Тусупбекова Толкын Куановна
ҚМҚПИ Педагогика және психология ( Мектеп жасына дейінгі)
Білімі - жоғары
Санаты - жоғары
Еңбек өтілі: 16- жыл.
Менің педагогикалық ұстанымым балаларды денсаулығы мықты адам етіп қана өсірмей, сонымен қатар кең пейілді, ақылды, жауапкершілігі бар адам етіп тәрбиелеу. Көздері қарақаттай мөлдіреген балалардың менің өткізген оқу қызметіде қызығушылықпен қарап отырғандарын ұқтым. Білуге, үйренуге құштар балаларды көргенде менің шабытым артып, тағы бір арман пайда болды. Кішкентай, балғын балалар! Болашақ үздік шәкірттерімді қалай қалыптастырамын, отанын сүйетін адам етіп тәрбиелеуге өзіндік үлесімді қоса алам ба?- деген сұрақтар мазалап, жаңа жоспарлар құруға жол аштым. Баланың бойында имандылық, көркем қасиеттерді сіңіру басты мақсатым болды.
Тәрбиеші баланы жан тәнімен сүюі керек. Алдымен рухани қуат беруі қажет. Мейірімділік, шыдамдылық, кешіре білу, баламен тең жағдайда сырласу, оның мүмкіндіктеріне сену, ойын әрқашан құлақ қоя тыңдау тәрізді қасиеттері арқылы ғана мен өз мәртебемді көтере аламын. Балаға үнемі қолдау көрсету - менің ізгі ұстанымым.
Балалар әдебиетінің атасы Ы. Алтынсарин «балалармен қысқа, ашуланбай, байсалды сөйлесу, мағыналы сөздермен түсіндіру керек» деп кеңес береді. Ал сәби жүрегіне қонымды жауап беру үшін, мен күнделікті оқу қызметімде шынайы, жақсы, қызықты өткізуге тырысамын.