Алимбаева Дана Абдинабиевна
1.Халықаралық гуманитарлық техникалық университеті
2. Академик Ә. Куатбеков атындағы халықтар достық университеті
Білімі - жоғары
Педагог-модератор
Еңбек өтілі 7- жыл.
Менің тәрбиешілік еңбек жолымның басталуына көп уақыт бола қоймаса да балабақша өмірі мен үшін соншалық таныс, көзіме оттай ыстық, көңіліме әбден жақын болып кетті. Бала тәрбиесі отбасынан басталып балабақшада, мектепте жалғасы табады. Бір аңдағаным тәрбиеші болу түсінген жанға асқан жауапкершілік пен орасан еңбекті қажет етеді.Күн сайын бір жаңалықты ашқын келеді, көп ізденіп, тәрбиеленушілерін көп нәрсені білгенін, ақылды, ұқыпты, болғанын қалайсың.
Олай дейтініміз - тәрбиеші еңбегі біріншіден,адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден ол үнемі тәрбиенушілермен қарым - қатынаста болып, білсем үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.
Тәрбиеші өз ісіне деген сүйіспеншілікті тәрбиеленушілерімен ұштастыра алғанда ғана шын мәнінде тәрбиеші болмақ.Біздер тәрбиешілер күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушылардың, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, өзінен өзі тәрбиеші мұратының қандай айқын болатынына көз жеткізе бағамдап, жауапкершілігін терең ұғына түсеміз. Әр баланың өмірі - бір тағдыр. Сондықтан бала үшін жұмысты жандандыру басқаға ұқсамайтын қасиетін аша білу.
Бала жанын ұғына білу баланың ықласын оята білу, кең ойлай білуге үйрету үшін шығармашылық ізденіс қажет.
Сол бір балаң арманымен мен де бүгін тәрбиеші деген киелі мамандықтың иесі болып жүрмін және өте мақтан етемін.