –20 сағат

Түрлі жас топтарында ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы: 

ерте жастағы балалар үшін – 7-10 минут;

- кіші жастағы   балалар үшін – 10 – 15 минут;

- мектепке дейінгі орта жас балалары үшін – 15 - 20 минут;

- мектепке дейінгі ересек жас  балалары үшін – 20 - 25 минут.

- мектепалды жасы балалары үшін - 25-30 мин.

          Стандарт мазмұнында 2-тараудың 10-тармағы қайта қаралды: 

- «Қатынас» білім беру саласынан «Драма» ұйымдастырылған оқу қызметі алынып тасталды;

- «Әлеумет» білім беру саласынан «Экология негіздері» ҰОҚ алынып тасталды.

  Стандарттағы өзгерістер негізінде «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:  

-«Көркем әдебиет» ҰОҚ-1-сағат;

- Инвариативтік бөлімнен «Шет тілі» ҰОҚ  вариативтік бөлімге ауыстырылды;

-«Қоршаған ортамен танысу» ҰОҚ-0,5 сағат.

   Осыған байланысты Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына өзгерістер енгізілді: 

-«Драма» ҰОҚ-нің міндеттері «Көркем әдебиет»  ҰОҚ-нің міндеттеріне енгізілуі есебінен шешіледі; 

-«Экология негіздері» ҰОҚ-нің міндеттері «Қоршаған ортамен танысу» ҰОҚ-нің міндеттеріне енгізілді.

Барлық жас топтарында Үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу жүктемесінің көлемі сақталған. 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес ортаңғы топтан (3 жастан) бастап вариативтік компонент енгізіледі. Вариативтік компонентті анықтауда балалардың жас және жеке ерекшеліктері, сұраныстары мен қызығушылықтары және мектепке дейінгі ұйым қызметінің бағыты ескерілуі қажет. 

Вариативтік бөлімге мектепке дейінгі ұйымның мүмкіндіктерін ескере отырып (кабинеттердің болуы, штаттық кестеге сәйкес болуы), ағылшын тілін, логиканы, балалардың қызығушылықтары бойынша ұйымдастырылған оқу қызметтері және т.б. енгізу ұсынылады.    

Оқыту мен тәрбиелеу орыс тілінде жүргізілетін топтарда вариативтік компоненттің апталық оқу жүктемесінің жалпы көлемі: 

- ортаңғы топ   балалары үшін –1 сағат; 

- ересек топ  балалары үшін   –2 сағат;

мектепалды даярлық балалары үшін –2 сағатты құрайды

Оқыту мен тәрбиелеу қазақ тілінде жүргізілетін топтарда вариативтік компоненттің апталық оқу жүктемесінің жалпы көлемі: 

- ортаңғы топ   балалары үшін –1 сағат; 

- ересек топ  балалары үшін   –2 сағат;

мектепалды даярлық балалары үшін – 3 сағатты құрайды

21 ғасырдың түйінді құзыреттіліктері: креативтілік, сыни ойлау, коммуникативтілік және командада жұмыс істей білу.

       Креативтілік-шығармашылыққа деген қабілеттілік, жаңа нәрсені жасау мүмкіндігі. 

Сыни ойлау дағдылары:

- затты қасиеттері мен белгілерін ауызша сипаттау бойынша табу;

- екі немесе одан артық нысандардың жалпы және түрлі белгілерін табу;

- ауызша сипаттау бойынша нысанмен жасауға мүмкін болатын әрекетті табу;

- бір затқа қолданылатын әрекеттерді басқасына ауыстыру;

- шығармашылық әңгіме, ертегі, жұмбақ құрастыру.

       Сыни ойлау технологиясын қолдану- балаға тәрбиешінің сұрақтарына жауап беруден емес, өз сұрақтарына  жауап алуға мүмкіндік береді.

Педагогтердің сыни ойлау технологиясының тиімді әдістері мен тәсілдерін қолдануы балалардың өзіндік пікірін қалыптастырады, дербестігін, жауапкершілігін, әлеуметтік ортада бағдарлай білуін дамытады.

