Мектепалды даярлық
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 12 августдағы № 499 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 14 сентябрьте № 14235 болып тіркелді
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 июльдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 августдағы № 1080 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бекітілсін.
2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;
3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | Э. Суханбердиева |
Қазақстан Республикасы |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Түсіндірме жазба
1. Бағдарлама "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5 және 14 баптарына, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді.
2. Бағдарламаның мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік, дағдыларын, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясына негізделген жалпыадамзаттық құндылықтарға, ұлтжандылыққа және толеранттылыққа тәрбиелеу, сондай-ақ баланың мектепте оқуға әлеуметтік-психологиялық, тұлғалық, ерік-жігерлік, физикалық және зияткерлік даярлығы.
3. Бағдарламаның міндеттері: баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін заттық-кеңістіктік дамытушы орта құру, мектепке дейінгі білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігі ұстанымдарын қамтамасыз ету, балалардың дене, зияткерлік, коммуникативтік, адамгершілік, эстетикалық дамуына бағытталған білім беру салаларын кіріктіру, әр жас тобында бағдарлама материалының мазмұнын игеруде балалардың дамуы мониторингін ұйымдастыру, мектепке дейінгі ұйым мен отбасының бірлескен ынтымақтастығы, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде ата-аналар қауымдастығының қажеттілігін қанағаттандыру.
4. Бағдарлама баланың коммуникативтік дағдыларының қалыптасуына, танымдық және әлеуметтік мотивтерінің көрінуіне, қызығушылығы мен білім алуға деген құштарлығының дамуына ықпал етеді.
5. Әр саладағы күтілетін нәтижелер сабақтардағы оқу мақсаттарының жүйесі арқылы беріледі.
6. Бағдарламаның мазмұны балалардың дене және психологиялық дамуының келесі жас кезеңдерін қамтиды:
Бөбек жасы – 1 жастан 3 жасқа дейін:
ерте жас – 1 жастан 2 жасқа дейін (ерте жастағы топ);
кіші жас – 2 жастан 3 жасқа дейін (бірінші кіші топ);
Мектепке дейінгі жас – 3 жастан 6(7) жасқа дейін:
мектепке дейінгі кіші жас – 3 жастан 4 жасқа дейін (екінші кіші топ);
мектепке дейінгі орта жас – 4 жастан 5 жасқа дейін (ортаңғы топ);
мектепке дейінгі естияр жас – 5 жастан 6 (7) жасқа дейін (5 жастан 6 жасқа дейін – мектепке дейінгі ұйымдағы ересектер тобы, 6 жастан 7 жасқа дейін – жалпы білім беретін мектептегі, лицейдегі, гимназиядағы мектепалды даярлық сыныбы).
7. Бағдарлама меншік нысанына қарамастан, мектепке дейінгі ұйымдардың барлық түрлері мен типтеріне және мектепалды даярлық сыныптарына ұсынылады.
7-тарау. Мектепалды даярлық сыныбы
(6 жастан 7 жасқа дейін)
1-параграф. "Денсаулық" білім беру саласы
214. Мақсаты белсенді қимыл әрекет дағдылары мен денелік өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру және дамыту, балаларды салауатты өмір салты негіздеріне баулу болып табылады.
215."Денсаулық" білім беру саласында келесі сабақ түрлері ұсынылады:
1) дене шынықтыру,
2) қауіпсіз мінез-құлық негіздері.
216. "Денсаулық" білім беру саласындағы оқу жүктемесі:
"Денсаулық" білім беру саласы | Апталық оқу жүктемесі |
Дене шынықтыру | 2,5 |
Қауіпсіз мінез-құлық негіздері | 0,5 |
2-параграф. Дене шынықтыру
217. Мақсаты қимыл-қозғалыс дағдылары мен ептілігін дамыту, қимыл-қозғалыс мәдениетін меңгеру, өзінің қауіпсіз тіршілік әрекетінің дағдыларын қалыптастыру; салауатты өмір-салтына баулу болып табылады.
218. Міндеттері:
балалар денсаулығын нығайту, ағзаларын шынықтыру,
балалардың денелік сапа көрсеткіштерін дамыту,
күнделікті қимыл іс-әрекетіне деген қажеттілікті қалыптастыра отырып, дербес қимыл белсенділігін дамыту,
балалардың қимыл-қозғалыс дағдылары арқылы шығармашылық қабілеттері мен сыни ойлауын дамытуға мүмкіндік беру,
тұрмыста, көшеде, табиғат жағдайларында өзін-өзі ұстай білудің қауіпсіз дағдылары мен қиын жағдаяттарда ересектерден көмек сұрау біліктерін қалыптастыру.
