Тулепбекова Актолкын Аллазимовна
«Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі»
Білімі - жоғары
Санаты - екінші
Еңбек өтілі 8- жыл.
Мен- тәрбиешімін, болашақ ұлтты тәрбиелеушімін. Осы тіркес көкірегіме мейірімділік пен өзіме деген сенімділік ұялатады.
Әр- бір ана баласымен балалық шағын өткізгенде бақыт құшағына енеді. Ал мен болсам балалық шаққа әр күн сайын енемін. Менің өмірім ол, бала-бақша. Менің кішкентай бөбектерім. Әр күн сайын олардың сүйкімді жүздерін көргенде еріксіз күлімсіреймін.
Мен тәрбиешімін. Осынау мамандықтың қызығы мен қиындығын өзі балалардың арасында жүрген адам ғана түсіне алады. Балаларды ойлау, оларға қамқоршы болу, оларды сүю әр-бір адамның басына берілмеген ең ғажап сезім.
Балаларды «өмір гүлі» десе, тәрбиешілерді «бағбандар» деп атау тегін емес. Сол себепті маған жер бетіндегі ең қымбат қазына балаларға ақыл, мейірім, адамгершілік сияқты асыл қасиеттерді себу жүктелген.
Егер де тәрбиеші балаға ата-анасы сияқты махаббат сыйлай алса, ол көп кітап оқыған, бірақ балаға деген махаббаты жоқ тәрбиешіден әлдеқайда жоғары болмақ. Жұмыс үрдісі маңызды емес, ең бастысы балалармен өткізген шағың қымбат. Бала махаббаты ол кез келген марапаттаудан да артық болады. Ең жоғарғы марапат бұл балалардың саған деген махаббаты.
Тәрбиеші деп мамандықты оқып қолына диплом алған адам ғана емес, тәрбиеші ол осы ұлағатты есіммен бірге жасайтын тұлға.
Маған біздің болашағымыз, балалармен бірге болу берілгені – өз өмір салтымды дұрыс таңдағаным деп білемін.