        Коммуникативтілік - қарым-қатынас жасауға, байланыс орнатуға, үйлесімділікке, тіл табыса білуге, ынтымақтастыққа (бірлескен жұмысқа қабілеттілік) мүмкіндік береді. Ата-аналар мен педагогтер балалар  тілінің дамуындағы тежелулерге: балалардың кеш сөйлеуіне, аз және нашар сөйлеуіне көп шағымданады. 

Коммуникативтік қабілеттерді қалыптастыру мыналарды қамтиды: байланыс жасауға деген ұмтылыс,   қарым-қатынасты ұйымдастыра білу, қарым-қатынаста ережелерді сақтау. 

Командада жұмыс істей білу - бұл бір-бірімен келісе білу, өзара ой алмасуға қолдау көрсету, басқа адамдарды түсінуге тырысу, өзінің және басқаның әрекеттерін бағалай білу. 

Командада жұмыс істей білу дағдыларына үйрету балаларға кез келген әлеуметтік ортада (балабақшада, құрдастар арасында) бейімделуге көмектеседі.

Ерте жастағы балаларды дамыту

«Ойлау негіздері, ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттер, жаңа дағдылар сонау бала кезден қалыптасады». ( ҚР Президент жолдауы 5 қазан, 2018 ж.).

Баланың әлеуметтік-психологиялық бейімделудегі сәттілігінің қажетті шарты -  ата-аналар мен тәрбиешілердің келісілген іс – әрекеттері, әр баланың жас ерекшеліктері мен қолданатын ойын технологияларын ескере отырып, үйлестіру болып табылады.

Міндеттері:

  • ерте жастағы балалардың әлеуметтенуі үшін мектепке дейінгі ұйымда жағдай жасау;
  • әлеуметтік және өзін-өзі үйрету дағдыларын қалыптастыру;
  • МДҰ жағдайына балалардың әлеуметтенуінің тиімді әдістерін дамыту;
  • ата-аналарды балалармен бірлескен әлеуметтік маңызы бар әрекеттерге тарту.

Мектепке дейінгі ұйымның білім беру процесін жоспарлау. 

Білім беру процесі  мектепке дейінгі ұйымның жылдық жоспарына, өтпелі тақырыптар негізінде перспективалық жоспарға және  апталық циклограмма сәйкес іске асырылады. Балалардың түрлі жас кезеңдерінде даму деңгейін бағалауға мониторинг жүргізіледі (2018-2019 оқу жылындағы әдістемелік нұсқау хаттың қосымшасын қараңыз). 

Жылдық жоспарды қайта құру, оның мазмұнының   қысқаша, сызба түрінде және білім беру процесінің әрбір қатысушысы үшін қол жетімді болуынан құралады. Жылдық жоспардың бөлімдері:

         - салауатты өмір салтын ұйымдастыру; 

         - білім беру процесін ұйымдастыру;

         - әлеуметпен жұмыс;

         - бақылау және басшылық;

         - кадрлармен жұмыс;

- отбасымен өзара ықпалдастық.




2.Мектепалды даярлық


Мектепалды даярлық міндетті және отбасында, мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды даярлық сыныптарында іске асырылады («Білім туралы» ҚР Заңы 30-бап, 2-тармақ). Мемлекеттік білім беру ұйымдарында мектепалды даярлық бір оқу жылы бойы жүргізіледі және тегін болып табылады.  

       Мектепалды даярлықтың бірыңғай бағдарламасы мектепке дейінгі ұйымдардағы мектепалды даярлық топтарында және жалпы білім беретін мектептердің мектепалды сыныптарында іске асырылады.   

       Мектепалды даярлықтың негізгі міндеттері: 

- балалардың  мектепте оқуына сапалы дайындықты қамтамасыз ету. 

Бұл міндет ұйымдастырылған оқу қызметін жүзеге асыру, ерікті әрекетті қалыптастыру (не істеп жатыр?, неге бұлай жасап жатыр?, қалай жасайды?), өзін-өзі үйрету дағдыларын қолдану арқылы іске асырылады;   

- балалардың мектепте оқуға ынтасын қалыптастыру.

