ІІ кіші топтары » ГККП "Ясли сад №118"
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№118 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(727) 294-55-68
Әдіскер:
+7(727) 297-27-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
қаңтар
2019

ІІ кіші топтары

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 14 қыркүйекте № 14235 болып тіркелді


      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бекітілсін.

      2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;

      3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
 Білім және ғылым министрінің
 міндетін атқарушы

Э. Суханбердиева



Қазақстан Республикасы
 Білім және ғылым министрінің
 2016 жылғы 12 тамыздағы
 № 499 бұйрығымен бекітілген

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

1-тарау. Түсіндірме жазба

      1. Бағдарлама "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 14 баптарына, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді.

      2. Бағдарламаның мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік, дағдыларын, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясына негізделген жалпыадамзаттық құндылықтарға, ұлтжандылыққа және толеранттылыққа тәрбиелеу, сондай-ақ баланың мектепте оқуға әлеуметтік-психологиялық, тұлғалық, ерік-жігерлік, физикалық және зияткерлік даярлығы.

      3. Бағдарламаның міндеттері: баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін заттық-кеңістіктік дамытушы орта құру, мектепке дейінгі білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігі ұстанымдарын қамтамасыз ету, балалардың дене, зияткерлік, коммуникативтік, адамгершілік, эстетикалық дамуына бағытталған білім беру салаларын кіріктіру, әр жас тобында бағдарлама материалының мазмұнын игеруде балалардың дамуы мониторингін ұйымдастыру, мектепке дейінгі ұйым мен отбасының бірлескен ынтымақтастығы, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде ата-аналар қауымдастығының қажеттілігін қанағаттандыру.

      4. Бағдарлама баланың коммуникативтік дағдыларының қалыптасуына, танымдық және әлеуметтік мотивтерінің көрінуіне, қызығушылығы мен білім алуға деген құштарлығының дамуына ықпал етеді.

      5. Әр саладағы күтілетін нәтижелер сабақтардағы оқу мақсаттарының жүйесі арқылы беріледі.

      6. Бағдарламаның мазмұны балалардың дене және психологиялық дамуының келесі жас кезеңдерін қамтиды:

      Бөбек жасы – 1 жастан 3 жасқа дейін:

      ерте жас – 1 жастан 2 жасқа дейін (ерте жастағы топ);

      кіші жас – 2 жастан 3 жасқа дейін (бірінші кіші топ);

      Мектепке дейінгі жас – 3 жастан 6(7) жасқа дейін:

      мектепке дейінгі кіші жас – 3 жастан 4 жасқа дейін (екінші кіші топ);

      мектепке дейінгі орта жас – 4 жастан 5 жасқа дейін (ортаңғы топ);

      мектепке дейінгі естияр жас – 5 жастан 6 (7) жасқа дейін (5 жастан 6 жасқа дейін – мектепке дейінгі ұйымдағы ересектер тобы, 6 жастан 7 жасқа дейін – жалпы білім беретін мектептегі, лицейдегі, гимназиядағы мектепалды даярлық сыныбы).

      7. Бағдарлама меншік нысанына қарамастан, мектепке дейінгі ұйымдардың барлық түрлері мен типтеріне және мектепалды даярлық сыныптарына ұсынылады.

Екінші кіші топ

(3 жастан 4 жасқа дейін)

1-параграф. "Денсаулық" білім беру саласы

      75. "Денсаулық" білім беру саласының базалық мазмұны дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.

      76. Мақсаты денсаулықсақтау технологиясын қолдана отырып балалардың қимылдық белсенділігін дамыту және дене жаттығуларын орындауға қызығушылықтарын қалыптастыру болып табылады.

      77. Міндеттері:

      қимыл белсенділігін дамыту мен үйлестіру және дене жаттығуларына қызығушылықтарын қалыптастыру;

      денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене сапаларын: ептілік, төзімділік, икемділік, шапшаңдық, үйлесімділікті дамыту;

      жүру, жүгіру, секіру, лақтыру мен қағып алу, еңбектеу мен өрмелеудің негізгі қимыл түрлеріндегі қарапайым дағдыларды орындауды қалыптастыру;

      мәдени-гигиеналық дағдыларын қалыптастыру;

      салауатты өмір салты туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру.

2-параграф. І жартыжылдық

      78. Дене шынықтыру

      Жалпы дамытушы жаттығулар. Көзбен бағдарлай отырып, ауызша нұсқаулармен ойын түріндегі жаттығуларды (жануарлардың қозғалысына еліктеу) педагогпен бірге орындауға үйрету. Жаттығуларды заттармен және заттарсыз орындау.Қолға және иық белдеуіне, денеге, аяққа арналған жаттығулар қолдарын жоғарыға және жанына көтеру, бір қолындағы затты алдына әкеліп екінші қолына ауыстыру; қолдарын шапалақтау. Допты бір-біріне беру, аяқты өзіне қарай тарту, қалаш тәрізді дөңгелету, отырған, жатқан қалыпта екі аяқты созу, түрегеліп тұрған қалыптан солға, оңға, алға қарай еңкею. Отырып, аяқтың ішкі қырымен құм салынған қапшықты алу, екі аяғымен секіру.

      Негізгі қимылдар

      1) жүру. Белгілі бір тапсырмаларды орындау арқылы еркін жүру және жүгіру дағдыларын қалыптастыру: сапта бір-бірлеп, бірінің артынан бірі, тізені жоғары көтеріп жүру, аралықты сақтай отырып, бағытты өзгертіп қол мен аяқ қозғалыстарын үйлестіру, шеңбер бойлап, қол ұстасып, арқаннан ұстап, тоқтай қалып, жүрелеп, бұрылып, "жыланша", заттарды айналып өтіп, төбешікке шығып және төбешіктен түсіп саппен жүру;

      2) жүгіру. Белгілі бір тапсырмаларды орындау арқылы жүгіру дағдыларын қалыптастыру: сапта бір-бірлеп, бірінің артынан бірі, аяқтың ұшымен, қол мен аяқ қозғалыстарын үйлестіру, аралықты сақтай отырып, бағытты өзгертіп, шеңбер бойлап, тоқтай қалып, "жыланша", заттарды айналып өтіп, алаңның бір жағынан екінші жағына және т.с.с. жүгіру;

      3) секіру. Екі аяқтап басты затқа тигізе отырып, жоғары қарай 2-3 метр қашықтықта алға қарай жылжи отырып, тұрған жерінен ұзындыққа, 5-10 см биіктіктегі зат арқылы жерде жатқан жалпақ шеңберге секіру дағдыларын қалыптастыру;

      4) лақтыру, тастау, қағып алу. Бір-бірінен 1,5–2 метр арақашықтықта отырып, аяқты алшақ ұстаған қалпында допты домалату, қақпадан асыра лақтыру, допты екі қолымен көкірек тұсынан кері, екі қолмен жоғары, бастан асыра, жоғарыға, еденге (жерге) қарай төмен лақтыру, допты қағып алу машықтарын қалыптастыру. Көлденең нысанаға, алысқа, тура нысанға лақтыру;

      5) еңбектеу, өрмелеу. Тура бағытта 4–6 метр арақашықтықта, "жыланша", арасы алшақтанған заттар арасымен, еденге қойылған тақта бетімен, 40 см биіктіктегі доғамен, арқанмен, еңіс тақта бойымен, бөрене арқылы орындық аяқтары арасымен еңбектеу дағдыларын қалыптастыру;

      6) тепе-теңдікті сақтау. Тепе-теңдікті сақтай отырып, бір-бірінен 10 см қашықтықта орналасқан тақтай бойымен, еңіс тақта бойымен (20-30 см) жүру дағдыларын қалыптастыру;

      7) сапқа қайта тұру. Сапқа бір-бірден, шеңберге кішігірім топтармен және тұтас топпен қайта тұру дағдыларын қалыптастыру (тәрбиешінің көмегімен, бағдар бойынша).

