Бірінші "Бүлдірген" тобы
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 12 августдағы № 499 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 14 сентябрьте № 14235 болып тіркелді
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 июльдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 августдағы № 1080 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бекітілсін.
2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;
3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | Э. Суханбердиева |
Қазақстан Республикасы |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Түсіндірме жазба
1. Бағдарлама "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 14 баптарына, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді.
2. Бағдарламаның мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік, дағдыларын, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясына негізделген жалпыадамзаттық құндылықтарға, ұлтжандылыққа және толеранттылыққа тәрбиелеу, сондай-ақ баланың мектепте оқуға әлеуметтік-психологиялық, тұлғалық, ерік-жігерлік, физикалық және зияткерлік даярлығы.
3. Бағдарламаның міндеттері: баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін заттық-кеңістіктік дамытушы орта құру, мектепке дейінгі білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігі ұстанымдарын қамтамасыз ету, балалардың дене, зияткерлік, коммуникативтік, адамгершілік, эстетикалық дамуына бағытталған білім беру салаларын кіріктіру, әр жас тобында бағдарлама материалының мазмұнын игеруде балалардың дамуы мониторингін ұйымдастыру, мектепке дейінгі ұйым мен отбасының бірлескен ынтымақтастығы, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде ата-аналар қауымдастығының қажеттілігін қанағаттандыру.
4. Бағдарлама баланың коммуникативтік дағдыларының қалыптасуына, танымдық және әлеуметтік мотивтерінің көрінуіне, қызығушылығы мен білім алуға деген құштарлығының дамуына ықпал етеді.
5. Әр саладағы күтілетін нәтижелер сабақтардағы оқу мақсаттарының жүйесі арқылы беріледі.
6. Бағдарламаның мазмұны балалардың дене және психологиялық дамуының келесі жас кезеңдерін қамтиды:
Бөбек жасы – 1 жастан 3 жасқа дейін:
ерте жас – 1 жастан 2 жасқа дейін (ерте жастағы топ);
кіші жас – 2 жастан 3 жасқа дейін (бірінші кіші топ);
Мектепке дейінгі жас – 3 жастан 6(7) жасқа дейін:
мектепке дейінгі кіші жас – 3 жастан 4 жасқа дейін (екінші кіші топ);
мектепке дейінгі орта жас – 4 жастан 5 жасқа дейін (ортаңғы топ);
мектепке дейінгі естияр жас – 5 жастан 6 (7) жасқа дейін (5 жастан 6 жасқа дейін – мектепке дейінгі ұйымдағы ересектер тобы, 6 жастан 7 жасқа дейін – жалпы білім беретін мектептегі, лицейдегі, гимназиядағы мектепалды даярлық сыныбы).
7. Бағдарлама меншік нысанына қарамастан, мектепке дейінгі ұйымдардың барлық түрлері мен типтеріне және мектепалды даярлық сыныптарына ұсынылады.
Бірінші кіші топ
(2 жастан 3 жасқа дейін)
1-параграф. "Денсаулық" білім беру саласы"
43. "Денсаулық" білім беру саласының базалық мазмұны дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.
44. Мақсаты денсаулық сақтау технологиясын қолдана отырып, дене дағдылары мен негізгі қимыл түрлерін қалыптастыру болып табылады.
45. Міндеттері:
жалпы дамытушы жаттығуларды, қимылды ойындарды, шынықтыру шараларын қолдану арқылы балалардың денсаулығын нығайту;
негізгі қимыл түрлерін дамыту;
салауатты өмір салты туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру.
2-параграф. I жартыжылдық
46. Дене шынықтыру
Жалпы дамытушы жаттығулар. Бұрылу (оңға-солға), қолды кеуде тұсында айқастыру және екі жағына жазу, қолды шапалақтау; қолды алға, жоғары, жан-жаққа көтеру, оларды бүгіп жазу, саусақтарын ашып жұму; тізені бүгіп жазу (екіншісіне тұрып), еденде отырған қалпында, таяныштан ұстап отырып аяқтың ұшымен тұру, алға, жанына, артқа қадам жасау, аяқты алға, өкшеге қою; табандарды бүгу (жазу), қатарында тұрған – отырған адамға қолындағы затты бере отырып, тұлғасын оңға-солға бұру, шалқасынан жатқан қалыпта қолдары мен аяқтарын бірдей қимылдатып, аяқтарын көтеру және түсіру, арқасынан бүйіріне, ішіне және кері қарай аударылу, алға, жан-жағына қарай еңкею.