  Шығармашылық белсенділігін және қоршаған ортаны қабылдауын, бастамашылдығын, білуге құмарлығын дамытуға ықпал ететін алған білімдері арқылы іске асырылады.  

- мектеп жасына дейінгі балаларды ерте дамыту.                                 

 Ерте жастағы балаларда әлеуметтік және өзбетінше үйрену дағдыларын дамытатын бағдарламаны (ҚР БҒМ 2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 668 бұйрығы) енгізу арқылы жүзеге асырылады.       

      Балаларды дербестікке, ашықтыққа, ересектермен және құрдастарымен бірге әрекет етуге баулу, әлеуметте өзара қарым-қатынас ережелерін сақтау арқылы жүзеге асырылады. 

       Стандарт мазмұнында 2-тараудың 10-тармағы қайта қаралды: «Қатынас» білім беру саласынан «Әліппе» мен  «Драма»  алынып тасталды. 

 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, 

5 жастан бастап балалар үшін апталық оқу жүктемесінің көлемі:  

- «Көркем әдебиет» ҰОҚ-1 сағатты;

- «Қоршаған ортамен танысу» ҰОҚ-0,5 сағатты құрайды. 

Үлгілік оқу бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

«Қатынас» білім беру саласы: 

- «Көркем әдебиет» ҰОҚ-нің міндеттеріне «Драма» ҰОҚ енгізілді;

- Инвариативтік бөліміндегі «Шет тілі» ҰОҚ вариативтік бөлімге ауыстырылды. 

  «Әлеумет» білім беру саласы: 

  • «Экология негіздері» ҰОҚ-нің міндеттері «Қоршаған ортамен танысу» ҰОҚ-не енгізілді.

         Барлық жас топтарында Үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу жүктемесінің көлемі сақталған. 

         Ағымдағы оқу жылының 30 тамызына дейін мектепке дейінгі ұйымдар базасында жазғы кезеңде балаларды мектепке қарқынды түрде дайындау жүзеге асырылатын мектепалды даярлық топтары жұмыс істейді.

       2019 жылғы 29 шілдедегі ҚР БҒМ бұйрығына сәйкес мектептерде мектепалды даярлық сыныптары үшін каникул кезеңдері айқындалған:

        - күзгі каникул – 28 қазан –  3 қарашаны қоса алғанда (7 күн);

        - қысқы – 30 желтоқсан – 8 қаңтарды қоса алғанда (10 күн);

        - көктемгі – 21 наурыз – 2 сәуірді қоса алғанда (13 күн).

   Бірінші сыныптарда – 3 – 9 ақпанды қоса алғанда (7 күн)  қосымша каникул белгіленеді. Бұл күндері жалпы білім беретін мектептің мектепалды даярлық сыныбының балалары да демалады. 

«Балақайлар мектебі» - жазғы кезеңде балаларды мектепке қарқынды түрде дайындау

«Балақайлар мектебі» жыл сайын  жазғы кезеңде мектептер жанында 3-айға құрылады. Министрлік ұсынған курстардың бағдарламасы ЖАО-ға жіберілді (ҚР БҒМ 2019 жылғы 12 шілдедегі № 11-6/607 хаты).                                                                                                                                                                                                                  

        Негізгі міндеттері: 

Ø    баланың мектепте оқуына эмоционалды-оң көзқарасты қалыптастыру.                                                                                                              

Арнайы білім беру ортасын құру, зияткерлік – психологиялық ойындар өткізу, бірінші сыныпта жалғасатын психологиялық - педагогикалық қолдауды қамтамасыз ету арқылы іске асырылады.

  • болашақ мектеп оқушысының тұлғасын қалыптастыру. 

«Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық» «Әлеумет» білім беру салаларын кіріктіру арқылы іске асырылады. 

Баланың мектепте оқуға дайындығының көрсеткіштері:

жеке-тұлғалық дайындығы – оқуға ынтасы (мектепке барғысы келеді, оқудың маңыздылығы мен қажеттілігін түсінеді,  жаңа білімді алуға қызығушылық танытады); 

әлеуметтік-психологиялық дайындық –  жаңа әлеуметтік жағдайларға бейімделе алуы (ересектермен және құрбыларымен қарым-қатынас жасай білуі); оқу міндеттерін қабылдай білуі (мұқият тыңдау, қажет кезде тапсырманы нақтылау); 

танымдық дайындық – баланың ойлау қабілетінің даму дағдыларын меңгере білуі: талдау, синтез, салыстыру, жалпылау.  

