Оспанова Гульнар Сагидолдаевна

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты мамандығы: "Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі" Аймактық әлеуметтік -инновациялық университеті "Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу" Білімі - жоғары
Санаты - педагог-модератор 2021ж
Еңбек өтілі 25- жыл.
«Мен мектепке дейінгі мекеме әдіскерімін»
Өз сөзімді бастай келе жаңашыл әдіскер қандай болу керек?- деген сұраққа жауап бергім келеді.
Жаңашыл әдіскер
- Әдіскер - технолог
- әдіскер - басқарушы
- әдіскер - педагог
- әдіскер - зерттеуші
Бірінші орында балаға жан тәнімен жылуын беру, өз мамандығын сүйетін жан болу керек.
Менің өмірдегі бақытым – жүрек қалауым балалармен жұмыс жасау, балалардың қуанышымен күлкісінен нәр алу. Ғұлама ұстаз Әл - Фараби айтқандай «Білім берме, тәрбие бер» - деген екен «Тәрбие – өмірдің өзекті мәселесі» екенін есімізге сала отырып, біз өз - өзімізді ізгілікке, имандылыққа, ұлтжандылыққа, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелесең ғана, баланы дұрыс баулығаның! Сонда ғана балаларымыздың болашағына, тәрбиесіне жауапты жандармыз. Балабақшаның әрбір күнін қызықты да тартымды, мәнді де мағыналы өткізуді жоспарлаған тәрбиешінің мақсаты – бала тағдырына жауапты екенін естен шығармау. Сол себептен өз ісімді балабақшамыздағы тәрбиешілердің заман талабына сай білімдерін жетілдіріп, шығармашылықпен жұмыс жасауына бағыт бағдар беріп қолымнан келгенше көмектесуге тырысамын.