Негізгі қимылдар:
1) педагогтың артынан жүру, жұптасып жүру, шеңбер бойымен қол ұстасып жүру, қарқынды өзгерте отырып жүру, бағытты өзгерте отырып жүру, жүруден жүгіруге ауысу, бағдар бойынша жүру (кілемнің бойымен, жіпке дейін), кедергілерден аттап жүру. Ұзындығы 2,5-2 м, ені 25 см (2 жаста), 20 см (3 жаста) тақтай бойымен жүру, жіптен немесе таяқтан аттап өту;
2) бірқалыпты жүгіру, шашырап, берілген бағытта, әртүрлі қарқынмен, заттардың арасымен шеңбер бойынша, аяқтың ұшымен, белгі бойынша тоқтап, бірінің соңынан бірі (20м дейін), шағын топқа бөлініп және бүкіл топпен, бағытты өзгертіп, 30-40 сек бойына үзіліссіз жүгіру, жүруден жүгіруге және керісінше ауысу;
3) секіру. Бір орында тұрып екі аяқтап секіру, алға қарай ұмтыла екі аяқтап секіртпемен, лентамен еденде 10-20 см қашықта (2 арқаннан тұратын жолақ арқылы) жатқан арқаннан секіру; 10-15 см биіктен секіру;
4) еңбектеу, өрмелеу. Кедергілі жазықтың бетімен, еңіс тақтайдың үстімен, жол бойымен, әртүрлі заттардың: доғаның, орындық, үстел, арқанның астымен нысанаға дейін төрттағандап (алақанымен, тіземен тіреп) еңбектеу. Ауданы 50 х 50 см, биіктігі 10 см мінбеге өрмелеу;
5) лақтыру, қағып алу, дәлдеп лақтыру. Екі қолмен 1-1,25 м арақашықтықтағы (көлденең) нысанаға (кеуде тұсынан, төменнен, жоғарыдан (қағып алмай), баланың көзінің және кеудесінің тұсынан әртүрлі заттардың астымен 0,5-1,5 м арақашықтыққа доптарды домалату, доптарды бір-біріне домалату;
6) тепе-теңдік сақтау. Жиектері шектелген тура жолақпен (ені 20-25 см, ұзындығы 2-2,5 м) гимнастикалық орындықтың үстімен жүру, заттарға шығу (гимнастикалық орындыққа, жұмсақ модульге және тағы басқа), тұру, қолын жоғары көтеру, түсу; заттардан ( биіктігі 10-15см), шеңберден шеңберге аттау; төрттағандап тақтаның үстімен 20 см арақашықтықта орналасқан бірнеше кедергіден (ленталардан, текшелерден және тағы басқа) аттау, орнында баяу айналу.
Мәдени-гигиеналық дағдылар.
1) мәдени-гигиеналық ережелерді орындау білімін бекіту. Дербес қимыл әрекетін қамтамсыз ету;
2) дербес ойындардағы қимыл белсенділігін реттеуге ықпал ететін жағдайларды жасау.
Сауықтыру-шынықтыру шаралары.
1) балаларды серуен кезінде ультракүлгін сәуленің әсерінен ауа, су шараларының үйлесімділігімен шынықтыру;
2) сумен шынықтыруда ұсақ тастары бар ванна қолданылады. Су температурасы +30°С градустан +18°С, +16°С-қа дейін әр үш күн сайын 2 градусқа төмендетіліп отырады.
Дербес қимыл белсенділігі.
Ересектердің көрсетуі бойынша кейбір қимылдарды орындайды, қимыл белсенділігіне жағымды эмоциялық қарым-қатынас білдіреді, бұрын игерген қимылдарды өздігінен орындай алады.
Спорттық жаттығулар
1) шанамен сырғанау. Ересектердің баланы сырғанатуы; шанаға отырғызып, төбешіктен сырғанату, шананы жіппен сүйрету, баланың ойыншығын шанамен сырғанатуы;
2) велосипед тебу. Үш дөңгелекті велосипедке отырғызу, ересектердің көмегімен және көмегінсіз түсіру, ересектердің көмегімен және өзбетімен рөлді басқару;
3) мұз жолдармен сырғанау: ересектер балалардың қолынан жетелеп сырғанатуы.
Күтілетін нәтижелер:
ересектермен бірге дене жаттығуларын орындай алады;
негізгі қимыл түрлерін: жүгіру, өрмелеу және секіру, тепе-теңдік сақтауды игерген;
спорттық жаттығуларды орындайды;
жеке бас гигиенасының бастапқы дағдыларын игерген;
шынықтыру шараларын өткізу кезінде жағымды көңіл-кдомтанытады және сақтайды.
3-параграф. II жартыжылдық
47. Дене шынықтыру
Жалпы дамытушы жаттығулар. Қолды кеудеде айқастыру және екі жағына жазу, артына жіберу, шапалақтау. Таяныштан ұстап отырып аяқтың ұшымен тұру, алға, жанына, артқа қадам жасау, аяқты алға, өкшеге қою, табандарды бүгу (жазу), қатарында тұрған – отырған адамға қолындағы затты бере отырып, тұлғасын оңға-солға бұру, шалқасынан жатқан қалыпта қолдары мен аяқтарын бірдей қимылдатып, аяқтарын көтеру және түсіру, арқасынан бүйіріне, ішіне және кері қарай аударылу, алға, жан-жағына қарай еңкею.