 «Балақайлар мектебі» курсының соңында түлек мынадай біліктер мен дағдыларды меңгеруі тиіс: 

- қолдың ұсақ моторикасы дамыған(қаламды, қарындашты, қылқаламды қолында дұрыс ұстай білуі, сызықтан   асырмай заттарды бояу және штрихтау); 

- сурет бойынша әңгіме құрастыру;

 - әңгімені, ертегіні мазмұндау;

- сөздерді дыбыстық талдау;

- дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату;

- 20 көлемінде санау, 10 дейін сандар құрамы мен цифрларды білу;          

- дәптердің, кітаптың парағында, кеңістікті, уақытты бағдарлау;

 - қарапайым тапсырмаларды орындау;

 -бейнелеу әрекетінің дағдыларын меңгеру (сурет салу, мүсіндеу, жапсыру). 

         Балаларды жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға баулу

Балаларды жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға баулуда Қазақстан халқының ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын таныстыру үшін қолайлы орта құрылады (түрлі ұлт өкілдерімен қарым-қатынас жасау, мемлекеттік мерекелерді тойлау).

Міндеттері:

- заманауи жалпыадамзаттық, ұлттық және этномәдени құндылықтар негізінде Қазақстан халқының рухани-адамгершілік мұрасына баулу жұмыстарын жалғастыру;

- тәрбие процесіне ата-аналардың  жоғары деңгейге белсенділігін арттыру;

- балаларды құрдастарымен қайырымды, мейірімді қарым-қатынасқа тәрбиелеу; 

-  адамгершілік қасиеттерге, игі істер жасауға ынталандыру.


3. Қауіпсіз білім беру ортасы


Оқу жылында қауіпсіз білім беру ортасын құруға, балалардың, педагогтер мен ата-аналардың өмірі мен денсаулығын қорғау міндеттерін шешуге бағытталған денсаулық сақтау технологияларын қолдануға ерекше назар аударылатын болады. 

Қауіпсіз білім беру ортасын құрудың негізгі міндеттері: 

-материалдық-техникалық базаны нығайту, жаңғырту және цифрландыру. 

Бұл міндет «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығын басшылыққа алу арқылы іске асырылады.  

Сыртқы және ішкі бейнебақылау камераларын, электрондық турникеттерді, бейнедомофондарды, терезелерге қауіпсіздік бекіткіштері мен құлыптарын орнатуды, қоршауларды, спорттық жабдықтарды нығайтуды; барлық мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесіне қатысушылардың өмірін қауіпсіз ету үшін оңтайлы жағдайлар жасауды қарастыру қажет. 

  • Рационалды  теңдестірілген тамақтануды ұйымдастыру. 

МДҰ әкімшілігітарапынан тамақтанудың ұйымдастырылуы мен жеткізілетін өнімдердің сапасына толыққанды бақылауды жүзеге асыру арқылы іске асырылады.  

  • білім беру процесіне қатысушыларға  қауіпсіз мінез-құлық негіздерін үйрету. 

Үйрету семинарларда, еңбекті қорғау тренингтерінде, өрт және терроризмге қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау; қызметкерлермен нұсқау (кіріспе, жоспарлы, жұмыс орнында жоспардан тыс) жүргізу,  ҰОҚ, серуен, экскурсия, ойын әрекетін өткізу кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады. Тәрбиеленушілерге жас тобы жұмысының перспективалық жоспарына сәйкес қауіпсіз мінез-құлық негіздерін үйрету.

  • Қамқоршылық кеңестерді ұйымдастыру.

Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестерді құру және олардың қызметі «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 123 бұйрығы негізінде іске асырылады. 

Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымындарында Қамқоршылық кеңесінің (бұдан әрі - Қамқоршылық кеңес) жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібін айқындайды.

Қамқоршылық кеңестің отырысы қажеттілігіне қарай,  тоқсан сайын кемінде бір рет өткізіледі. 

Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара бірге әрекет етеді.


  1. Инклюзивті білім беру

        

        Инклюзивті білім беру (бірге білім беру) - ерекше білім алу қажеттіліктері мен түрлі жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық тәрбиеленушілер үшін білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету. 

Ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларды түзету арқылы қолдау  инклюзивті және арнайы білім беру аясында медициналық, педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсету арқылы жүзеге асырылады.

        Инклюзивті білім берудің негізгі міндеттері:

  • Ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар  балаларды түзеу арқылы қолдау үшін жағдай жасау

Бұл міндет ерекше білім берілу қажеттілігі бар балаларда бар  бұзушылықтарды түзету құқығын қамтамасыз етумен, оны жалпы білім беру процесіне және әлеуметтік бейімделуге енгізу арқылы жүзеге асырылады.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларында» жалпы дамытатын МДҰ жас топтарына ерекше білім берілу қажеттіліктері бар балаларды енгізу нормасы қарастырылған. Бір топқа осы категориядағы үш баладан көп емес балалар енгізілуі мүмкін, бұл ретте балалардың жалпы саны ерекше білім берілу қажеттіліктері бар бір балаға үш тәрбиеленушіден кемітіледі.

  • ерекше білім берілу қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарды психологиялық-педагогикалық   қолдауды  қамтамасыз ету 

Арнайы түзету оқу қызметі, шағын топпен, балалармен және ата-аналармен арнайы топтар мен инклюзивті оқытатын топтарда жеке және консультативтік жұмыс арқылы іске асырылады.

Ерекше білім берілу қажеттіліктері бар балаларға олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед, дефектолог, педагог - психолог арнайы түзету сабақтарын өткізеді.

Инклюзивті білім беру топтарын ашу кезінде келесі жағдайлар ескерілуі тиіс:

 - олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед, дефектолог   педагог – психолог, тьютор мамандарының болуы;

- ерекше  білім берілу қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру үшін арнайы жағдайлардың болуы, оның ішінде кедергісіз орта құру;

         - білім беру процесіне қатысушылардың ерекше білім берілу  қажеттіліктері бар балаларға толерантты қатынасын қалыптастыру бойынша алдын ала жұмыс жүргізу.

  • Ерекше білім берілу  қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін педагогтердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру:

        - түзету  жұмысының   мақсаттарын,  міндеттері  мен бағыттарын анықтауға бағытталған ерекше  білім берілу қажеттіліктері бар балаға кешенді психологиялық-педагогикалық   зерттеуді жүргізу;

        - инклюзивті  білім беру жағдайында  ерекше білім берілу қажеттілігі бар балалардың жеке білім  траекториясын жобалау және  жүзеге асыру;

        - ерекше  білім берілу қажеттіліктері бар балалардың білім алуы мен әлеуметтенуін қамтамасыз ететін біріңғай түзету психологиялық-педагогикалық кеңістігін құру аясында басқа мамандармен өзара бірлесіп әрекет ету;

        - ата-аналарды  түзету-педагогикалық міндеттерді  бірлесіп шешуге тарту арқылы жүзеге асады.


5. Педагогтің   кәсіби құзыреттілігі.


Кәсіби құзыреттілік-бұл еңбектің нәтижелілігі мен тиімділігін анықтайтын білім мен біліктің жиынтығы, бұл педагогтің жеке және кәсіби сапаларының оңтайлы үйлесімі.

Педагогтың қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормативтік – құқықтық актілер негізінде жүзеге асырылады.

Кәсіби құзыреттілікті дамытудың негізгі міндеті – шығармашылық даралық, педагогикалық инновацияларды қабылдауы, өзгермелі педагогикалық ортаға бейімделе білу қабілеті.