      Спорттық жаттығулар

      1) шанамен сырғанау. Биік емес төбеден бір-бірін сырғанату біліктерін қалыптастыру;

      2) сырғанау. Ересектердің көмегімен мұзды жолдармен сырғанау дағдыларын қалыптастыру;

      3) велосипед тебу. Үш дөңгелекті велосипед тебу дағдыларын қалыптастыру;

      4) жүзуге дайындық. Суға түсу, судан шығу, суда ойнау дағдыларын қалыптастыру.

      Сауықтыру-шынықтыру шаралары. Шынықтыру шараларын жүргізу. Тыныс алу жаттығуларын жүргізу.

      Күтілетін нәтижелер:

      жануарлардың қимылдарына еліктеп, дене жаттығуларын орындай алады;

      негізгі қимыл түрлерін орындайды;

      биік емес төбешіктен сырғанайды, бір-бірін сырғанатады;

      үш дөңгелекті велосипедті тебудің дағдыларын меңгерген;

      өз-өзіне қызмет көрсетудің бастапқы дағдыларына, салауатты өмір салты туралы түсініктерге ие.

3-параграф.ІI жартыжылдық

      79. Дене шынықтыру

      Жалпы дамытушы жаттығулар: қолға және иық белдеуіне, денеге, аяққа арналған жаттығулар: қолдарын жоғары, екі жаққа созып көтеру; затты бір қолдан екінші қолға алдыңғы жақтан, арқа жақтан, бастан жоғары жақтан ауыстыру; қолды алға созып, бастан жоғары көтеріп, артқа шапалақтау. Допты бір-біріне бастан асыра беру (алға-артқа), шалқасынан жатып, екі аяғын бірге көтеру, түсіру, велосипед теуіп келе жатқандай аяқтарын қимылдату, түрегеліп тұрып солға, оңға, алға, артқа еңкею, шалқасынан етпетіне аунап түсу және керісінше. Қатарынан 2-3 рет жартылай отырып-тұру, қолды алға созып, қолды тізеге таянып отырып-тұру, тізеден бүгілген аяқты кезек-кезек көтеру; жерге отырып, құм салынған қапшықты табанмен қармау, екі аяқпен секіру.

      Негізгі қимылдар

      1) жүру. Нық қадаммен алға, нық қадаммен артқа жүру, тізені биікке көтере отырып жүру;

      2) жүгіру. Әртүрлі бағыттарда, жылдам (10-20 метр) және баяу (50-60сек.) қарқында жүгіру дағдысын қалыптастыру;

      3) секіру. Бір аяқтан бір аяққа секіру, тура секіру; екі аяқпен секіру (аяқтар бірге-аяқтар алшақ), тереңдікке (15–20 см биіктіктен) секіру дағдыларын қалыптастыру;

      4) лақтыру, тастау, қағып алу. Көлденең нысанаға, алысқа лақтыру, тура нысанға оң және сол қолмен тік нысанаға көздеп лақтыру, допты тәрбиешіден 1–1,5 метр арақашықтықта лақтыру, үлкен допты екі қолмен арқаннан, тордан өткізе лақтыру дағдыларын қалыптастыру;

      5) еңбектеу, өрмелеу. Еденге тігінен тұрған құрсаудан еңбектеу, доғаның астымен өрмелеу, гимнастикалық қабырға бойымен жоғары өрмелеу және одан төмен түсу дағдыларын қалыптастыру;

      6) тепе-теңдікті сақтау. Тура жолмен, тақтай бойымен, арқан бойымен жүру кезінде тепе-теңдікті сақтау дағдыларын қалыптастыру;

      7) сапқа қайта тұру. Өз бетінше сапқа тұру, шеңбердегі өз орнын табу (бағдары бойынша) дағдыларын қалыптастыру.

      Спорттық жаттығулар

      1) шанамен сырғанау. Биік емес төбеден бір-бірін сырғанату біліктерін қалыптастыру;

      2) велосипед тебу. Үш дөңгелекті велосипед тебу дағдыларын жетілдіру;

      3) жүзуге дайындық. Суға түсу, судан шығу, суда ойнау дағдыларын қалыптастыру.

      Дербес қимыл белсенділігі

      Дербес қимыл әрекеттеріне, дене шынықтыру жабдықтары мен құралдарын пайдалану қызығушылығына қолдау көрсету.

      Сауықтыру-шынықтыру шаралары.

      Шынықтыру шараларын жүргізу, жаттығулар мен массаж жасау.

      Күн тәртібіне сәйкес балалардың күн сайын таза ауада болуын қамтамасыз ету.

      Дағдыларын қалыптастыру:

      1) мәдени-гигиеналық шараларды орындау;

      2) ересектердің көмегімен шынығу тәсілдерін орындау.

      Күтілетін нәтижелер:

      негізгі қимылдарды орындайды;

      бір-бірден, шеңберге қайта тұрады, саптағы өз орнын табады;

      денені жалпы дамытушы жаттығуларды орындағанда қажетті бастапқы қалыпты қабылдайды, жаттығулардың орындалу ретін сақтайды;

      биік емес төбеден сырғанайды, бір-бірін сырғанатады;

      үш дөңгелекті велосипед тебе алады;суға түседі, суда ойнайды;

      мәдени-гигиеналық дағдыларды орындауда дербестік танытады.

4-параграф. "Коммуникация" білім беру саласы

      80. "Коммуникация" білім беру саласының базалық мазмұны сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, орыс тілі (қазақ тілінде оқытылатын топтарда) ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.

      81. Мақсаты инновациялық әдістер мен технологияларды қолдана отырып, әлеуметте қарым-қатынас жасау үшін тілді игеру және коммуникативтік дағдыларды дамыту болып табылады.

      82. Міндеттері:

      балалардың іс-әрекетінің түрлі нысандары мен түрлерінде ауызекі сөйлеуін дамыту;

      әдеби тілде сөйлеуді дамыту;

      сөз өнеріне баулу;

      қарым-қатынас мәдениетіне, көркем қабылдау мен эстетикалық талғамға тәрбиелеу;

      дидактикалық және дамытушы ойындар мен жаттығуларды қолдану арқылы сөздік қорын байыту.