Негізгі қимылдар
1) бірқалыпты жүру, жан-жаққа және берілген бағытқа шеңбер бойынша қолдарының әртүрлі қалыптарымен, аяқтың ұшымен, шағын топқа бөлініп және бүкіл топпен, жұптасып, қарқынды өзгерте отырып, белгі бойынша тоқтап, ирелеңдеген баудың бойымен еркін жүру, едендегі немесе еденнен 15-30 см көтерілген арқаннан, бөренеден, текшеден, гимнастикалық таяқшадан аттап жүру;
2) бірқалыпты жүгіру, шашырап, берілген бағытта, әртүрлі қарқынмен, заттардың арасымен шеңбер бойынша, аяқтың ұшымен, белгі бойынша тоқтап, бірінің соңынан бірі (20м дейін), шағын топқа бөлініп және бүкіл топпен, бағытты өзгертіп, шашырап, 30-40 сек бойына үзіліссіз жүгіру, жүруден жүгіруге және керісінше ауысу;
3) секіру. Бір орында тұрып екі аяқтап секіру, алға қарай ұмтыла затқа дейін екі аяқтап секіру (10-15см), орнынан ұзындыққа (20-50см) секіру, 10-15 см биіктен секіру, еденде 10-20 см қашықтықта (2 арқаннан тұратын жолақ арқылы) жатқан арқаннан, таспадан секіру, секіртпеден секіру;
4) еңбектеу, өрмелеу. Кедергілі жазықтың бетімен, еңіс тақтайдың үстімен, жол бойымен, әртүрлі заттардың: доғаның, орындық, үстел, арқанның астымен нысанаға дейін төрттағандап (алақанымен, тізесімен тіреп) еңбектеу. Ауданы 50 х 50 см, биіктігі 10 см мінбеге өрмелеу;
5) лақтыру, қағып алу, дәлдеп лақтыру. Екі қолмен 1-1,25 м арақашықтықтағы (көлденең) нысанаға (кеуде тұсынан, төменнен, жоғарыдан (қағып алмай), баланың көзінің және кеудесінің тұсынан әртүрлі заттардың астымен 0,5-1,5 м арақашықтыққа отырған және тұрған қалыптан доптарды домалату, доптарды бір-біріне домалату, бір және екі қолымен допты еденге ұру;
6) тепе-теңдікті сақтау. . жиектері шектелген тура жолақпен (ені 20-25 см, ұзындығы 2-2,5 м), гимнастикалық орындықтың үстімен, еңіс тақтайдың үстімен (ені 25 см, бір басы 15-20 см көтерілген) жүру, заттарға шығу гимнастикалық орындыққа, жұмсақ модулге және тағы басқа) тұру, қолын жоғары көтеру, түсу, заттардан (биіктігі 10-15 см), шеңберден шеңберге аттау, төрттағандап тақтаның үстімен 20 см арақашықтықта орналасқан бірнеше кедергіден (таспалардан, текшелерден және тағы басқа) аттау, орнында баяу айналу.
Мәдени-гигиеналық дағдылар.
1) мәдени-гигиеналық ережелерді қолдану білімін бекіту. Дербес қимыл әрекетін қамтамасыз ету;
2) дербес ойындарында қозғалыс белсенділігін реттеуге мүмкіндік беретін жағдайларды жасау.
Сауықтыру-шынықтыру шаралары.
1) балаларды шынықтыру серуен кезінде ультракүлгін сәуленің әсерімен ауа, су шараларының үйлесімділігімен қамтамасыз етіледі. Жергілікті және жалпы шаралар қолданылады;
2) балалар жылдың салқын мезгілінде, ауа температурасы 15°С төмен болмағанда, 4–5 қабат киіммен далаға шығып, серуендей алады;
3) ауа ваннасы бала күніне бірнеше рет киінгенде жүргізіледі, ұзақтығы 2–3 минуттан 6–10 минутқа дейін артады;
4) сумен шынықтыруда бала ұсақ тастары бар ваннада жүреді.Су температурасы +35°С ден +34°С-ге дейін +23°С ден +22°С-ге дейін әр үш күн сайын 2 градусқа төмендетіліп отырады. Басқа күнделікті шараларда су температурасы +30°С градустан +18°С, +16°С-қа дейін біртіндеп төмендетіледі.
Дербес қимыл белсенділігі.
Ересектердің көрсетуі бойынша кейбір қимылдарды орындайды, қимыл белсенділігіне жағымды эмоциялық қарым-қатынас білдіреді, бұрын игерген қимылдарды өздігінен орындай алады.
Спорттық жаттығулар
1) шанамен сырғанау. Ересектердің баланы сырғанатуы, шанаға отырғызып, төбешіктен сырғанату, шананы жіппен сүйрету, баланы ойыншығымен шанада сырғанату, бір-бірін сырғанатуға талпыну;
2) велосипед тебу. Үш дөңгелекті велосипедке отырғызу, ересектердің көмегімен және көмегінсіз түсіру, ересектердің көмегімен және өзбетімен рөлді басқару:
3) мұз жолдармен сырғанау: ересектер балалардың қолынан жетелеп сырғанатуы.
Күтілетін нәтижелер:
ересектермен бірге дене жаттығуларын орындай алады;
негізгі қимылдардың түрлерін игерген;
спорттық жаттығуларды орындаудың алғашқы техникасы туралы түсініктерге ие;
жеке бас гигиенасының бастапқы дағдыларын меңгерген;
шынықтыру шараларын өткізу кезінде жағымды көңіл-кдомтанытады.
4-параграф. "Коммуникация" білім беру саласы
48. "Коммуникация" білім беру саласының базалық мазмұны сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.
49. Мақсаты тілдік қарым-қатынас дағдыларын, сөздік қорын, әдеби шығармалар мен халық ауыз әдебиеті шығармаларына қызығушылығын қалыптастыру болып табылады.
50. Міндеттері:
дыбыстардың дұрыс айтылуын, байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру;
халық ауыз әдебиеті шығармашылығына баулу;
пассивті және белсенді сөздік қорын кеңейту;
балалардың түрлі әрекеттердегі және алуан түрдегі ауызша және байланыстыра сөйлеуін дамыту.
5-параграф. І жартыжылдық
51. Сөйлеуді дамыту
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті
Қалыптастыру:
1) айналасындағы адамдардың сөзін есту және тыңдау, түрлі дыбыстарды саралау, дауыстың қаттылығы мен айтылу жылдамдығын ажырата білуді;
2) дыбысқа еліктеу сөздерін қолданып, дауысты дыбыстарды дұрыс айтуды;
3) дыбыстарды, сөздерді және сөз тіркестерін дауыстың биіктігін, екпінін, күшін есепке алып, дыбыстарды дәл айтуды.