    Кәсіби құзыреттілік:

 - біліктілікті арттыру жүйесі; 

     - педагогикалық қызметкерлерді атқаратын лауазымына және біліктілік санатына сәйкес аттестаттаудан өткізу;

 -  педагогтардың өздігінен білім алуы; 

     - әдістемелік бірлестіктер, педагогикалық кеңестер, конференциялар, шеберлік сыныптары жұмысына белсенді қатысу:

    - заманауи білім беру, ақпараттық – коммуникациялық технологияларды, педагогикалық құралдарды меңгеру және оларды үнемі жетілдіру;

- түрлі жобаларға, зерттеу жұмыстарына қатысу; 

- озық тәжірибені зерделеу, өз педагогикалық тәжірибесін жариялау; 

    - тәлімгерлік арқылы жүзеге асырылады.

Педагогикалық қызметкердің кемінде бес жылда бір рет ұзақтығы төрт айдан аспайтын, біліктілігін арттыру курстарынан өтуге құқығы бар. (ҚР «Білім туралы» заңы  6-тармақша 2-тармақ 51-бап).

Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәлімгерлік

Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәлімгерлік  мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық қызметте еңбек өтілі жоқ, мектепке дейінгі ұйымда педагогикалық еңбек өтілі бар немесе еңбек өтілі 3 жылдан кем емес  жас мамандардың кәсіби қалыптасуына, сондай-ақ белгілі бір топта білім беру қызметін жүргізу үшін қосымша дайындықты қажет ететін тәрбиешілерге әдістемелік және практикалық көмек көрсету мақсатында енгізіледі.

Тәлімгерлердің кандидатуралары сараптама тобының отырыстарында қаралады, МДҰ басшысымен келісіледі және педагогикалық кеңесте бекітіледі.

       Тәлімгер ретінде келесідей   критерийлерге ие дайындалған мамандарды тағайындайды:

  • кәсіби дайындығы жоғары деңгейдегі;
  • дамыған коммуникативтік дағдылары мен қарым-қатынасқа икемділігі;
  • тәрбие және әдістемелік жұмыс тәжірибесі;
  • жұмыстағы тұрақты нәтижелері;
  • педагогикалық қызмет өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс. 

    Тәлімгерлердің қызметіне басшылықты МДҰ басшысы мен әдіскер жүзеге асырады.                                                                                                       

      Тәлімгерлердің жұмысын ынталандыру  үшін МДҰ басшылары МДҰ - ның педагогикалық кеңесінде  әзірленіп, бекітілген Ережеге сәйкес моральдық көтермелеу шараларын қарастыру керек.



Педагогикалық әдеп қағидаларын сақтау

         Әрбір педагог осы мәртебеге сәйкес болуы және  Қазақстан Республикасы Конституциясының, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей танылған адамгершілік қағидаттары мен нормаларын және Педагогикалық әдеп қағидаларын сақтауы тиіс.

        Білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері педагогикалық әдептің жалпы қағидаттары мен нормаларын басшылыққа алуға міндетті.

            Педагогикалық әдептің негізгі қағидаттары:             

- адалдық;

- әділдік;

- өзінің абыройын және қадір-қасиетін құрметтеу;

- жалпы адами құндылықтарды құрметтеу;

- кәсіби ынтымақтастық;

- үздіксіз кәсіби даму.

Педагог қызметкерлер өз қызметінде Қазақстан Республикасы педагог қызметкерінің жоғары атағының беделін түсіруге мүмкіндік туғызатын іс-әрекеттерді жасауға жол бермеуі тиіс, өзінің қызметтік міндеттерін адал және сапалы орындай отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қолдануы, өзінің шыншыл, адал және әділ мінез-құлқымен үлгі болуы тиіс.

Педагог өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезеңінде іскерлік киім үлгісінде болуы маңызды.

Білім беру ұйымдарында, білім беру ұйымдарынан тыс мінез-құлық мәдениеті педагогтің жоғары атағына сәйкес болуы тиіс. Педагог мектепке дейінгі білім беру саласының беделін түсіретін педагогика қағидалары мен талаптарына қайшы келетін мінез-құлыққа, интернет-кеңістіктегі пікірлерге жол бермеуі тиіс.

Педагог құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесі органдарына өмірде қиын жағдайға тап болған баланы анықтау фактілері туралы дереу хабарлауға міндетті.