219. "Дене шынықтыру" сабағының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған, олар күтілетін нәтижелер түрінде берілген оқу мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогқа жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
Бөлім | Бөлімше |
1. Денсаулық және дене бітімі | 1.1 Денсаулықты нығайту |
1.2 Дене бітімін жетілдіру | |
2. Қозғала білу және сенімділік | 2.1. Қозғалыс |
2.2 Дене қуаты қасиеті | |
3. Ынтымақтастық және басқару | 3.1 Командада жұмыс жасау |
3.2 Дене шынықтырудағы техника мен тактика | |
4. Шығармашылық қабілеттер және ойлау | 4.1 Ойындардағы шығармашылық қабілеттер |
2. Оқыту мақсаттарының жүйесі
1-бөлім. Денсаулық және дене бітімі
Бөлімше | Оқу мақсаттары |
1.1 Денсаулықты нығайту | 0.1.1.1 заттармен және заттарсыз жалпы дамытушы жаттығуларды орындау |
1.2 Дене бітімді жетілдіру | 0.1.2.1 ағзаның төзімділігі мен жаттыққандығын жетілдіру үшін түрлі жүктемелерді біртіндеп үдетумен дене жаттығуларын орындау |
1-бөлім. Денсаулық және дене бітімі
1.1 Денсаулықты нығайту
Заттармен және заттарсыз жалпы дамытушы жаттығулар орындайды: қолдарын кеудесімен және аяқтарымен бірге қимылдар орындай отырып, әртүрлі қарқында бірдей және кезектестіріп көтеру, жазу, бүгу, айналдыру, әртүрлі қалыпта кеудесін айналдыру, қолдарын (жоғары, жанына, арқасына) бірге қозғалтып отыру, екпетінен жатып қолын жанына созу, жоғары көтеру, шалқасынан жатып аяқтарын бірге (кезектестіріп), тартылып көтеру, айқастыру, арқасынан екпетіне және кері аунап түсу, бүгілу, әртүрлі қалыптан оңға, солға бұрылу, жанына, алға, артқа қисаю, қолдарын әртүрлі қалыпта ұстап алға, артқа, жанына қарай ұмтылу, орнында тұрып, аяқтарының ұшымен, өкшесімен, жылжыған қадаммен аттау, аяқтарының башпайларымен ұсақ заттарды қармау және оларды бір орыннан екінші орынға ауыстыру.
1.2 Дене бітімді жетілдіру
Жекелеген бұлшық ет топтарына, буындарға, сіңірге және олардың жағдайы мен қызметтерінің түрлеріне (бұлшық еттің босаңсуына, созылуына және т.б.) дене жаттығуларын орындайды, заттарды, дене шынықтыру снарядтарын, жабдықтарды пайдаланып, шанамен сырғанау, шаңғымен жүру, коньки тебу, жүзу; таза ауада дене жаттығуларын түрлі қозғалыс тәсілдерімен (жаяу, шаңғымен, велосипедпен) орындайды.
2-бөлім. Қозғала білу және сенімділік
Бөлімше | Оқу мақсаттары |
2.1 Қозғалыс | 0.2.1.1 бір орында тұрып және қозғалыс барысында сапқа тұру түрлерін, мәнерлі сап түзу, жүру түрлерін орындау |
0.2.1.2 жүру мен жүгірудің негізгі түрлерін орындау, оларды алмастыру, қарапайым дене жаттығуларымен алмастыру | |
0.2.1.3 гимнастикалық орындық пен еңіс тақтайдың бойымен жүру кезінде тепе-теңдікті сақтау | |
0.2.1.4 секірудің әр түрлі түрлерін орындау, тепе-теңдікті сақтай отырып, өзгермелі жағдайлардағы секірулер | |
0.2.1.5 өрмелеу, өрмелеп шығу, астымен еңбектеу, еңбектеп өту түрлерін орындау | |
0.2.1.6 қашықтыққа, көлденең және тік нысанға лақтыру | |
0.2.1.7 допты домалату, лақтыру және қағып алу, допты жерге оң қолмен және сол қолмен ұру, екі қолымен басынан асыра лақтыру және бір қолмен кедергіден лақтыру | |
2.2 Дене қуаты қасиеті | 0.2.2.1 дене қуаты қасиеттерін көрсету: әр түрлі дене әрекеті түрлеріндегі ептілік, жылдамдық пен реакция |
0.2.2.2 құрдастарының шағын тобымен таныс ойындарды ұйымдастыруда дербестік пен бастамашылдықты дамыту | |
0.2.2.3 кеңістікте, уақытта бағдарлануды, орындық/бөрене арқылы жоғары және төмен жүру барысында және берілген қалыпта тепе-теңдікті сақтау ептілігін дамыту |
2-бөлім. Қозғала білу және сенімділік
2.1.Қозғалыс
Жүру. Қолдарын әртүрлі гимнастикалық қалыпта ұстап тұрып, аяқтың ұшымен, айқастырып, әдеттегідей, кең, тар, сүйеу адыммен алға және артқа, өкшеден аяқтың ұшына алмасып, жүрелей отырып; шектелген жазықтықпен, белгілі бір қалыпта (аяқтың ұшымен тұрған, жартылай отырған күйде) тоқтай қалып, көзін жұмып, бұрын жүрілген жерлермен жүру.
Жүгіру. Аяқтың ұшымен, аяқты артқа қарай бүгіп, тізені жоғары көтеріп, аяқты алға қарай лақтырып, қысқа және кең адыммен жүгіру. Әртүрлі қалыппен жүгіру, сапта біреуден, екеуден, әртүрлі бағытта, әртүрлі тапсырмаларды орындай отырып, кедергілерден өту, айналып тұрған секіртпенің астынан; 80-120 м үздіксіз 2-3 минутта, орташа жылдамдықпен (2-4 рет жүрумен алмастырып) жүгіріп өту, бұрын жүрілген 400 м дейінгі жерде баяу, 20 м үзіліспен (2-3 рет) шапшаң жүгіріп өту, шоқырақтап, жарыса жүгіру.
Секіру. Орнынан, айналып, 5-6 м алға жылжып, аяқтарының арасына допты қыса отырып (салмағы 1 кг) секіру, орнығып отырған қалыптан жоғары қарай; бала қолын көтерген қалпында тұрған орнынан және жүгіріп келіп 25-30 см биікте ілінген затты алу мақсатында, орнынан ұзындыққа; жүгіріп келіп биіктікке, секіртпе арқылы, құрсау арқылы, бір аяғымен сызықтан, арқаннан (алға, артқа, жанына қарай ұмтыла) секіру.
Еңбектеу, өрмелеу. Гимнастикалық орындықта еңбектеу: төрт тағандап, етпетімен және шалқасынан, қолымен тартыла отырып және аяғымен серпіліп, "жыланша". Заттың астынан, арасынан әртүрлі әдістермен (заттардың биіктігі 35-50 см) еңбектеу. Гимнастикалық қабырғамен қарқынды өзгерте отырып аяқтардың айқасқан қимылдарымен бірге және бір жерден екінші жерге өрмелеу.
Лақтыру, қағып алу, көздеп лақтыру. Допты жоғарыға, жерге лақтыру, қос қолмен (15-20 реттен кем емес), бір қолымен (8-10 реттен кем емес), басынан асыра, әртүрлі қимыл жасай отырып, әртүрлі қалыптан қағып алу. Допты заттардың арасымен домалату. Бір-біріне допты төменнен, аяқтарын әртүрлі қалыпта қойып отырған жағдайда, тор арқылы беру. 5-15 м кем емес қашыққа, кеуде тұсынан көлденең нысанға екі қолымен, астынан, оң және сол қолымен (арақашықтығы 4-5м), тік нысанға оң және сол қолымен (арақашықтығы 4-5м) дәлдеп лақтыру.
Тепе-теңдікті сақтау. Басына зат қойып, қолдарын әртүрлі қалыпта арнайы сызықтың бойымен жүргенде тепе-теңдік сақтау, гимнастикалық орындықтың бойымен жанына қарай адымдап жүру, отырып тұруды орындау, шыр айналу және гимнастикалық орындықтың бойымен жүруді жалғастыру, аяқтарын жоғары көтере отырып, және оның астынан шапалақ ұрып жүру, қолдарын түрлі қалыпқа қойып, еңіс тақтаның (ені 10-15 см, биіктігі 40 см) бойымен тура және қырындап жүру, жіптің бойымен жүру, көздерін жауып 1 аяқта тұру, бір аяқпен алға ұмтыла секіру, құм салынған қапшықты ұстап тұру және отыру.
Сап түзеу, қайта құру. Өз бетімен бір-біреуден, шеңбермен, қатармен өздігінен сапқа тұрады. Қайта сап түзеу – бір саптан екіншіге ауысады. Екеуден, үшеуден, төртеуден, біреуден бернеше шеңберге (2-3) қайта тұрады.
2.2. Дене қуаты қасиеті
Жаттығулар орындайды:
ептілікті дамытуға арналған: әртүрлі пішіндегі, құрамдағы, салмақтағы заттармен жаттығу, қимыл қарқыны мен ырғағын өзгерту, бірнеше қатысушылармен үйлескен бірдей қимылдар орындау
күш қасиеттерін дамытуға арналған: қолдарды орындыққа сүйеп, аяқтарды созып, қолдарды жазып-бүгу, яғни кеудені жоғары көтеріп, төмен сығу, қолмен 5 м жүру (екінші бала қолмен жүретін баланы аяқтарынан ұстайды), гантельдермен жаттығулар, арқан тарту, керме мен дөңелектерге тартылу, үрленген шарлармен жүгіру және басқалар
иілгіштікті дамытуға арналған: еңкею, тербелу, айналмалы қимылдар, акробатикалық жаттығулар ("қарлығаш", "себет", "көпір" және т.с.с.)
шыдамдылықты дамытуға арналған: шеңбер бойымен бағытты өзгерте отырып, 5 минут жүгіру, заттарды тасымалдайтын түрлі эстафеталар, ойлы-қырлы жерлермен жүгіру, 20 сек. - 60 сек. секіртпемен секіру, велосипедпен жүру, түрлі тәсілдермен шаңғымен көтерілу, 15-25 минут бойы кез-келген қимыл-қозғалыс ойындары
көз мөлшерді дамытуға арналған: "Нысанаға тигізу", "Асықтар", кеглдер және басқалар.
3-бөлім. Ынтымақтастық және басқару
Бөлімше | Оқу мақсаттары |
3.1.Командада жұмыс жасау | 0.3.1.1. алуан түрлі ойын түрлерінде әр түрлі дене жаттығуларын орындау барысында басқа қатысушыларға тактикалық көмек көрсету |
0.3.1.2 командалық ойындар рөлдері мен тәсілдерін қолдану | |
0.3.1.3 әділетті ойын мен әділетті төрелік белгілерін анықтау | |
3.2.Дене шынықтырудағы техника мен тактика | 0.3.2.1 әртүрлі спорттық сабақтарға қажетті ресурстарды анықтау және оларды техника қауіпсіздігін ескере отырып қолдану |
3-бөлім. Ынтымақтастық және басқару
3.1 Командада жұмыс жасау
Командалық спорттық ойындар
Баскетбол. баскетболшының тұру қалпын қабылдайды, тұрған қалыптан және қозғалыс кезінде допты бір-біріне беру, жүріп және жүгіріп допты оң және сол қолмен алып жүреді, допты себетке салады.
Футбол. Футбол добын оң және сол аяқпен домалату, жұптасып тұрып, допты аяқпен бір-біріне орыннан және қозғалыс кезінде беру тәсілдерін игереді, доппен затты айналдыра жүреді, допты тоқтатады, көтеріп тебеді, қақпаға домалатады.
Хоккей. Берілген бағытта, затты айналдыра, заттардың аралығымен доптаяқпен шайбаны алып жүреді, жұптасып бір-біріне орыннан және қозғалыс кезінде шайбаны береді, шайбаны затты айналдыра жүреді, шайбаны тоқтатады, қақпаға доптаяқпен шайбаны оң жақтан, сол жақтан, тұрған орыннан және енгізгеннен кейін сырғанатады, эстафета.
3.2. Дене шынықтырудағы техника мен тактика
Әртүрлі спорттық сабақтарға арналған қажетті техника мен тактика элементтерін орындайды және оларды техника қауіпсіздігін сақтай отырып қолданады, түрлі ойындарда түрлі дене жаттығуларын орындайды. Жаңа қимылдық әрекеттерді орындайды және оларды жалпылама орындай алады, қимылдарды дербес орындауға қызығушылық танытады.
4-бөлім. Шығармашылық қабілеттер
Бөлімше | Оқу мақсаттары |
4.1.Ойындағы шығармашылық қабілеттер | 0.4.1.1 ойындағы шығармашылық қабілеттерді дамыту (ойынның түрлі нұсқаларын ойлап табу, қимылдарды құрастыру) |
0.4.1.2 дербес түрде таныс қимыл-қозғалыс ойындарды және жаттығуларды өткізу |
4.1 Ойындағы шығармашылық қабілеттер
Берілген мазмұн бойынша педагогтың көмегімен таныс қимыл-қозғалыс ойындарын ұйымдастырады. Ойын-эстафеталар, қызықты ойындар, аттракциондар ұйымдастыру арқылы қимыл белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін танытады.
3-параграф. Қауіпсіз мінез-құлық негіздері
220. Мақсаты денсаулық сақтау технологияларын қолдана отырып, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын және салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
221. Міндеттері:
денсаулық сақтау дағдыларын қалыптастыру,
өзіне-өзі қызмет ету және өзара көмек көрсету дағдыларын дамыту,
тұрмыстағы, көшедегі және табиғат аясындағы қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту,
салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын түсінуді қалыптастыру.
222. "Қауіпсіз мінез-құлық негіздері" сабағының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған, олар күтілетін нәтижелер түрінде берілген оқу мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогқа жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
Бөлім | Бөлімше |
1.Жеке бас гигиенасы | 1.1 Адамның дене құрылысы |
1.2 Дене гигиенасы | |
1.3 Режим дня | |
1.4 Шынығу | |
2.Дұрыс тамақтану | 2.1 Дұрыс тамақтану ережесі |
2.2 Дәрумендердің пайдалы қасиеттері | |
3.Қауіпсіздік ережесі | 3.1 Мен үйдемін |
3.2 Көшедегі қауіпсіздік | |
3.3 Табиғат аясында |
1-бөлім. Жеке бас гигиенасы
Бөлімше | Оқу мақсаттары |
1.1Адамның дене құрылысы | 0.1.1.1 адам денесінің құрылысын білу |
0.1.1.2 сымбатты сақтаудың негізгі ережелерін біліп, қолдану | |
1.2 Дене гигиенасы | 0.1.2.1 ауыз қуысы мен денеге күтім жасаудың гигиеналық ережелерін түсіндіру |
1.3 Режим дня | 0.1.3.1 тамақтану, ұйқы, демалыс, күн тәртібін сақтаудың қажеттілігін түсіну |
1.4 Шынығу | 0.1.4.1 денсаулықты нығайтудың тәсілдері мен шынығу түрлерін біліп, дене жаттығуларын орындау |
1.1. Адамның дене құрылысы. Өз ағзасы туралы, адам денесінің бөліктері мен олардың қызметі, денсаулықты сақтау және қорғау әдістері туралы ұғымға ие. Дұрыс сымбат туралы негізгі ережелерді біледі және қолданады, өз бетімен дұрыс сымбатты тексереді және сақтай біледі, түрлі ойындар мен жаттығулар арқылы денсаулықты нығайту туралы практикалық біліктерді орындайды.
1.2. Дене гигиенасы. Белсенді қимыл әрекетіне қызығушылық танытады, негізгі гигиеналық талаптарды орындайды: ауыз қуысы мен тәнге күтім дұрыс жасау. Жеке бас гигиенасын сақтайды, мәдени-гигиеналық әдеттерін жетілдіреді.
1.3.Режим дня. Адам денсаулығы үшін күн тәртібінің маңызы оны саналы түрде орындау туралы түсінікке ие. Тиімді тамақтану, қимыл белсенділігі, шынығу, мәдени-гигеналық шаралар, өз мінез-құлқын психо-эмоциялық реттеу, аурудың алдын алуға қызығушылық танытады. Өз күн тәртібін жоспарлай алады.
1.4. Шынығу. Шынығудың бала денсаулығына маңызы мен ықпалы туралы біледі. Қарама-қарсы ауа, күн және су шараларын дене жаттығуларымен сәйкестендіріп орындайды. Асфальтпен, құммен, ірі, ұсақ тастармен жалаң аяқ жүреді. Шынығудың әртүрлі түрлерін бірге жасайды: сүртіну, құйыну, бір қалыпты қарама-қарсы душ, тамағын дәрілік шөптердің тұнбасымен шаю.
2-бөлім. Дұрыс тамақтану
Бөлімше | Оқу мақсаттары |
2.1 Дұрыс тамақтану ережесі | 0.2.1.1 дұрыс тамақтану ережесін біліп, қолдану |
0.2.1.2 дұрыс тамақтану мәдениетінің маңызын түсіну арқылы тамақтану мәдениетін сақтау | |
0.2.1.3 пайдалы және зиянды азық-түліктерді ажырату | |
2.2 Дәрумендердің пайдалы қасиеттері | 0.2.2.1 дәрумендердің пайдасын біле отырып, түсіндіру |
0.2.2.2 дәрумендер неде кездесетінін білу |
2.1. Дұрыс тамақтану ережесі. Мәдениетті тамақтану ережесін біледі. Түсі, иісі, пішіні бойынша сапалы өнімдерді ажырата алады.
Тамақтану мәдениеті. Тәттіні көп жеудің зияны туралы біледі. Жемістер, жидектер, тәттілер, жаңғақтар, шекілдеуік, ет және балықтың пайдасын біледі. Азық-түліктерді қолдануға дайындау ережелерін біледі: жуу, қайнату, тазалау. Пайдалы және зиянды азық-түліктер.
2.2 Дәрумендердің пайдалы қасиеттері. Денсаулықты сақтау, дұрыс зат алмасуға, ағзаның барлық қызметінің жұмысы мен өсуі үшін негізгі дәрумендерді қосымша қабылдаудың қажеттігін біледі. Ағзаға дәрумендердің жетерліктей түспеуі денсаулық жағдайын төмендететінін түсінеді (авитаминоз).
3-бөлім. Қауіпсіздік ережесі
Бөлімше | Оқу мақсаттары |
3.1 Үйдегі қауіпсіздік | 0.3.1.1 үйдегі қауіпсіздікті сақтаудың қарапайым ережесін білу |
0.3.1.2 шұғыл жәрдем, өрт сөндіру және полиция қызметтерінің телефон нөмірін атау | |
3.2Көшедегі қауіпсіздік | 0.3.2.1 бағдаршам белгілерін, "жаяу жүргінші" белгісін түсіну |
0.3.2.2 бейтаныс ортада өзін-өзі ұстау ережесін түсіну | |
3.3 Табиғат аясындағы қауіпсіздік | 0.3.3.1 ауа райы жағдайының өзгерістеріне сәйкес қауіпсіздік ережелерді білу |
0.3.3.2 жануарлармен, жәндіктермен қарым-қатынас кезінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау | |
0.3.3.3 бейтаныс өсімдіктер мен жидектерге көңіл бөлуде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау |
3.1. Үйдегі қауіпсіздік.Тұрмыстағы қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын біледі, электр құралдарын газды, суды қолдану, қажет болған жағдайда, шұғыл қызмет телефонына (101, 102, 103) хабарласу, үйдің есігі қағылған сәтте, есікті ашпастан бұрын кішкене тесігіне қарау, егер есіктің тесігі сыртынан жабық болса, бейтаныс адамдарға есікті ашпау, бейтаныс адамның көлігіне отырмау және т.б.
3.2 Көшедегі қауіпсіздік. Көшеде (бағдаршам белгілері, жаяулар өткелі), қоғамдық орындарда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларына ие.
3.3 Табиғат аясындағы қауіпсіздік. Табиғатта қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын орындайды.
Жабайы аңдар. Жәндіктер. Жәндіктердің келтіретін зиянын біледі (шыбын, маса, тарақандар), олардан қалай сақтану қажеттілігін біледі, көшеде және бөтен үйде жануарлармен қарым-қатынас жасағанда, қауіпсіздік ережелерін сақтайды.
Үй жануарлары. Жануарларды күтіп-бағу кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтайды.
Ауа-райы. Ауа-райы өзгерген жағдайда (қар, жаңбыр жауғанда, ыстықта, суықта), өзін-өзі қалай ұстау керектігін біледі.
Саңырауқұлақтар. Улы өсімдіктер туралы ұғымға ие. Ережелерді біледі: шикі саңырауқұлақты ешқашан жемеу, ересектерсіз саңырауқұлақтар мен жеміс жинамау.
Қураған ағаштар мен бұталардың қаупі. Дәрілік шөптер туралы түсінікке ие. Жемістер, көкөністер және олардың пайдасы туралы біледі.
4-параграф. "Коммуникация" білім беру саласы
223. Мақсаты айналасындағы адамдармен бірлесе әрекет ету және байланысқа түсу біліктерін қалыптастыру, қарым-қатынас жағдаяттарын ажырату, өз мінез-құлқын дұрыс және сәйкесінше ұстау болып табылады. "Коммуникация" білім беру саласында келесі сабақ түрлері ұсынылады:
1) сөйлеуді дамыту;
2) көркем әдебиет;
3) сауат ашу негіздері;
4) орыс тілі (қазақ тілінде оқытылатын топтарда);
5) шет тілі (ағылшын тілі);
6) драма.
221. "Коммуникация" білім беру саласындағы сабақтардың оқу жүктемесі:
"Коммуникация" білім беру саласы | Апталық оқу жүктемесі |
Сөйлеуді дамыту | 1 |
Көркем әдебиет | 0,5 |
Сауат ашу негіздері | 1,5 |
Орыс тілі (қазақ тілінде оқытылатын топтарда) | 2 |
Шет тілі (ағылшын тілі) | 1 |
Драма | 0,5 |
5-параграф. Сөйлеуді дамыту
225. Мақсаты нақты, мәнерлі тілдің дағдылары мен біліктерін, тілдік бірліктерді еркін және орынды қолдануды қалыптастыру болып табылады.
226. Міндеттері:
балалар іс-әрекетінің алуан түрлі нысандары мен түрлерінде балалардың ауызша сөйлеу тілі компоненттерін дамыту;
тілді естуді дамыту, сөздік қорды байыту;
тілдесу дағдыларын (диалогтік және монологтік) қалыптастыру;
сөйлесу әдебінің нормаларына баулу;
тілге, оның байлығы мен көркемдігіне деген қызығушылық пен сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
227. "Сөйлеуді дамыту" сабағының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған, олар күтілетін нәтижелер түрінде берілген оқу мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде жүйелілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогқа жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
Бөлім | Бөлімше |
| 1.1 Дыбыстарды дұрыс айтуды қалыптастыру |
1.2 Сөздік қорды толықтыру | |
1.3 Оқиғаны болжау | |
1.4. Тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі қарым-қатынас жағдаяттарына қатысу | |
1.5 Тыңдаушының назарын аударту | |
1.6 Берілген тақырып бойынша әңгіме құру | |
Жазылым | 2.1 Информацияты түрлі нысанда ұсыну |
2. Оқу мақсаттарының жүйесі
1-бөлім. " Сөйлеуді дамыту"
Тыңдалым және айтылым
Бөлімше | Оқу мақсаттары |
1.1Дыбыстарды дұрыс айтуды қалыптастыру | 0.1.1.1 сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау |
1.2 Сөздік қорды толықтыру | 0.1.2.1 сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін түсіну, мағынасы бойынша жақын/қарама-қарсы сөздерді сөйлегенде қолдану |
0.1.2.2 ауыспалы мағынадағы сөздерді, бейнелі теңеулерді түсіну, оларды сөйлегенде қолдану | |
1.3 Оқиғаларды болжау | 0.1.3.1 берілген кіріспесі бойынша әңгіме мазмұнын болжау |
1.4 Тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі қарым-қатынас жағдаяттарына қатысу | 0.1.4.1 қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін қолдана білу |
0.1.4.2 берілген тақырып аясында диалогке қатысу | |
1.5 Тыңдаушының назарын аударту | 0.1.5.1 айтылған ойдың мәнін ашу үшін интонацияны сақтау, тілдесудің вербалды емес құралдарын қолдану (ым, ишара және т.б.) |
1.6 Берілген тақырып бойынша әңгіме құру | 0.1.6.1 қарым-қатынастағы түрлі жағдаяттарда әдептілік сөздерін қолдана білу |
0.1.6.2 өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру |
1.1. Дыбыстарды дұрыс айтуды қалыптастыру. Орыс тіліндегі барлық дыбыстарды айтады,екпінді дұрыс қолдана отырып, сөздер мен сөз тіркестерін анық және нақты айтады, жаңылтпаштарды айта алады.
1.2 Сөздік қорды толықтыру. Сөздердің лексикалық мағынасы мен мәнін, мағынасы бойынша мағыналас/қарама-қарсы сөздерді, ауыспалы мағынадағы сөздерді, бейнелі сөздерді оларды сөйлеуде қолдануды түсінеді және түсіндіреді. Сөздерді тақырыптық топтарға біріктіреді ("Аяқ киім", "Киім", "Жәндік", "Тамақ"), сөйлегенде жалпылаушы сөздерді, қолжетімді бейнелі сөйлеуді қолданады. Белсенді сөздікті сөздерді сөйлемге біріктіретін (өйткені), ойды тиянақтайтын (мысалы, міне), айтылғандарды жалпылайтын (үнемі, ешқашан) сөздермен толықтырады,
1.3 Оқиғаларды болжау. Сөздің басын естіп, сөздерді болжайды (ол үшін "Сөзді жалғастыр" ойынын қолдануға болады). Затты сипаттай отырып, оның міндетін, бұл не зат екенін біледі.
1.4 Тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі қарым-қатынас жағдаяттарына қатысу. Диалогтік сөйлеуді игерген. Өзіне айтылған сөзді тыңдайды және түсінеді, әңгімеге араласады, сұрақтарға жауап береді және сұрақ қояды, әңгіме барысында өзін мәдениетті ұстайды, сөйлегенде тілдік этикетті қолданады: таныс және бейтаныс аудиторияның алдында, мерекеде, ересектердің алдында, басқа топта сөйлей алады.
1.5 Тыңдаушының назарын аударту. Тыңдаушылардың назарын вербальді (тіл, белгілік жүйе) және вербальді емес (жест, мимика, пантомимика) қарым-қатынас құралдары арқылы аударады. Алуан түрлі лексикалық және грамматикалық құралдарды: сөздерді ("бір күні", "бірде"), оқиғаларды (келе жатып-естідік-қаштық-күлдік-үйге кеттік) қолданады, көрнекіліктерді, иллюстрацияларды, заттарды, сұрақтарды, жұмбақтарды және т.б. қолданады. Сөйлегенде мәнерліліктің интонациялық құралдарын (қарқын, ырғақ және т.б.) қолдана алады. Сөйлегенде көп қолданылатын жалпы мағыналы сын есімдерді, етістіктерді, үстеулерді, жалғауларды, жалпы мағыналас зат есімдерді қолданады.
1.6 Берілген тақырып бойынша әңгіме құру. Мазмұнды сурет, мазмұнды суреттер топтамалары, сызба карталар бойынша әңгіме (5-6 сөйлемнен кем емес) құрастырады. Оқылғанды өз өмірінің деректерімен салыстырады және жеке тәжірибеге негізделген 4-5 сөйлеммен әңгіме құрайды.
2-бөлім: "Жазылым"
Бөлімше | Оқу мақсаттары |
2.1 Информацияты түрлі формада ұсыну | 0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу |
2.1. Информацияты түрлі формада ұсыну. Алмастырушы заттардың көмегімен (заттар, сызба, түс, графика) жеке графикалық бейнелерді (дыбыс, сөз, мәтін, сөйлем, кейіпкер) құра біледі және олармен іс жүзінде әрекет жасайды.
6-параграф. Көркем әдебиет
228. Мақсаты тілге, көркем сөзге деген қызығушылық пен сүйіспеншілікті қалыптастыру болып табылады.
229. Міндеттері:
көркем әдебиеттердің ерекшеліктері туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру;
әдебиетті тыңдау және айтып беру қажеттіліктерін қалыптастыру;
түрлі жанрдағы әдеби шығармаларды тыңдай білу қабілетін дамыту;
әдеби шығармаға эмоционалдық жанашырлығын қалыптастыру;
әдептілік біліктері және адамгершілік сезімдерін қалыптастыру.
230. "Көркем әдебиет" сабағының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған, олар күтілетін нәтижелер түрінде берілген оқу мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде жүйелілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогқа жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
231. Өнердің түрі ретінде әдебиетке деген тұрақты қызығушылығын қалыптастыру, сауатты оқырман тәрбиелеу. Қазақстандық және шетелдік авторлардың заманауи көркем шығармаларын енгізу арқылы балалардың оқу аясын кеңейту.
Бөлімше | Бөлімше |
1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну | 1.1 көркем шығарманың мазмұнын түсіну |
1.2 жатқа айту | |
1.3 тыңдағанын мазмұндау | |
1.4 сұрақтар мен жауаптарды құрастыру | |
1.5 оқиғаларды болжау | |
2 Талдау және түсіндіру | 2.1 ұсынудың түрлі нысандарын қолдану |
2.2 әдеби шығарманың жанрын анықтау | |
2.3 кейіпкерлерге мінездеме | |
2.4 түрлі дереккөздерден қажетті ақпарат алу |
1-бөлім. Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну
Бөлімше | Оқу мақсаттары |
1.1 Көркем шығарманың мазмұнын түсіну | 0.1.1.1 шағын мәтіндер, ертегілер, әңгімелер, балалар тақпақтары және т.б. мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру |
0.1.1.2 өзінің эмоционалдық жағдайын сөзбен жеткізу | |
1.2 Жатқа айту | 0.1.2.1 шағын өлеңдерді, шағын фольклор жанрларын мәнерлеп жатқа айту |
1.3 Тыңдағанды мазмұндау | 0.1.3.1 тыңдалған материалды иллюстрациялар бойынша оқиға жүйесін сақтап баяндау |
1.4 Сұрақтар мен жауаптарды құрастыру | 0.1.4.1 иллюстрациялар бойынша сұрақ құрастыру және оларға жауап беру |
1.5 Оқиғаларды болжау | 0.1.5.1 әңгіменің мазмұнын иллюстрация/ әңгіменің кіріспесі бойынша болжау |
1.1 Көркем шығарманың мазмұнын түсіну. Ертегі, әңгіме, балалар тақпағы мәтінінің мазмұны бойынша қарапайым сұрақтарға жауап береді. Өзінің эмоциялық күйін әдеби кейіпкерлерге жанашырлығы, аяушылығын сөзбен жеткізе біледі.
1.2 Жатқа айту. Шағын өлеңдер мен ұйқастыруларды кейбір шағын фольклор жанрларын жатқа айтады.
1.3 Тыңдалғанды мазмұндау. Шағын әдеби шығармаларды, шағын ертегі, мульфильмдердің мазмұнын сызба, иллюстрацияға сүйеніп және оларсыз байланыстырып және бірізділікпен қайталап айтады. Эмоционалды мазмұндайды, қатысушы тұлғалардың диалогтерін түрлі интонациямен береді, мазмұндауда мәнді екпіндерді, үзілістерді қолданады.
1.4 Сұрақтар мен жауаптарды құрастыру. Иллюстрациялар бойынша сұрақтар қояды және оларға жауап береді. Сипаттамалық жауаптарды (нысандар, әрекеттер, пейзаж), пайымдау жауаптарын, дәлелдеме жауаптарын қажет ететін сауалдарға жауап береді.