5-параграф. І жартыжылдық

      83. Сөйлеуді дамыту

      Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті

      Дағдыларды қалыптастыру:

      1) дыбыстарды айта білуге;

      2) дыбыстардың артикуляциясын нақтылау және бекіту;

      3) артикуляциялық аппаратты дамыту.

      Сөздік қор:

      1) ойын мен ойын жаттығулары арқылы сөздік қорын кеңейту;

      2) заттардың бөлшектерін ажыратуға және атауға үйрету;

      3) балалардың сөйлеу тілін заттардың қасиеті мен сапасын білдіретін сөздермен байыту;

      4) жалпы белгілері бойынша заттарды топтастыру (ойыншықтар, киімдер, аяқкиімдер, ыдыстар, жиһаздар).

      Тілдің грамматикалық құрылымы:

      1) сөздерді жіктелуіне, септелуіне қарай байланыстыру,

      2) зат есімдерді үстінде, астында, артында, жанында тәрізді көмекші сөздермен бірге қолдану;

      3) сөйлеуде зат есімдерді жекеше, көпше түрде қолдану.

      Байланыстырып сөйлеу:

      Дағдыларды қалыптастыру:

      1) суреттерді, заттарды қарастыруда, тірі және өлі табиғат нысандарын бақылау кезінде байланыстырып сөйлеу;

      2) шағын тақпақтар мен өлеңдерді жаттау;

      3) ересектердің сөзін тыңдау және түсіну;

      4) сөйлеу әдебінің сәйкес түрлерін дұрыс қолдану;

      5) ересектермен әңгімелесу кезінде берілген сұрақтарды тыңдау және түсіне білу;

      6) кейіпкерлерді сипаттау үшін дауыс ырғағының мәнерлі қарапайым тәсілдерін қолдану;

      7) сөз және сөз ұйқастарына құрылған ойындарға қызығушылыққа, назар аударуға тәрбиелеу;

      8) таныс ертегілерді ойнауға және сахналауға ынталандыру, қызығушылығын ояту.

      Күтілетін нәтижелер:

      дауысты және дауыссыз дыбыстарды анық айтады;

      дұрыс сөйлеу қарқынына ие;

      қоршаған ортаға қатысты түрлі сұрақтарға жауап береді;

      барлық сөз таптарын қолданады;

      қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолданады;

      сөздерді жекеше, көпше түрде және септік жалғауларын қолданады.

      84. Көркем әдебиет

      Оқу, әңгімелеу

      Балаларды:

      1) ертегілердің мазмұнын түсінуге, тыңдауға, бейнелі сөздерді есте сақтауға;

      2) кейіпкерлерді ойнағанда мінез-құлқын бере білуге, интонациясын қабылдауға;

      3) тақпақтарды, өлеңдерді мағыналы, асықпай және дыбыстарды анық айтуға;

      4) кейіпкерге, оқиғаларға өзінің көзқарасын білдіруге баулу.

      Күтілетін нәтижелер:

      әдеби шығармалардың мазмұнын тыңдайды және түсінеді;

      бейнелі сөздерді қолданады;

      таныс ертегілерді сахналауға қатысады;

      әдеби шығарма кейіпкерлерінің дауыс ырғағы мен мәнерлігін сақтайды;

      сюжетті эмоционалды қабылдайды, кейіпкерлерге жанашырлық танытады;

      тақпақтарды, өлеңдерді мәнерлеп оқиды.

      85. Русский язык

      Звуковая культура речи:

      Научить детей слушать, запоминать и правильно произносить русскую речь. Развитие артикуляционного аппарата. Обучение произношению гласных звуков русского языка: а,о,у,е,е,и,ы,э,ю,я.

      Словарный запас

      Формирование навыков:

      1) понимания и восприятия названий игрушек, некоторых предметов быта, овощей и фруктов, животных;

      2) выполнения просьбы воспитателя, дальнейшее расширение словарного запаса детей и правильное произношение слов на русском языке;

      3) названия некоторых предметов ближайшего окружения;

      Грамматический строй речи

      Обучение словам, обозначающим признаки предметов по величине, по цвету, действие предметов, пониманию словосочетаний и составление их способом согласования (существительное и прилагательное, существительное и глагол).

      Связная речь

      Составление простых предложений.

      1) понимания простых вопросов и правильного ответа на них в виде короткого предложения;

      2) запоминания детьми коротких стишков и песен.

      Развитие связной речи и умение правильно ставить ударение в словах при произношении.

      Ожидаемые результаты:

      умеет правильно произносить гласные звуки русского языка: а, о, у, е, е, и, ы, э, ю, я;

      умеет слушать и понимать простую речь;

      умеет составлять простые предложения;

      употребляет в речи       имена существительные в форме единственного и множественного числа;

      применяет необходимые слова и словосочетания при обыгрывании сказок;

      слушает, понимает, запоминает образные слова;

      умеет читать наизусть небольшие потешки и стихотворения при помощи взрослого, передавая свое отношение к содержанию;

      знает о качестве, свойствах, различии, названии предметов на русском языке и их предназначение;

      понимает простые вопросы и умеет правильно отвечать на них короткими предложениями на русском языке.

6-параграф. ІІ жартыжылдық

      86. Сөйлеуді дамыту

      Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті:

      1) тілдегі дыбыстарды дұрыс айта білуін және зейін қойып тыңдауын жетілдіру;

      2) сөздерде дауысты және кейбір дауыссыз (п-б, т-д, к-г, ф-в,с-з-ц) дыбыстарды анық айта білуін қалыптастыру;

      3) сөйлеу қарқынын өзгерте білуге үйрету: баяу сөйлеу, жаңылтпаштар оқу;

      Сөздік қор:

      1) сөздік қорын сөздік ойындар мен жаттығулар арқылы байыту;

      2) зат бөліктерін ажырату және атай білу;

      3) балалардың тілін заттың сапасы мен қасиеттерін білдіретін сөздермен байыту;

      4) заттарды жалпы және ерекше белгілері бойынша топтай білу;

      5) сөздерге қызығушылығын арттыру, зейінін жетілдіру, балалардың сөздік қорына антонимдер – мағынасы қарама-қарсы сөздерді енгізу.

      Тілдің грамматикалық құрылымы:

      1) қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолдану;

      2) сөздерді жіктелуіне, септелуіне қарай байланыстыру, зат есімдерді үстінде, астында, артында, жанында тәрізді көмекші сөздермен бірге қолдану;

      3) сөйлеуде зат есімдерді жекеше, көпше түрде қолдану.

      Байланыстырып сөйлеу

      Дағдыларды қалыптастыру:

      1) суреттерді, заттарды қарастыруда, тірі және өлі табиғат нысандарын бақылау кезінде байланыстырып сөйлеу;

      2) шағын тақпақтар мен өлеңдерді жаттау;

      3) тілдік қарым-қатынас мәдениетін дұрыс қолдану;

      4) ересектермен әңгімелесу кезінде берілген сұрақтарды тыңдау және түсіне білу;

      5) кейіпкерлерді сипаттау үшін дауыс ырғағының мәнерлі қарапайым тәсілдерін қолдану;

      6) сөз және сөз ұйқастарына құрылған ойындарға қызығушылық таныту;

      7) таныс ертегілерді ойнауға және сахналауға деген ынтасын, қызығушылығын ояту.

      Күтілетін нәтижелер:

      сөйлеу мәнерінің тәсілдерін (сөйлеу қарқыны, интонация) сақтайды;

      тілдегі барлық дыбыстарды анық айтады;

      заттарды, суреттерді қарастыруда сұрақтарға жауап береді;

      қысқа әңгімелерді және ертегілерді мазмұндайды, заттар мен құбылыстардың белгілері мен сапасын ажыратады;

      қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолданады;

      зат есімдер мен көмекші сөздерді қолданады "үстінде, астында, артында, жанында".

      87. Көркем әдебиет

      Оқу, әңгімелеу

      Балаларға:

      1) оқиғаны эмоционалды қабылдауға;

      2) кейіпкерлерге жанашырлық танытуға;

      3) шығарма жанрларын (тақпақ, ертегі, әңгіме және тағы басқа) ажыратуға;

      4) суреттер бойынша таныс шығармаларды тануға, сұрақтарға жауап беруге;

      5) мәнерлі, мағыналы, эмоционалды түрде жатқа айтуға;

      6) халық өлеңдерінің ырғағы мен ұйқасын білуге үйрету.

      Күтілетін нәтижелер:

      шығарма жанрларын (тақпақ, ертегі, әңгіме және тағы басқа) ажырата алады;

      оқиғаны эмоционалды қабылдайды; суреттер бойынша таныс шығармаларды атайды, олар бойынша сұрақтарға жауап береді;

      өлеңдерді саналы, эмоционалды түрде жатқа айтады;

      ертегі кейіпкерлеріне жанашырлық танытады.

      88. Русский язык

      Звуковая культура речи.

      1) закрепление навыков слушания сказок, рассказов, коротких стихов и песен на русском языке и правильной постановки ударения при произношения слов.

      2) совершенствование навыков развития артикуляционного аппарата.

      Словарный запас

      Формирование навыков:

      1) произношения слов на русском языке, обозначающих названия некоторых предметов ближайшего окружения, признаки предметов по величине и по цвету;

      2) понимания и согласования слов в словосочетаниях. Закрепление умений:

      3) понимать простые вопросы и отвечать на них в виде короткого предложения.

      Грамматический строй речи

      1) составление простых предложений для описания игрушек, фруктов, предметов ближайшего окружения по образцу взрослого.

      2) употребления в речи имен существительных в единственном и множественном числе.

      Совершенствование навыков:

      1) запоминания коротких стишков и песен;

      2) понимания простого предложения из 2-3 слов.

      Связная речь

      Развитие связной речи и умения правильно ставить ударение в словах при произношении. Обучение умению слушать, понимать, рассказывать и читать наизусть короткие стихотверения.

      Ожидаемые результаты:

      произносит правильно слова, вслушивается в их звучание;

      рассматривает сюжетные картинки и составляет простые предложения;

      называет все действия, предметы и явления, их признаки и качества;

      слушает и понимает речь взрослого;

      отвечает на вопросы взрослого, касающиеся ближайшего окружения на русском языке;

      умеет составлять связную речь;

      пересказывает содержание сказок и коротких рассказов;

      читает наизусть небольшое стихотворение;

      умеет описать знакомые игрушки, фрукты, овощи простыми предложениями из 2-3 слов.

      знает и называет некоторые растения, животных и их детенышей на русском языке.

7-параграф. "Таным" білім беру саласы

      89. "Таным" білім беру саласының базалық мазмұны қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, құрастыру, жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.

      90. Мақсаты инновациялық әдістер мен технологияларды қолдана отырып, интеллектуалдық       қабілеттерін, логикалық       ойлауын дамыту және қоршаған ортаның біртұтастығы туралы білімдерін қалыптастыру болып табылады.

      91. Міндеттері:

      қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру;

      өз ойы бойынша құрылыстарды жасауға, оларды мазмұн бойынша біріктіруге және олармен ойнауға ынтасын тәрбиелеу;

      көрнекі-қимылдық ойлауды және шығармашылық қиялдауды дамыту;

      тірі және өлі табиғат туралы білімдерін, табиғатта өзін ұстау туралы ережелерді және қарапайым өзара байланыстар туралы білімдерін байыту;

      табиғатқа сүйіспеншілікке және ұқыпты қарауға баулу.

8-параграф І жартыжылдық

      92. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

      Сан. "Көп", "біреу", "бір-бірден", "бір де біреуі жоқ" ұғымдары туралы түсініктерін қалыптастыру.

      Дағдыларды қалыптастыру:

      1) біртекті заттардан топтар құрастыру және олардың біреуін бөліп көрсету;

      2) бөлмедегі заттарды ажырату және олардың санын анықтау;

      3) заттарды салыстыру;

      4) заттардың бір тобын екіншісіне бірізділікпен беттестіру және қосу;

      5) заттарды бір қатарға, реті бойынша, бір бағытта солдан оңға қарай оң қолымен орналастыру.

      Шама. Шама бойынша заттардың әртүрлі болатыны туралы түсінік беру.

      Дағдыларды қалыптастыру:

      1) ұзындығы мен ені бойынша екі қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру;

      2) биіктігі мен қалыңдығы бойынша екі қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру.

      Геометриялық пішіндер. Балаларды геометриялық пішіндерді тануға және атауға үйрету: шеңбер, шаршы, үшбұрыш, түйсіну және көру арқылы пішін түрлерін зерттеуге үйрету.

      Дағдыларды қалыптастыру:

      1) геометриялық пішіндерді тану және атау;

      2) пішін түрлерін зерттеу.

      Кеңістікте бағдарлау. Өзінің дене бөліктерінің орналасу бағдарын білуге үйрету.

      Дағдыларды қалыптастыру:

      1) өзіне тікелей жақын кеңістік бағдарын анықтау, заттарды сол жақтан оң жаққа қарай орналастыру.

      2) өзінің дене бөліктерін (басы, аяғы, қолдары) бағдарлау және атау.

      Уақытты бағдарлау

      Дағдыларды қалыптастыру:

      тәулік бөліктерін тану және атау - таңертең, күндіз, кеш, түн.

      Күтілетін нәтижелер:

      бір затты топтан бөледі және топтарға біріктіре алады;

      біртекті заттарды құрастырады және бөліп алады;

      заттарды қатарға реті, шамасы бойынша оң қолымен солдан оңға қарай қояды;

      екі қарама-қарсы және бірдей заттарды ұзындығы мен ені, биіктігі бойынша беттестіру және тұстастыру арқылы салыстырады;

      геометриялық пішіндерді таниды және атайды: дөңгелек, шаршы, үшбұрыш; өзіне қатысты кеңістікті бағдарлай алады;

      тәулік бөліктерін – таңертең, күндіз, кеш, түнді таниды және атайды.

      93. Құрастыру

      Құрылыс материалдарынан құрастыру

      Дағдыларды қалыптастыру:

      1) әртүрлі түстегі және пішіндегі бөлшектерден қарапайым құрылыстар құрастыру;

      2) бөлшектерді орналастыру және кірпіштерді қалау, пластиналарды тік бағытта және көлденең орналастыру тәсілдерін пайдалану;

      3) ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан құрастыру;

      4) көп түсті құрылым құрастыру;

      5) үлгі бойынша құрастыру;

      6) қағазды бүктеу, жырту, шиыршықтау тәсілдерін пайдаланып, қағаз беттерін көлемді пішіндерге түрлендіру.

      Күтілетін нәтижелер:

      әртүрлі түстегі және пішіндегі бөлшектерден қарапайым құрылыстар құрастыра біледі;

      құрылыс бөліктерін ажыратады және атайды; өзі құраған құрылысын қуыршақтың, ойыншықтардың өлшемдерімен үйлестіреді;

      сюжеттік ойын міндеттерін пайдалана отырып, ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан заттар құрастыра алады;

      түрлі тәсілдерді пайдаланып, қағаз беттерін түрлендіреді.

      94. Жаратылыстану

      1) тірі және өлі табиғат құбылыстары туралы білімді қалыптастыру.

      2) ауа-райының жағдайын анықтау, табиғат құбылыстарын (маусымдық) бақылау дағдыларын қалыптастыру.

      Өсімдіктер әлемі

      Туған өлкенің кейбір өсімдіктері, көкөністері мен жемістері туралы қарапайым ұғымдарды қалыптастыру, бөлме өсімдіктерінің түрлері (шегіргүл, қазтамақ, бегония және тағы басқа) олардың айырмашылықтары туралы білімді қалыптастыру.

      Жануарлар әлемі

      Үй жануарлары мен олардың төлдері туралы білімдерін бекіту.

      Жабайы аңдар мен Қазақстанның жер аумағында тіршілік ететін үй жануарлары мен аңдар туралы ұғымдарды қалыптастыру, табиғат бұрышының тіршілік иелерін бақылау дағдыларын қалыптастыру.

      Күтілетін нәтижелер:

      ауа-райының жағдайын анықтай алады;

      туған өлкенің кейбір өсімдіктері туралы ұғымдарға ие;

      кейбір көкөністер мен жемістерді дәмінен ажыратады және атайды;

      жануарлар мен олардың төлдерін өздеріне тән белгілері бойынша ажыратады және атайды;

      құстардың мінез-құлқындағы ерекшеліктерге назар аударады;

      табиғат бұрышының тіршілік иелеріне қызығушылық танытады;

      табиғатта өзін ұстай білу ережелері туралы біледі.

9-параграф. ІI жартыжылдық

      95. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

      Сан. "Көп", "біреу", "бір-бірден", "бір де біреуі жоқ" ұғымдарын ажырату дағдыларын жетілдіру; екі тең немесе тең емес заттар тобын салыстыра білу, бір топтағы заттарды екінші топтағы заттарға беттестіру және тұстастыру тәсілдерін пайдалану.

      Шама. Екі қарама-қарсы және бірдей заттарды ұзындығы, ені, биіктігі мен жуандығы бойынша салыстыра білуді бекіту.

      Геометриялық пішіндер

      Геометриялық пішіндер туралы білімдерін нақтылау: дөңгелек, шаршы, үшбұрыш.

      Кеңістікті, уақытты бағдарлау

      Кеңістікті және уақытты бағдарлауға үйрету. Тәуліктің қарама-қарсы бөліктерін анықтауға үйрету.

      Күтілетін нәтижелер:

      "көп", "бір", "бір-бірден", "бірде-біреуі жоқ" түсініктерін біледі;

      ұзындығы, ені, биіктігі, жуандығы бойынша бірдей екі әртүрлі және бірдей заттарды салыстыруды біледі;

      салыстыру нәтижесін сөзбен жеткізеді;

      геометриялық пішіндерді біледі;

      кеңістік пен уақытты бағдарлай біледі;

      оң және сол қолдарын ажырата алады.

      96. Құрастыру

      1) құрылыс материалдарынан құрастыру

      2) құрылыс материалының негізгі бөлшектері, олардың бөлшектері туралы білімді қалыптастыру, оларды түсі, шамасы бойынша тану. Сюжеті бойынша біріктіру және ойнау арқылы құрылыс салу кезінде шығармашылық қиялды қалыптастыру.

      3) қағаздан құрастыру. Қағаз беттерін көлемді пішіндерге өзгертуге үйрету.

      Күтілетін нәтижелер:

      құрылыс материалдарының бөліктерін біледі және атайды,оларды түрлі тәсілдермен орналастырады;

      түсі және көлемі бойынша ажырата алады;

      қарапайым құрылыстарды құрастырады;

      түрлі құрастыру       тәсілдерін қолдана отырып қағаз парағын түрлендіреді.

      97. Жаратылыстану

      Өсімдіктер әлемі

      1) туған өлкенің кейбір өсімдіктері, көкөністері мен жемістері туралы қарапайым ұғымдарды қалыптастыру. Жуа және гүлдердің және тағы басқа тұқымдарын (шырайгүл, барқытгүл) бақылау.

      2) бөлме өсімдіктерінің түрлері (шегіргүл, қазтамақ, бегония, қырмызыгүл, қоңыраугүл және тағы басқа) олардың айырмашылықтары туралы білімді қалыптастыру.

      Жануарлар әлемі

      Үй жануарлары мен олардың төлдері туралы білімдерін бекіту.

      Қазақстанның жер аумағында тіршілік ететін жабайы аңдар туралы ұғымдарды қалыптастыру.

      Табиғат бұрышының тіршілік иелерін бақылау дағдыларын қалыптастыру.

      Күтілетін нәтижелер:

      ауа-райының жағдайын анықтай алады;

      туған өлкенің кейбір өсімдіктері туралы біледі;

      гүлдейтін шөпті өсімдіктерді өзіне тән сипаты бойынша, көкөністер мен жемістерді дәмі бойынша атайды және ажыратады;

      жануарлар мен олардың төлдерін өздеріне тән белгілері бойынша атайды және ажыратады;

      қардың, судың, құмның қасиеттерін біледі;

      табиғатта өзін ұстай білу ережелерін түсінеді.

      10-параграф. "Шығармашылық" білім беру саласы

      98. "Шығармашылық" білім беру саласының базалық мазмұны сурет салу, мүсіндеу, аппликация, музыка ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.

      99. Мақсаты балалардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамын дамыту болып табылады.

      100. Міндеттері:

      бейнелеу өнеріне қызығушылықты қалыптастыру, шығармашылық ойлауы мен қиялдауын дамыту;

      көзбен қол үйлесімін дамыту;

      қарапайым заттарды, құбылыстарды, ертегі кейіпкерлерінің пішінін, түстерін, бөліктердің орналасуын бере отырып, бейнелеу біліктері мен дағдыларды қалыптастыру;

      өнер туындыларымен, халық ойыншықтарымен, қазақ және басқа халықтардың сәндік-қолданбалы өнер туындыларымен таныстыруды жалғастыру;

      қоршаған шынайы әлемнің эстетикалық жағына қызығушылықты, балалардың өз ойын білдіруі мен музыкалық қабілеттіліктерін дамыту;

      балалардың өнімді іс-әрекетінің түрлерін дамыту;

      балаларды тұтас қағаз парағына бейнелерді орналастыруға үйрету.

10-параграф. І жартыжылдық

      101. Сурет салу

      Заттық сурет салу. Түрлі бағытта тура сызықтарды, олардың қиылысуын жүргізе білуді қалыптастыру.

      1) көкөністер мен жемістерді, ыдыстарды, ойыншықтарды, жануарларды бейнелеу, дөңгелек пішінді заттардың суретін салу (шарлар, бұлт, күн).

      2) бірнеше көлденең және тік сызықтардан заттар салуды (дуал); салынған пішіндерді бояуды, дәстүрден тыс сурет салу (саусақтарымен және алақандарымен, түрлі- түсті борлармен) дағдыларын қалыптастыру:

      Сәндік сурет салу. Элементтердің пішінін, реттілігін, олардың арасындағы қашықтықты ескере отырып, ою-өрнектерді жазықтыққа орналастыру дағдыларын қалыптастыру.

      Сюжеттік сурет салу, ойлауы бойынша сурет салу. Қоршаған әлемнің, өнер туындыларының әсемдігіне, тұрмыстық заттарға, қазақ және басқа ұлттардың ойыншықтарына эмоционалды-эстетикалық талғам дағдыларын қалыптастыру.

      Қарапайым табиғат құбылыстарын, ертегі кейіпкерлерін бейнелеуге баулу.

      Күтілетін нәтижелер:

      сурет салу техникасының бастапқы дағдыларына ие;

      сызықтарды, штрихтарды, дақтарды, бояуларды ретімен қолдана біледі;

      негізгі түстерді дұрыс атайды;

      қарапайым сюжеттік композицияларды құрайды, қағаз бетіне бейнені тұтас орналастыра алады;

      пішіндерді бояудың бастапқы дағдыларын игерген; сурет салудың дәстүрден тыс техникасына қызығушылық танытады.

      102. Мүсіндеу

      Заттық мүсіндеу

      1) сазбалшықтың, ермексаздың қасиеттерімен танысу дағдыларын жетілдіру. Сазбалшық, қамыр, ермексаз кесектерінен бөліп алу, дөңгелектеу, ширату, созу тәсілдерін пайдалана отырып, көкөністер мен жемістерді, кейбір заттарды, азық-түлік тағамдарын мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.

      2) алақандарының арасында, жазықтықта түзету және домалақтау қозғалыстары арқылы кесектерді жаю, элементтерді қарапайым заттарға (ыдыстар, ойыншықтарды мүсіндеу) біріктіру білігін жетілдіру.

      Күтілетін нәтижелер:

      сазбалшықтың, ермексаздың және қамырдың кейбір қасиеттерін біледі;

      мүсіндеудің әртүрлі тәсілдерін пайдаланады;

      1-3 бөліктен тұратын заттарды жая алады;

      мүсіндеуге қажетті негізгі техникалық дағдылар мен біліктерді игерген.

      103. Аппликация

      Дағдыларды қалыптастыру:

      1) дайын пішіндерден заттардың бейнесін жасауға үйрету;

      2) бейнеленген заттарға сәйкес түстерді таңдау;

      3) желімдеудің техникасы;

      4) ересектер даярлаған ірі және барынша ұсақ элементтерді орналастыру мен желімдей білуі;

      5) желімді қылқаламға ұқыпты түрде жағып алу,

      6) жаймадағы дайын пішіндерге жағу;

      7) желім қалдықтарын жою үшін майлықты пайдалану.

      Күтілетін нәтижелер:

      желімдеу техникасының бастапқы дағдыларын игерген;

      бейнеленетін заттарға сәйкес түрлі-түсті қағаздардан дайын пішіндерді таңдай алады;

      ересектер даярлаған ірі және барынша ұсақ элементтерді орналастырады және желімдейді;

      оюдың әсемдігін, орналасуын байқайды, оларды бөліктерге бөледі;

      желім қалдықтарын жою үшін майлықты пайдаланады.

      104. Музыка

      Музыка тыңдау

      Дағдыларды қалыптастыру:

      1) түрлі сипаттағы әндердің мазмұны мен көңіл күйін қабылдау;

      2) түрлі сипаттағы аспапта орындалған пьесаларды тыңдау, есте сақтау;

      3) пьесаның көңілді мазмұнына эмоциялы көңіл-күй танытады;

      4) балалар аспаптарының, музыкалық және шулы ойыншықтардың дыбысталуын ажыратады;

      5) ересектердің орындауындағы және аудио-бейне үн таспадан музыка тыңдау.

      Ән айту

      Дыбыстаудың бірыңғай күшімен бірдей қарқында ән салу, ересектермен бірге ән салу, аспаптың сүйемелдеуіндегі даусына бейімделу дағдыларын қалыптастыру.

      Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар

      Дағдыларды қалыптастыру:

      1) бірінің артынан бірі жүру барысында би ырғағын, музыканың би сипатын игеру;

      2) әуенмен бірге би қозғалыстарының қарапайым элементтерін орындау;

      3) әуен сипатына үн қату, оның бөліктерінің өзгеруін байқау;

      4) жоғары және төмен дыбыстауды ажырату, оны ойын әрекеттерінде байқау;

      5) сылдырмақтарды тыңдау және олардың дыбыстау динамикасын ажырату.

      Күтілетін нәтижелер:

      таныс әндерді, пьесаларды біледі;

      музыканың сипатын сезінеді: ән, марш;

      музыкалық және шулы ойыншықтардың, балаларға арналған аспаптардың дыбысталуын ажыратады;

      билейтін әуендерге сәйкес қарапайым қимылдар орындайды.

12-параграф ІI жартыжылдық

      105. Сурет салу

      Заттық сурет салу

      Дағдыларды қалыптастыру:

      1) төртбұрышты пішіндегі заттарды бейнелеу, оларды дөңгелек пішіндегілермен үйлестіру;

      2) бірнеше тік және көлденең сызықтардан заттарды салу (дуал, ағаш);

      3) жануарлардың суретін салу дағдыларын жетілдіру;

      4) салынған пішіндерін бояуды (штрихтау, мақталы таяқшаларымен бояу);

      5) дәстүрден тыс сурет салуды (құмда саусақпен немесе таяқшамен, алақандарымен, асфальтта түрлі-түсті борлармен) салуды.

      Сәндік сурет салу

      Бейнелеу әрекетіне, халық шығармашылығының туындыларына деген қызығушылықты тәрбиелеу. Қазақ ою-өрнектері элементтерінің суретін салу дағдыларын бекіту. Қазақ мәдениетінің тұрмыстық заттарымен таныстыру.

      Дағдыларды қалыптастыру:

      1) түстерді тану мен ажырату: қызыл, сары, жасыл, көк, қара, ақ;

      2) бормен асфальтқа, таяқпен құмға сурет салу, жолақта және бұрыштарға қазақ ою-өрнектерінің қос элементін салу.

      Сюжеттік сурет салу, ойлауы бойынша сурет салу

      Дағдыларды қалыптастыру.

      1) сурет салудың дәстүрлі емес тәсілдерін қолдану;

      2) қарындаш, қылқалам, бояу, гуашьты пайдалану;

      3) негізгі түстер мен олардың реңктерін пайдалану;

      4) таяқпен құмға, бормен асфальтқа сурет салу;

      5) ойлау бойынша дербес сурет салу.

      Күтілетін нәтижелер:

      сурет салу кезінде қарындашты, фломастерді, қылқаламды қолында еркін ұстай біледі;

      түстерді таниды;

      төртбұрышты пішіндегі заттарды, оларды дөңгелек пішіндегі бейнелермен сәйкестендіріп бейнелей алады;

      күрделі емес сюжеттік композициялар құрастыра біледі;

      бормен асфальтқа, таяқпен құмға сурет салады;

      пішіндерді бояудың бастапқы дағдыларын игерген.

      106. Мүсіндеу

      Заттық мүсіндеу

      1) бірнеше бөліктен тұратын күрделі емес заттарды, жануарларды мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру. Сазбалшықтан, ермексаздан мүсіндеуге қызығушылығын тудыру.

      2) табиғи материалдан мүсіндеу дағдыларын бекіту.

      Сюжеттік мүсіндеу

      Жеке жұмыстарын ұжымдық композицияларға біріктіру дағдыларын қалыптастыру.

      Сәндік мүсіндеу

      Әшекей заттарды мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру. Өз ойынан мүсін құрау. Ересектің көмегімен шығармашылық ойлауды дамыту.

      Күтілетін нәтижелер:

      сазбалшықтан, ермексаздан, қамырдан мүсіндеуге қызығушылық танытады;

      алақанға салып тік және дөңгелетіп есе біледі;

      мүсіндеудің түрлі әдістерін қолданып, 1-3 бөліктерден тұратын түрлі заттарды мүсіндей алады (аққала, поезд, шарбақ, моншақ,сырға).

      107. Аппликация

      Дағдыларды қалыптастыру:

      1) заттардың орналасу, олардың арасында арақашықтықтың сақталу заңдылығы;

      2) түрлі пішіндегі қазақ оюының кейбір элементтерін қағазға орналастыру;

      3) желімді қылқаламға, мұқият жағып алу, жаймадағы дайын үлгіге жағу, желімнің қалдықтарын сүртуге майлықты қолдану;

      4) табиғи материалмен жұмыс істеу, олардан зат жасау;

      5) қағаздың мүмкіндіктері туралы түсініктерді жетілдіру: жыртылады, мыжылады, оңай мыжылады.

      Сюжеттік аппликация

      Балаларды жалпы композиция құрастыруға үйрету.

      Сәндік аппликация

      Дағдыларды қалыптастыру:

      1) ересектер дайындаған ірі және өте ұсақ ою элементтерін орналастыру және жапсыру;

      2) шаршының ортасына, бұрыштарына қазақ ою өрнектерін жапсыру;

      3) пішінін, түсі мен көлемін, ескере отырып, заттар мен ою-өрнектерді орналастыру;

      4) геометриялық элементтерден өрнек құрастыруға үйрету.

      Күтілетін нәтижелер:

      бейнелеу өнеріне қажетті негізгі техникалық дағдыларды меңгерген;

      қағаздың қасиеттері жайлы біледі: жыртылады, мыжылады, оңай мыжылады;

      белгілі ретпен түрлі пішінді, көлемді түстегі бөліктерді орналастырып, дайын бейнені қағазға жапсыра біледі;

      ересектер дайындаған түрлі пішінді қағаз бетіне заттарды орналастырады;

      дайын пішіндерден қарапайым композицияларды құрастыруға қатысады;

      ұқыпты жұмыс жасай алады: желімнің қалдықтарын сүртуге майлықты пайдаланады.

      108. Музыка

      Музыка тыңдау.

      Дағдыларды қалыптастыру:

      1) түрлі қарқындағы музыканы тыңдау;

      2) музыкалық шығарманы эмоциямен қабылдау.

      Ән айту.

      Музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз ре-ля бірінші октавасының диапазонында ән салу, дыбыстарды биіктігіне қарай ажырату (октава шегінде), әуеннің басталуы мен аяқталуына мән беру дағдыларын қалыптастыру.

      Музыкалық-ырғақтық қимылдар.

      Дағдыларды қалыптастыру:

      1) қимыл қарқынын өзгерте отырып қимылдау, бір-бірлеп, жұптаса отырып би қиылдарын орындау, жануарлардың би қимылдарын ұқсату;

      2) ойындарға, хор айтуға қатысу, таныс би қимылдарын қайталай білу.

      Күтілетін нәтижелер:

      музыканы тыңдау дағдысын меңгерген;

      музыкалық шығарманың қарқынын ажыратады;

      әуеннің басталуы мен аяқталуына мән береді;

      бір-біреуден, жұптаса ауыса отырып, би қимылдарын орындайды, жануарлардың қимылдарын ұқсатады;

      балаларға арналған музыкалық аспаптарды ажыратады және атайды;

      музыкалық шығарманы эмоциямен қабылдайды.

13-параграф. "Әлеумет" білім беру саласы

      109. "Әлеумет" білім беру саласының базалық мазмұны қоршаған ортамен танысу, экология негіздері ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.

      110. Мақсаты балаларда қоршаған ортаға жағымды мінез-құлық пен қарым-қатынасын, эмоционалды елгезектік пен әлеуметтік мәдениет негіздерін қалыптастыру болып табылады .

      111. Міндеттері:

      балаларды қоршаған ортадағы заттардың атауларымен және олардың міндеттерімен таныстыру, таныс заттарды ажыратуға үйрету;

      Қазақстанның халық ауыз әдебиеті шығармашылығын қолдану арқылы Отанға, отбасына деген сүйіспеншілікті, ересектерге құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.

14-параграф. I Жартыжылдық

      112. Қоршаған ортамен танысу

      Менің отбасым

      1) отбасылық суреттерді қарастыруға және отбасы мүшелері мен олардың әрекеттерін атауға үйрету. "Отбасы", "Үй", "Демалыста" және басқа мазмұнды-рөлдік ойындарды ұйымдастыру;

      2) қоршаған ортаны қабылдау, кеңістікте бағдарлау;

      3) заттар мен олардың шамасын, түсін, пішінін ажырату және атау,қарастыру мен зерттеу дағдыларын қалыптастыру;

      4) қазақ және басқа халықтардың тұрмыс заттарымен таныстыру;

      5) заттар, ойыншықтар, кітаптар және ыдыстарға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.

      Көлік, байланыс құралдары

      Көлік құралдарының түрлерімен таныстыру.