Сондай-ақ, педагог құқық қорғау органдарына кәмелетке толмағандардың қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттер (әрекетсіздік) жасау фактілері туралы, ұйымдардан тыс жерде кәсіби қызметіне байланысты өзіне белгілі болған фактілер туралы хабарлауға тиіс.

Педагог тәрбиеленушілердің ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне  оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңес береді, оларға оқыту мен тәрбиелеудегі ортақ жауапкершілік қағидаларын түсіндіреді.

Сондай-ақ, білім беру ұйымдарында түрлі қажеттіліктерге (оқу-әдістемелік құралдарды сатып алу, жөндеу жұмыстары, туған күндер, мерекелерге және т.б.) ақша жинауға мәжбүрлеуге тыйым салынады. Барлық шығындар бюджетте қарастырылған.


Мектепке дейінгі білім беру саласын әдіснамалық қамтамасыз ету


098 «Мектепке дейінгі білім беру саласындағы әдіснамалық қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы аясында жыл сайын «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы бағдарламалар,  әдістемелік ұсынымдар, құралдар, бағдарламаларға нұсқаулықтар әзірлейді.

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының сайтында «Нормативтік құқықтық актілер» айдарында (Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты,  Үлгілік   оқу бағдарламасы, Үлгілік оқу жоспары, Білім беру процесін жоспарлау үлгілері, нормативтер тізбесі, сабақтардың үлгілік тақырыбы және т.б. қолданып ұйымдастыру бойынша әдістемелік-нұсқау хат) орналастырылған. 

Алдын ала жұмыс жоспары, республикалық конкурстарды өткізу туралы ережелері және өткізілген іс-шаралардың қорытындылары бар ақпарат орналастырылады.

2019 жылдың қаңтар айымен шілде айының аралығында  «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы  мынадай әдістемелік материалдар әзірледі;

            1.Мектепке дейінгі ересек жаста құрастыру дағдыларын қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар.

             2.«Ерте жастағы балаларға арналған заттық-дамытушы орта» стандарты.  

            3. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған аудио-ертегілер жинағы «Кәусар бұлақ».

            4.Ерте жастағы балаларды сенсомоторлық дамыту бағдарламасы. 

            5. Балаларды ерте жастан дамыту үшін психологиялық-педагогикалық жағдай құру бойынша мектепке  дейінгі ұйым педагогтерінің және ата-аналардың ынтымақтастығы бағдарламасы.

           6.Ерте жастағы  балалардың әлеуметтік дағдылары мен өзін-өзі үйрету дағдыларын қалыптастыру деңгейін   анықтау бойынша педагогтерге арналған әдістемелік ұсынымдар.


Әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram, ВКонтакте, WhatsApp) мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарының чаты ашылды, онда Орталық мамандары мектепке дейінгі білім беру бойынша өзекті ақпаратты орналастырады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің педагогтері мен мамандарына кешенді әдістемелік қолдауды «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының– www.rc-dd.kпорталы қамтамасыз етеді.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің қызметін реттейтін барлық нормативтік құқықтық актілер ҚР «Әділет» НҚА АҚЖ орналастырылған және әрбір педагогке қолжетімді болып табылады.






































1 Қосымша

Мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық құжаттардың тізбесі:

  1. Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына жолдауы.
  2. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына жолдауы. 
  3. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы. 
  4. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151 Заңы. 
  5. «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343 Заңы.  
  6. «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 306 Заңы.
  7. «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығы.
  8. жоба «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».  

9. жоба «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жоба  (ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 маусымдағы № 391 бұйрығының 1-қосымша) 

10.  «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» (ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығы). 

11. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілікті қалыптастыру мен оның қызметін және жолдамаларды беру процесін автоматтандыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар туралы, ҚР БҒМ 2017 жылғы 14 шілдедегі № 337 бұйрығы.

12. «Ойыншықтарды психологиялық-педагогикалық сараптамадан өткізу ережесін бекіту туралы» ҚР БҒМ 2008 жылғы 10 маусымдағы № 337 бұйрығы.

13. «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»   ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 17 қазандағы № 530 бұйрығы.

14. «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы. 

15. «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығы. 

 16. «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы»   ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығы

17. «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығы.




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив