ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫП, ӨТКІЗУДІҢ МАҢЫЗЫ
Дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді, баланы ойнай білуге баулып, ақыл-ой қызметін қалыптастырады, әрі адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады.
Өз іс тәжіребиемде мен балалармен тілдік дидактикалық сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр- түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйретемін. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:
-балалардың сөздік қорларын дамыту;
-жаңа сөздерді меңгерту;
-үйреген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады. Баланың тілін дамытуда ауызекі сөйлеу, тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеуде, байланыстырып сөйлеу, сөздік қорын дамыту үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта ойналатын дидактикалық ойындарды пайдаланамын.
Сабақты бекіту, сабақта меңгерген материал туралы түсінігін кеңейту, баланың шығармашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін, тіл дамыту сабақтарында дидактикалық ойындарды пайдаланамын, ойындар сабақтың тақырыбына, мақсатына сай таңдап аламын. Сабақтың қызықты, тартымды өтуі үшін дидактикалық ойындарды дұрыс пайдаланамын.
1 кіші топтан бастап ересек топтар арасында жұмыс жасаған кезімде тіл дамыту сабағында тақырыбына қарай мынадай дидактикалық ойындарды пайдаланамын.
1 кіші топта дидактикалық ойындардың жеңіл түрлері ойнатылады. «Дауысын сал» – ойын шарты: кубизм арқылы ойнатамын бала кубикті лақтырып қандай жануар түсе сол жануардың дыбысын салады.
«Қимылын көрсет» – ойын шарт: айтылған заттардың қимылын көрсету мысалы: қоян, ұшақ, аю, бақа, т.б .
«Ғажайып қалта» – ойын шарты: қалтаның ішіндегі шыққан заттарды атау мысалы : алма, доп, мысық, орындық, т.б.
2- кіші топта 1 – кіші топқа қарағанда дидактикалық ойын кішкене күрделі болады.
«Жеміс пен көкөністі ажырат»- ойын шарты: бала жемістермен көкөністі ажыратады
«Үй жануар мен жабайы жануарды ажырат» – ойын шарты: Бала үй жануар мен дала жануарын ажырату керек.
Ортаңғы топта 1-2 – кіші топқа қарағанда қиындау болады.
«Тілші» ойынның шарты : Жүргізуші бала тақырып бойынша балаларға сұрақ қояды, жауаптарын алады. (жүргізуші – жоғары деңгейдегі бала)
– Мынау не?
– Мынау жеміс алма.
– Алма қандай?
– Алма қызыл, тәтті (сары, домалақ, үлкен, кішкентай)
«Құстардың атын ата»- ойын шарты: суреттегі құстардың атын ату.
«Тазалық бұйымдардың атын ата»- ойын шарты- тазалыққа жататын бұйымдарды атау.
Қазіргі уақыта ересек тобында өзім мына ойындарды қолданамын бұл ойын МАД топтарында қолдануға болады. Кіші топтарға қарағанда күрделі болып келеді.
«Мекенін тап» Ойынның барысы: Үй және жабайы жануарлар суретің біртіндеп ала отырып, немесе бірнеше балаға бөліп берілген суреттерді мекен жайларына орналастыру қажет. Мысалы: үй жануарларын жайлауға орналастыру. Ал жабайы жануарларды орманға орналастыру керек. Жаңылмай тапсырманы дұрыс орындаған балаларды мадақтап, жаңылысқан балаларға көмектесіп түсіндіру.
«Эстафета» Ойынның мақсаты: Балалардың тілін және сөздік қорын жетілдіру.
Ертегі кейіпкерлер туралы түсініктерін кеңейту.