      Ересектердің еңбегі

      Балабақша, балабақша қызметкерлері туралы ұғымдарын кеңейту.

      Жануарлар мен құстарға күтім жасауға баулу.

      Қазақстан - менің Отаным

      Балалар тұратын қала мен ауыл, Қазақстан Республикасының астанасы, мемелекеттік рәміздері туралы білімдерін қалыптастыру.

      Күтілетін нәтижелер:

      отбасы мүшелері мен өзіне жақын адамдардың есімдерін атайды;

      мазмұнды-рөлдік ойындарда отбасы мүшелерінің рөлдерін сомдайды;

      қазақ халқының тұрмыстық заттарын атайды;

      көлік құралдарын атайды;

      балабақша, балабақша қызметкерлері туралы түсінігі бар;

      өздері тұратын қала мен ауыл туралы, Қазақстан Республикасының астанасы, мемлекеттік рәміздері туралы бастапқы түсініктерге ие.

      113. Экология негіздері

      Өлі және тірі табиғат құбылыстары мен заттары

      Өлі және тірі табиғат жайлы білімдерін қалыптастыру. Табиғат құбылыстарына қызығушылықтарын тәрбиелеу.

      Дағдыларын қалыптастыру:

      1) ауа райының жағдайларын анықтай білу;

      2) табиғат құбылыстарын (маусымдық) бақылау.

      Өсімдіктер әлемі

      1) туған өлкенің кейбір өсімдіктері, көкөністері мен жемістері туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру. Жергілікті аймақта өсетін 2-3 ағаштардың түрлерін танып, атауға үйрету;

      2) бөлме өсімдіктерінің түрлері, олардың ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру;

      3) табиғат құбылыстарына қызығушылықты, өсімдіктерге сүйіспеншілікпен және қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

      Жануарлар әлемі

      1) үй жануарлары және олардың төлдері туралы білімдерін бекіту. Қазақстанды мекендейтін жабайы жануарлар жайлы түсініктерін қалыптастыру. Табиғат бұрышын мекендеушілерді бақылау дағдыларын қалыптастыру;

      2) Табиғат бұрышының тіршілік иелері мен қыстап қалатын құстарға (торғай, шауқарға, қарға, кептер) және жыл құстарына (ұзақ, қараторғай) қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

      Күтілетін нәтижелер:

      табиғаттың маусымдық өзгерістерін анықтайды;

      табиғатқа қамқорлық жасауға ынталанады;

      бірнеше ағаштардың түрлерін, бөлме өсімдіктерін, көкөністер мен жемістерді таниды және атайды;

      үй және жабайы жануарларды, құстарды, жәндіктерді таниды және атайды;

      табиғаттағы және ауа райындағы қарапайым өзгерістерді байқайды.

15-параграф. II жартыжылдық

      114. Қоршаған ортамен танысу

      Менің отбасым

      1) өзінің отбасы, отбасылық қарым-қатынас туралы әңгімелеп беру дағдыларын қалыптастыру;

      2) қоршаған ортадағы заттарды, кеңістікті бағдарлауды меңгерту;

      3) заттардың сапалары мен қасиеттерін:сипап сезу, дәмін көру, есту арқылы тануды қалыптастыру;

      4) балаларға түрлі заттардың атауларын сөйлегенде белсенді қолдануды, бейтаныс заттардың атқаратын қызметтерін түсіндіру, заттардың тобын білдіретін түсініктерді меңгерту;

      5) балаларды өзге адамдардың іс - әрекеттерін бақылауға үйрету.

      Көлік, байланыс құралдары

      Жерде жүретін және ауада ұшатын қозғалыс құралдары туралы білімдерін бекіту. Жаяу жүргіншілерге және жолаушыларға арналған қарапайым ережелермен таныстыру.

      Ересектедің еңбегі

      Балаларды ересектердің еңбегін бақылау негізінде ойын әрекетіне ынталандыру. Мүмкіндіктеріне қарай күтушіге, аула сыпырушыға көмек көрсетуді ұйымдастыру. Өзгенің еңбегінің нәтижесіне құрметпен қарауға тәрбиелеу, көмек көрсету ниеттерін қолдау.

      Қазақстан - менің Отаным, еліміздің рәміздері

      Қазақ халқының дәстүрлі тұрғын үйімен таныстыруды жалғастыру. Қазақстанның туы туралы түсінік беру.

      Күтілетін нәтижелер:

      отбасы мүшелері туралы әңгімелейді, оларға өзінің қарым-қатынасын білдіреді;

      айналасындағы заттардың міндеттерін біледі;

      заттардың сапасы мен қасиеттерін: сипау, дәмін тату және есту арқылы таниды;

      көлік құралдарын атайды;

      ересектерге көмек көрсетуге ынта білдіреді;

      Қазақстан Туын таниды және атайды.

      115. Экология негіздері

      Өлі және тірі табиғат құбылыстары мен заттары

      Балалардың өлі табиғат нысандары жайлы білімдерін бекіту. Табиғат құбылыстарына қызығушылық таныту дағдыларын жетілдіру.

      Табиғаттағы маусымдық өзгерістер

      1) көктем мезгілінде ауа райының жағдайларын бақылау және анықтай білуді жетілдіру;

      2) жаз мезгілінің кейбір сипаттық ерекшеліктері жайлы білімдерін жетілдіру. Жаз мезгілінде табиғатты бақылау дағдыларын қалыптастыру.

      Өсімдіктер әлемі

      Туған өлкенің өсімдіктері туралы қарапайым түсініктерін жетілдіру. Ағаштарды, дала гүлдерін, кейбір көкөністер мен жемістерді, бөлме өсімдіктерін тану және атау, өсімдіктердің бөліктерін тану дағдыларын қалыптастыру.

      Жануарлар әлемі

      1) балалардың үй жануарлары және олардың төлдері, жабайы жануарлар туралы, өздеріне таныс жануарлардың сыртқы ерекшеліктері туралы білімдерін бекіту;

      2) табиғат бұрышын мекендеушілерді бақылау, оларға қамқорлық жасау дағдыларын жетілдіру;

      3) құстар мен жәндіктер туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру;

      4) табиғат бұрышының тіршілік иелері мен қыстап қалатын құстарға (торғай, шауқарға, қарға, кептер) және жыл құстарына (ұзақ, қараторғай) ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу;

      5) қоршаған ортаның нысандарына эмоционалды, жағымды, қамқорлықпен қарауды қалыптастыру.

      Күтілетін нәтижелер:

      табиғаттың сипаттық маусымдық өзгерістерін анықтайды және атайды;

      таныс ағаштарды, бөлме өсімдіктерін, көкөністер мен жемістердің 
 3-4 түрін, үй жануарларын және жабайы жануарларды, құстарды, жәндіктерді таниды және атайды;

      табиғаттағы және ауа райындағы қарапайым өзгерістерді байқайды және атайды;

      ересектермен бірге өсімдіктерге күтім жасаудың қарапайым еңбек тапсырмаларын орындай алады

      табиғат бұрышының тіршілік иелеріне қамқорлық танытады.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив