Сабдикенова Райхан Турсыновна
І Жансүгіров атындағы Талдықорған Педагогикалық
институты физика пәнінің мұғалімі
Білімі - жоғары
Санаты - жоғары
Еңбек өтілі 36- жыл.
Мен тәрбиешімін. Осынау мамандықтың қызығы мен қиындығын өзі бала ортасында жүрген жан ғана түсіне алады. Жер бетінде тәрбиеші алдын көрмеген адам кем де кем, мүмкін бұл мамандық содан киелі шығар. Бір үйдің үміті, еркесі, бұзығы, қызығы. Олар мені қуана қарсы алып, еркелей алдыма келеді. Мен олармен бірге жүрсем, балаша қуанып, мына өмірге балаша қарағым келеді. Өйткені мен бала бағбаны - тәрбиешісімін. Тәрбиеші балаға деген ыстық ықыласын бір сөзбен айтып көрсетіп қана қоймай, бар жүрегімен және жан -тәнімен сезіне білуі қажет.Тәрбиешінің жұмысы күрделі де қызықты. Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт. Бала-пәк, бала тап-таза мөлдір бұлақтың бастауы. Тәрбиешіде жылы жүрек, аялы алақан және тәрбиешіге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу сезімі болу керек деп ойлаймын. Француз ағартушысы,жазушы Жан-Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туды, оның үстіне шыймайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең ол солай тәрбиеленеді»деген нақыл сөзі осы біздің көз алдымыздағы балаларға арналғандай. Тәрбиешінің әрбір өткізген оқу қызметі баланың ақыл-ой парасатын дамыта білетіндей, баланың жас ерекшелігіне сай құрылса, баланың ынта –жігері артары сөзсіз деп білемін. Өзімнің еңбек жолымда әрдайым балалардың тілін, ой-өрісін, тіл байлығын дамыту мақсатында ертегілерден көріністер ұйымдастырамын.