Сөздік қор
Балаларды заттардың қасиеттерінің және олармен әрекеттердің атауын айтуды, тілдік қарым-қатынасқа, сөйлеу тіліне, зат есімдерді, сын есімдерді қолданып, заттарды (киімдер, ыдыстар) сипаттауға үйрету.
Тілдің грамматикалық құрылымы
Балаларды тәрбиешінің сөзін түсінуге, сөйлегенде заттарды сипаттау үшін зат есімдерді етістіктермен, сын есімдермен бірге қолдануға, зат есімнің көпше түрін пайдалануға, сөздерді дұрыс айтуды ескере отырып, сөз тіркестерін (сын есім + зат есім, зат есім + етістік) жасай білуге үйрету.
Контактытырып сөйлеу
Балаларды ересектердің сөзін тыңдай білуге; ересектермен және құрдастарымен тілдік қарым-қатынас жасауды дамыту; қарапайым (Кім? Не? Не істейді? және тағы басқа) және бірте-бірте күрделі (Нені ұстады? Нені әкеледі?) сұрақтарға жауап беруге, көркем сөзді эмоциалы қабылдауды, балалар әдебиеті шығармаларының бейнесін және мазмұнын түсінуге, қысқа тақпақтар мен санамақтарды жатқа айта білуге үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
тілдегі дыбыстар мен сөздерді айта алады, дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс дыбыстай алады;
адамның дене мүшелерін (қол, аяқ, бас), тұрмыстық және ойын әрекетін (қыдыру, тамақтану), әртүрлі өлшемді (үлкен, кіші) білдіретін сөздерді түсінеді; зат есімдерді, есімдіктерді етістікпен байланыстыра алады;
берілген сұрақтарды түсінеді және тыңдайды, оларға жауап береді; жақсы таныс ертегілердің үзінділерін есте сақтайды.
52. Көркем әдебиет
Балаларды:
1) ертегілердің, әңгімелердің, тақпақтардың мазмұнын түсінуге және олардағы әрекеттердің дамуын қадағалауға;
2) тақпақтардың интонациясын қабылдауды;
3) кейіпкерлердің пайда болуын, олардың өзара әрекеттерін қадағалауға;
4) ертегілердегі, әңгімелердегі, өлеңдердегі қарама-қарсы бейнелерді түсінуді;
5) таныс тақпақтарды қайталауды;
6) ойыншықтарды қолданып, мазмұны күрделі емес ойындарға қатысуды үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
тыңдалым және айтылым дағдыларын игерген;
қысқа тақпақтарды, өлеңдерді жатқа біледі;
шығармалардың мазмұнына эмоционалды көңіл-кдомтаныта біледі;
жақсы таныс шығармаларды көрнекі құралдарсыз тыңдайды;
кейіпкерлердің бейнелерін ойындарда қарапайым түрде бейнелей алады.
6-параграф. ІІ жартыжылдық
53.Сөйлеуді дамыту
Сөйлеудің дыбыстықмәдениеті.
Дағдыларды қалыптастыру:
1) сөйлеудіңдыбыстықмәдениетін;
2) ана тіліндегі дыбыстар мен сөздерді анық айту, дыбыс аппаратын дамыту.
Дағдыларын бекіту:
1) түрлі дауыс жоғарылығымен, қарқынымен, биіктігімен дыбыстарғаеліктеуші сөздерді айту;
2) сөйлеу тілінің екпіні мен ырғағына сәйкес жаңғырту;
3) сөз тіркесінде, сөйлемде сөздер мен дыбыстарды айту.
Сөздік қор
Балалардың белсенді сөздікқорын байытуды жалғастыру: заттардың қасиеттерін және олармен әрекеттерді атау.
Дағдыларды қалыптастыру:
1) тілдік қатынасты, сөйлеу тілін;
2) ыдыс-аяқ, киім, жиһаздарды және күнделікті өмірде олармен әрекет жасауды білдіретін сөздерді, сөз таптарын қолдану;
3) заттардың белгілерін білу, жануарлар мен олардың төлдері, көкөністер, жемістер, өсімдіктер, еңбек әрекеттерін білдіретін сөздерді қолдану.
Тілдің грамматикалық құрылымы
Дағдыларды қалыптастыру:
1) қарапайым сұрақтарға жауап беру;
2) сөздің интонациямен аяқталуын меңгеру.
Контактытырыпсөйлеу
Дағдыларды бекіту:
1) сөйлеудің диалогтық түрлерін дамыту;
2) оқығандары және көргендері туралы сұрақтар қоя білу, ойыншықтар, суретте бейнеленгендер туралыайтып беру;
3) айналасындағылардың сөздерін, тұрмыстық немесе ертегілер тақырыптарындағы әңгімелердікөрнекіліксізтыңдау;
4) сөз тіркестерін айту (3–5 сөзбен), таныс шығармалардан үзінді ойнай білу;
5) кітаптағы суреттерді қарау, олардың мазмұны бойынша сұрақ-жауаптар құрастыру, көлемі бойынша шағын өлеңдер мен тақпақтар жаттау.
Күтілетін нәтижелер:
қысқа сөйлемдерден неғұрлымкүрделісөйлемдергеауыса біледі;
өзі, отбасы мүшелері, сүйікті ойыншықтары жайлы сұрақтарға жауап береді;
қалауларын, сезімдерін, ойларын білдіретін сөздерді қолдана алады;
дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс дыбыстай алады;
ақпаратпен бөліседі, жайсыздыққа (шаршадым, ыстықтадым) және құрдастарының әрекетіне (ойыншығын бермейді) шағымданады.
54. Көркем әдебиет
Дағдыларды қалыптастыру:
1) ертегі, әңгіме кейіпкерлеріне, оқиғаларға жанашырлық білдіру;
2) кейіпкерлермен тақпақтардың мазмұнын, ырғақты ойындарды қайталауды эмоциалы қабылдау;
3) ересектердің тақпақтарды, өлеңдерді, әңгімелерді оқуына, кітаптарды көрсету, ертегілерді әңгімелеуіне тұрақты қызығушылық таныту;
4) шығарманың мазмұнын түсіну және эмоциалы қабылдау, ойында кейіпкерлер бейнесін қарапайым түрде бейнелеу;
5) мереке туралы қуаныш, мақтаныш сезімдері берілген қысқа тақпақтарды жаттау;
6) таныс шығармалардың қарапайым мазмұндарын ойнау;
7) таныс өлеңдерді асықпай, анық айтуға баулу.
Күтілетін нәтижелер:
белсенді сөздікте барлық сөз таптарын қолданады;
шағын әңгімелерді көрнекіліксіз тыңдайды;
3–5 сөзден тұратын тіркестермен, сөйлемдермен сөйлейді, ақпараттармен бөліседі;
қысқа өлеңдерді анық, асықпай айтады, олардың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
ертегінің мазмұнын түсінеді және эмоциалы қабылдайды, құрдастарымен қарым-қатынасқа түседі.
7-параграф. "Таным" білім беру саласы
55. "Таным" білім беру саласының базалық мазмұны сенсорика, құрастыру, жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.
56. Мақсаты балалардың танымдық қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту болып табылады.
57. Міндеттері:
қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру;
түрлі сенсорлық әсерлермен байыту;
қарапайым құрылыстарды құрастыра білуге үйрету;
табиғат құбылыстарына қызығушылықтарын тәрбиелеу;
өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға, олардың сұлулығын байқауға үйрету.
8-параграф. I Жартыжылдық
58.Сенсорика
1) заттар мен құралдарды қолдану дағдыларын жетілдіру, ауызша нұсқау мен үлгіге сүйене отырып, тапсырмаларды орындау;
2) қимылдардың үйлесімділігін, қолдың ұсақ бұлшық еттерін, "көз-қол" сенсомоторлық кеңістіктік үйлесімділігін дамыту.
Біліктерді жетілдіру:
1) көлемі, пішіні, түсі бойынша ерекшеленетін біркелкі заттарды топтастыруды;
2) түрлі көлемдегі геометриялық пішіндерді негізгі түсі, әртүрлі көлемі, неғұрлым ұқсас қасиеттері бойынша салыстырады және іріктейді.
Күтілетін нәтижелер:
үлгі мен сөздік нұсқауға сүйеніп, тапсырмаларды орындай алады;
қимылдардың, қолдың ұсақ моторикасының үйлесімділік дағдыларын игерген;
ересектердің нұсқауымен түсі, өлшемі бойынша заттарды табады;
түрлі көлемдегі геометриялық пішіндерді негізгі қасиеттері бойынша топтастырады.
59. Құрастыру
Балаларды үйрету:
1) құрылыс материалдарынан және ірі конструктор бөлшектерінен құрастыруды;
2) құрылыс үлгілерін қарап, оның бөліктерін атап көрсетуге, қандай бөлшектерден құралғанын анықтауға, үй, машина, жиһаздар құрылысының жетіспейтін бөліктерін таба білу біліктерін қалыптастыру.
Білімдерін қалыптастыру:
1) әртүрлі түстегі және пішіндегі геометриялық пішіндерден тұратын ағаш, пластмасса құрылыс материалдары туралы;
2) материалдар (текшелер, кірпіштер), олардың әртүрлі пішіндері, көлемі, үстел үстіндегі жазықтықта әртүрлі жағдайда орналасуы (кірпіш жатыр, тұр) туралы;
3) кірпіштерді көлденеңінен орналастыру, кірпіштерді бірінің үстіне бірін қою, текшелерді кірпіштермен үйлестіру – үстел, орындық, диван, үйшік, трамвай, көпір, төбешік туралы;
4) қарапайым бөгет жасай отырып, кірпіштерді түрліше үйлестіріп орналастыру туралы.
Балаларға кеңістіктік белгілерді ескере отырып, бөлшектерді түзу сызық бойына орналастырып, ұқыпты біріктіру туралы дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
құрылыс материалдарынан және ірі конструктор бөлшектерінен (үстел, орындық, диван, үйшік, трамвай, көпір,төбешік) құрастыра алады;
заттың қандай бөліктерден орындалғанын анықтай алады, үйшіктің, машинаның, жиһаздың құрылысындағы жетіспейтін бөлшектерін таба алады;
құрылыс материалдарының қасиеттері туралы түсініктерді игерген;
құрылыс материалдарын пішіні, көлемі бойынша топтастырады.
60. Жаратылыстану
1) өлі және тірі табиғат құбылыстары туралы білімдерін кеңейту. Жануарлар әлемі туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру. Өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Жануарларға тән ерекшеліктермен таныстыру, дене бөліктерін (танау,құйрығы,аяқтары) ажыратып және атай білуге үйрету. Көкөністер мен жемістер туралы (қызанақ, қияр, алма) қарапайым түсініктерін қалыптастыру;
2) ауладағы ересектердің еңбегін, аулаға ұшып келетін құстарды, июньға тән табиғат құбылыстарын бақылау. Қоршаған табиғаттың сұлулығын қабылдауға үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
көкөністер мен жемістердің бірнеше түрлерін сыртқы түрі және дәмі бойынша атайды және ажыратады;
жануарлардың дене бөліктерін ажыратады және атайды, олардың мінез-құлқына, сыртқы түріне назар аударады;
аулаға ұшып келетін құстарды атайды және ажыратады;
табиғаттың июньдық өзгерістерін атайды.
9-параграф. ІІ жартыжылдық
61. Сенсорика
Біліктерін:
1) түрлі әрекеттерде заттардың сенсорлық қасиеттерін ескеруді: бейнелеуде, құрастыруда;
2) берілген 3-4 сенсорлық қасиеттеріне байланысты таңдауды жүзеге асыра отырып, түсі, көлемі, өлшемі бойынша әр текті байланыс орната білу іскерлігін бекітуді;
Күтілетін нәтижелер:
көлемі, пішіні, түсі бойынша ұқсас біртекті заттарды топтастыра алады;
заттардың көлемін, түсін және пішінін білдіретін сөздерді түсінеді;
бірізділікпен азаятын 3 немесе одан да көп бөліктерден түрлі түсті пирамидалар құрастырады;
кеңістікте бағдарлаудың бастапқы дағдыларын игерген.
62. Құрастыру
Құрылыс материалдарынан және ірі конструктор бөлшектерінен құрастыру.
Біліктерді қалыптастыру:
1) жеке жиһаз заттарын түрлі нұсқада құрастыру, бірден екі-үш құрылысты тұрғызу (үстел және орындық, үстел және диван), құрылыстық қасиетін ескере отырып материалды таңдау;
2) құрылыс масштабына сәйкес сюжеттік ойыншықтарды қолдана отырып оларды ойнату және тұрғызылған қарапайым құрылыстарды атау, қорапқа құрылыс бөлшектерін ұқыптылықпен жинастыру;
3) балалармен бірге қарапайым құрылысты құрастыру.
Қарапайым құрастыру дағдыларын бекіту: қою, тіреу, басу.
Күтілетін нәтижелер:
пішіні, түсі, көлемі, қолданысы бойынша заттарды топтастырады және таңдайды;
құрылыс материалдарының (текшелер, кірпіштер) негізгі пішінін ажырата алады;
ересектердің көрсетуі бойынша қарапайым құрылыстар тұрғызады (қояды, тірейді, басады);
тұрғызылған қарапайым құрылыстарды атайды және ойыншықтарды қолдана отырып ойнатады.
63. Жаратылыстану
Балаларды үйрету:
1) тірі және өлі табиғат құбылыстарына қызығушылық танытуға;
2) табиғи материалдардың қасиеттерімен (құм шашылады, құмнан қуыршақтарға ыдыс мүсіндеуге болады) таныстыру;
3) суреттен жануарларды тауып, атауға;
4) жануарлардың сипаттық ерекшеліктерімен таныстыру, дене бөліктерін (танау,құйрығы,аяқтары) ажыратып және атай білуге;
5) көкөністер мен жемістер туралы (қызанақ, қияр, сәбіз,алма) қарапайым түсініктерін қалыптастыру;
6) қоршаған табиғаттың сұлулығын байқауға үйрету.
Бақылау:
1) ауладағы ересектердің еңбегін (аула сыпырушының еңбегін);
2) аулаға ұшып келетін құстарды (торғайлар, көгершіндер,қарғалар);
3) домқұстарын (тауық, қораз,үйрек);
4) июньға тән табиғат құбылыстарын;
5) өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық көрсету.
Күтілетін нәтижелер:
суреттен жануарларды тауып, атайды, олардың сипаттық ерекшеліктерін атайды;
көкөністер мен жемістердің бірнеше түрлерін сыртқы түрі және дәмі бойынша дұрыс атайды және ажыратады;
домқұстарының өздеріне тән ерекшеліктерін атайды;
ағаш, шөп, гүл сөздерін дұрыс қолданады;
табиғи материалдардың қасиеттері туралы түсініктерге ие;
өсімдіктер мен жануарларға қамқорлық жасайды.
10-параграф. "Шығармашылық" білім беру саласы
64. "Шығармашылық" білім беру саласының базалық мазмұны сурет салу, мүсіндеу, аппликация, музыка ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады.
65. Мақсаты балалардың эстетикалық қабылдауын қалыптастыру, дербес тәжірибелік және шығармашылық әрекетті дамыту болып табылады.
66. Міндеттері:
бейнелеу өнеріне, музыкаға, ән айтуға, қарапайым аспаптарда ойнауға шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру;
қағазбен, қарындашпен, қылқаламмен, бояулармен, сазбалшықпен таныстыру;
желімсіз жапсыру техникасын жетілдіру;
бейнелерді қағаз парағына толық орналастыруды, дөңгелек, ұзын пішіндерге ұқсас заттарды бейнелеуге үйрету;
суретшілердің суреттерімен таныстыру;
материалға ұқыпты қарап, дұрыс қолдана білуге үйрету;
балаларды музыкалық шығармашылыққа, жақсыны сезінуге тәрбиелеу.
11-параграф. І жартыжылдық
67. Сурет салу
1) балалардың бейнелеу әрекетіне деген қызығушылығын ояту;
2) балалардың көркемдік қабылдауларын дамыту;
3) сурет салу техникасын жетілдіру. Түзу, көлденең, тік, толқын тәрізді және тұйықталған дөңгелек сызықтарды жүргізуді, осы әрекеттерді ырғақты қайталауды үйрету (жаңбыр, қар, жол, түтін), парақ бетінде бейнені орналастыру;
4) балалардың ашық түсті бояуларға деген эмоционалды - эстетикалық қатынасын тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
дөңгелек, ұзын пішіндерге ұқсас заттарды бейнелей алады;
қағаздың қасиеттерін біледі; қарындашты дұрыс ұстай алады (үш саусақпен);
түстерді ажыратады және дұрыс атайды;
өзінің салған суретіне қуанады, онда не бейнеленгенін айтады.
68. Мүсіндеу
1) балалардың сазбалшық, ермексаз және оның қасиеттері туралы білімдерін қалыптастыру;
2) сазбалшықты дұрыс қолдану біліктерін жетілдіру;
3) техникалық дағдыларды қалыптастыру: заттардың қарапайым және одан да күрделі пішіндерін мүсіндеу.
Күтілетін нәтижелер:
сазбалшықтың, ермексаздың қасиеттерін біледі;
сазбалшықпен, ермексазбен жұмыстың бастапқы дағдыларына ие;
мүсіндеудің қарапайым тәсілдерін меңгерген (үлкен кесектен кішкентай бөліктерді бөліп алады, оларды біртұтас етіп біріктіреді, сазбалшықты өздігінен илей алады);
бірдей және түрлі көлемді шарларды біріктіру жолдарымен заттарды мүсіндейді.
69. Аппликация
Фланелеграфта бейнелеуді (сызықтарда, шаршыда), қағаз бетіне қоюға және құрастыруға үйрету.
Дағдыларды қалыптастыру:
1) фланелеграфпен жұмыс: қарапайым композиция құру және орналастыру;
2) фланелеграфтің кенебін қолдану арқылы геометриялық пішіндерді, машиналарды, үйлерді, доптарды, шарларды, гүлдерді, қазақтың ұлттық бас киімдерін, тағы басқа орналастыру.
Күтілетін нәтижелер:
қағаз бетіне геометриялық пішіндерден қарапайым пішіндер (машина, үй, қар адамы) құрастырады және орналастырады;
фланелеграфта қарапайым композицияларды орналастырады және құрастырады;
орындалған жұмысқа қуанады.
70. Музыка
Музыка тыңдау
1) музыка тыңдауға қызығушылықты және түрлі жанрлы музыкалық шығармаларды: ән, полька, марш, вальс, баяу және көңілді әндер тыңдау ережесін сақтауды қалыптастыру;
2) әннің мағынасын түсіну, қоңыраулардың жоғары және төмен дыбысталуын, фортепианоның дыбысталуын, түрлі ырғақты, түрлі музыкалық аспаптарда орындалған таныс әуендерді тыңдау, бұл әуендерді тани білу дағдыларын қалыптастыру;
3) жаңа әндерді музыкалық-қимылдық көрсетусіз тыңдау.
Ән айту
1) ән айтуға қызығушылықты, тәрбиешінің дауыс ырғағына еліктеу, әннің сөздері мен жеке буындарды айту, созылыңқы дыбысталуға еліктей отырып ересекпен қосылып ән айту, аспаптардың шығаратын және ересектің ән айтуына келтіріп, әнді күш түсірмей, табиғи дауыспен, дауысты жылдамдатпай, жеке сөздерді айқайламай айтуды қалыптастыру;
2) әнді жеке және топпен айту, әуеннің жеке екпінін және ырғақты дұрыс жеткізу дағдыларын қалыптастыру.
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар
Дағдыларын қалыптастыру:
1) музыканың ашық берілген сипатына сай қимылдар жаса;
2) пьесаның екі бөлімді формасының қимылдарын ауыстыру, басталуы мен аяқталуындағы дыбысталу күшін өзгерту (қатты-баяу);
3) музыканың сүйемелдеуімен жүру және жүгіру, қол ұстасып, жұптасып, шеңбермен жүру;
4) қарапайым би қимылдары: шапалақтау және бір уақытта аяқпен тарсылдату, жартылай отыру, аяқтан аяққа тербелу;
5) әнді сахналауда қимылдардың жеке элементтерін қолдану, күрделі емес қимылдар бірізділігін есте сақтау;
6) бубенмен, сылдырмақпен, бірқалыпты ырғақты, түрлі бейнелік- ойын қимылдарын бере отырып заттармен қимылдар жасау;
7) жаттығулар мен билерде сүйемелдейтін музыканың қарама- қарсылығына сәйкес (ақырын-қатты, жоғары-төмен, баяу – жылдам) бір қимылдардан басқаларына ауысу;
8) мазмұнды музыкалық ойындарда қимылдардың сипатын беру және оның кейіпкерлері мен қимылдарының музыкалық сипатын беруге сәйкес ойынның бір кезеңінен келесісіне өту.
Күтілетін нәтижелер:
музыкалық шығармалардың сипатын (баяу және көңілді әндер мен пьесаларды) ажыратады;
музыкалық шығарманың мазмұнын түсініп, (кім, не туралы айтылатыны) көңіл- күйін білдіреді;
әннің бөліктерін айта алады (ересекпен бірге), ересектердің көрсеткен қимылдарын қайталайды (шапалақтайды, аяқтарымен топылдатады, қол білектерімен айналдыруды орындайды);
қимылдарын музыканың басталу сәтінен аяқталғанға дейін орындайды (қоян секіреді, көбелектер ұшады);
музыка және әннің мазмұнына қарай би қимылдарын шеңберде тұрып орындайды;
кейбір музыкалық аспаптарды атайды (барабан, бубен, сылдырмақ).
12-параграф.ІI жартыжылдық
71. Сурет салу
Біліктерін қалыптастыру:
1) парақ бетіне бояу жағу арқылы қарама-қайшы түстегі дақтарды үйлестіріп бейнелей білу;
2) қағаз бетіне тура, көлденеңінен, тік және толқын тәрізді сызықтарды бейнелеу, дәстүрден тыс тәсілмен сурет салу (шарлар, күннің көзі, балықтар және тағы басқа);
3) бояулармен жұмыс жасау;
4) қағазға, құмға саусақпен сурет салу;
5) балаларды ересектермен бірге әрекет етуге (ересектердің салған суреттерін толықтыру) қызығушылықтарын тудыру;
6) бейнелеу өнері әрекетінің нәтижесіне қызығушылық танытуын қалыптастыру: балалардың жұмысын қарау және талдау, таныс заттар мен кейіпкерлерді табу;
7) қағаз бетін бағдарлай білуге үйрету.
Дағдыларды қалыптастыру:
1) белгілі бір ережелерді орындау дағдыларын қалыптастыру: түзу отыру, тек қағаз бетіне сурет салу, қағазды жұмарламау, қарындашты тықылдатпау;
2) жұмысты ұқыпты орындау.
Күтілетін нәтижелер:
қағазға және құмға сурет салудың (үздіксіз айналмалы сызықтар жүргізеді) бастапқы техникасын меңгерген;
түрлі-түсті қарындаштармен, фломастердің, гуашьтің төрт түсімен сурет салу біледі;
қағаз бетіне бояулармен штрихтар, жақпалар, сызықтар салады;
қағаз бетін бағдарлай алады.
72. Мүсіндеу
Дағдыларын қалыптастыру:
1) шыны аяқ, табақты илеп жасауда саз кесегін саусақпен басып, тереңдету;
2) заттардың ұқсастықтарын табу;
3) кесектерді біріктіруге үйрету;
4) қуыршаққа арналған әшекейлерді мүсіндеу: білезік, жүзік, қол сағаттар;
5) мүсіндеуге арналған материалдарды қолдану;
6) арнайы тақтайша үстінде илеу;
7) қолды дымқыл шүберекпен сүрту;
8) дайын болған бұйымды тұғырға орналастыру, жұмыстан кейін материалдарды жинастыру.
Күтілетін нәтижелер:
сазбалшықтың кесегін алақан арасына салып илей алады (шар), жоғарғы бөлігін саусақпен басып тереңдетеді (қуыршақтарға арналған печенье);
түрлі пішіндерді біріктіру әдісімен заттарды мүсіндейді (саңырауқұлақ);
мүсінделген пішіндерді өзіне таныс заттармен салыстырады;
мүсіндеу кезінде техникалық дағдыларды біледі және қолданады;
халық ойыншықтарын қарастыру барысында қуаныш білдіреді, орындалған жұмыс туралы әсерлерімен бөліседі.
73. Аппликация
Симметриялық пішіндерді орналастыра білуді және жапсыру мен сурет салуды кіріктіруді қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
түрлі пішіндерді біріктіру арқылы заттарды фланелеграфта орналастырады (жіпке байланған шар, үйшік);
дайын сұлбаға элементтерін салып аяқтайды (марғаудың құйрығын салады);
бастапқы техникалық дағдыларды біледі және қолданады, қағаз бетіне симметриялық пішіндерді орналастырады .
74. Музыка
Музыка тыңдау
Музыканы тыңдай білуді, таныс әндерді және оларға тән ерекшеліктерін тани білуді қалыптастыру. Музыкалық иллюстрациялармен сүйемелденген әңгімелерді қызығушылықпен тыңдауға баулу.
Музыканы есте сақтау, кейіпкерлерді иллюстрация және әңгіме бойынша тану дағдыларын қалыптастыру.
Ән айту
1) әнді уақытында бастау және аяқтау, озып кетпеу немесе қалып қоймау, кідірісті сақтау;
2) әндегі қайталанатын тіркестерді ересектердің дауыс интонациясына салып, айту дағдыларын қалыптастыру.
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар
Дағдыларын қалыптастыру:
1) қол қимылдарын: "шапалақ - шапалақ", аяқ қимылдарын: "топ-топ" орындау, денені оңға, солға бұру, басты оңға, солға ию, қолдарды сермеу, шеңбер бойымен жүру;
2) музыкалық-ырғақты қимылдарды: кезекпен аяқтың ұшымен, өкшемен қою, орнында тұрып топылдату, шеңбер бойымен бір орында, шашыраңқы топылдатып жүру;
3) таныс қимылдарды жаңа музыкамен сәйкес есте сақтау, қайталау;
4) ұйымдастырылған оқу қызметі кезінде үйренген әнді айта отырып, сәйкес қимылдарды қайталау;
5) дербес ойындар мен әрекеттер кезінде ойнаған аспаптардан дыбыстар шығаруға талпыну (ересектердің қатысуымен);
6) әндерді үйреніп айту және ересектердің қимылдарына еліктеп, қиялдағы аспапта сүйемелдеу;
7) түрлі аспаптарда педагогтың орындауындағы және үнтаспадағы әндер мен пьесаларды тыңдау, таныс әндерді қосылып айту, күрделі емес қойылымдарға, ойындарға және билерге қатысу.
Күтілетін нәтижелер:
таныс әндерді таниды және дыбыстардың жоғарылығын ажыратады;
әннің мағынасын түсінеді;
ересекпен бірге ән айтуға ынта білдіреді;
музыкалық аспаптарды атайды (сылдырмақ, барабан, домбыра);
музыкалық фразалардың жоғары және төмен дыбысталуын ажыратады, ырғақты және әуеннің жеке екпінін дұрыс жеткізіп, әннің сөзін есінде сақтайды;
музыка сипатына сәйкес қозғалады.