Жүзбаева Айгүл Сейдалимовна
ҚМҚПИ Педагогика және психология (мектеп жасына дейінгі)
Білімі - жоғары
Санаты - жоғары
Еңбек өтілі 36- жыл.
«Ел есіңде бір жыл қалғың келсе - ас бер, он жыл қалғың келсе - ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе - бала тәрбиеле» дейді дана халқымыз. Баланың ой - өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына біздің тәрбиешілердің сіңірер еңбегі орасан. Сондықтан да Сөзіміз – түзу, Еңсеміз – биік, Рухымыз – мықты болсын десек бірегей тәрбиеші мамандығын ұлықтай білейік. Ұрпағымыздың тамырына нәр беретін мамандық екендігін естен шығармайық.
«Білерім - бір тоғыз, білмейтінім - тоқсан тоғыз» демекші, білген сайын білмейтінін көп екенін ұға түсесің. Біз, тәрбиешілер, түрлі болашақ маман иелерін тәрбиелеп жатырмыз десем артық болмас. Болашақ заңгерлерді - әділдікке үйрету, дәрігерлерді - жауапкершілікке баулу, мейірімділікке үйрету, құрылысшыларды - нақтылыққа тәрбиелеу – барлығы тәрбиешінің қолында. Білімді ешқашан өзін білгіш қып көрсетуге тырыспайды. Шын білімдінің зейін - зердесі кең, алыстан қарасаң - кербез, жақыннан қарасаң - кішіпейіл. Жүзіне үңілсең - мейірімді, жанына үңілсең - шуақты көрінбек. Міне, осындай кербез, кішіпейіл, мейірімді, шуақты тәрбиеші атансам адами парызымның орындалғаны болар.