1.5 Оқиғаларды болжау. Шығарманың басы, иллюстрация, сурет, кітаптың сырты бойынша оқиғаны болжайды. Көргеннен/естігеннен бұрын немесе кейін болған оқиғаларды сипаттайды.
2-бөлім: Талдау және түсіндіру
2.1 Әдеби шығарманың жанрын анықтау | 0.2.1.1жанрларды ерекшеліктері бойынша тану (жұмбақ,ертегі, тақпақ және т.б.) |
2.2 Кейіпкерлерге | 0.2.2.1 кейіпкерлердің қылықтары туралы пікірін айту (ұнайды/ неліктен ұнамайды) |
2.3 Ұсынудың түрлі нысандарын қолдану | 0.2.3.1.1 өзінің ұсынымдарын сурет, сызба түрінде безендіру |
2.4 Түрлі дереккөздерінен қажетті ақпаратты алу | 0.2.4.1иллюстрацияларды ертегінің эпизодымен салыстыру |
2.1 Мәтіндердің жанрын анықтау. Түрлі әдеби жанрлар туралы түсініктерге ие (ертегі, әңгіме, тақпақ), олардың арасындағы айырмашылықтарды (әңгімеде оқиғалар шынайы түрде баяндалады, ертегінің мазмұны ойдан және оқиғалардан құралады, тақпақтарда ұйқас қолданылады) табады. Мәнерлілік құралдарын (бейнелік сөздер мен өрнектер, теңеулер, салыстырулар) анықтай алады.
2.2 Кейіпкерлерге мінездеме. Кейіпкерлердің қылықтарына баға береді және оларды өз қылықтарымен сәйкестендіреді. Әдеби кейіпкердің нақты қылығына өзінің қатынасы туралы әңгімелейді, оны адамгершілік ережелері мен ұғымдары тұрғысынан бағалайды, шығарма кейіпкерлерінің жасырын мінез-құлықтарының себебін түсінеді, басқалардың пікірін тыңдайды. Сөйлегенде кейіпкерлерді сипаттайтын теңеулерді қолданады. Шығарма туралы пікірін, кейіпкерлердің қылықтарына өзінің қатынасын айтады (ұнайды/ ұнамайды, жағымды/жағымсыз, себебі).
2.3 Ұсынудың түрлі нысандарын қолдану. Шығарма мазмұнын, жекелеген эпизодтарды түсіндіреді, өзінің ұсынысын сурет, сызба түрінде береді және өзінің жұмысын түсіндіреді.
2.4 Түрлі дереккөздерінен қажетті ақпаратты алу. Иллюстрацияларды ертегінің эпизодымен салыстырады. Пиктограммалар, шартты белгілер, суреттер, иллюстрациялардан алынған ақпараттың мағынасын аша біледі.
7-параграф. Сауат ашу негіздері
232. Мақсаты тілдің фонетикалық және графикалық жүйесін игеру барысында балаларды оқылым мен жазылым дағдыларын меңгеруге даярлау болып табылады.
233. Міндеттері:
фонематикалық есту мен қабылдауды дамыту;
сөздің дыбыстық құрылымымен таныстыру, алдағы сауат ашу негіздеріне үйрету үшін және дыбыстық талдау әрекеттерін қалыптастыру;
қолдың ұсақ моторикасын дамыту;
дыбыстық талдау мен жинақтау әрекетін қалыптастыру;
тіл, сөйлем, сөз, буын, екпін, дыбыс және әріп туралы түсінікті қалыптастыру;
балаларды талдау, салыстыру, жалпылау, ақпаратты жүйелеудің қарапайым тәсілдерімен таныстыру.
231. "Сауат ашу негіздері" сабағының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған, олар күтілетін нәтижелер түрінде берілген оқу мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде жүйелілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогқа жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
Бөлім | Бөлімше |
Тыңдалым және айтылым | 1.1 Сөздің дыбысталу формасын ажырату |
1.2 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну | |
1.3 Тыңдалған материалды мазмұндау | |
1.4 Тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі қарым-қатынас жағдаяттарына қатысу | |
1.5 Тыңдаушының назарын аудару | |
Оқылым | 2.1 Оқу түрлерін қолдану |
2.2 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу | |
| 3.1 Сөйлем құрастыру |
3.2 Пунктуациялық нормаларды сақтау | |
3.3 Графикалық және каллиграфикалық нормаларды сақтау |
2. Оқу мақсаттарының жүйесі
1-бөлім. Тыңдалым және айтылым
Бөлімше | Оқу мақсаттары |
1.1 Сөздердің дыбысталу формаларын ажырату | 0.1.1.1 тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу және сөзсіз жеке айту |
0.1.1.2 сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау | |
0.1.1.3 сөзді буынға бөлу, сөздегі буын санын және орналасу ретін анықтау | |
1.2 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну | 0.1.2.1 сөз бен сөйлемді ажыратып, сөздің, сөйлемнің мағынасын түсіну |
0.1.2.2 тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтару | |
0.1.2.3 сөйлемдерді интонация бойынша ажырату (хабарлы, сұраулы, лепті) | |
1.3 Тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі қарым-қатынас жағдаяттарына қатысу | 0.1.3.1 өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысу |
1.4 Тыңдаушының назарын аудару | 0.1.4.1 сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), сөздерді (кешіріңіз, тыңдаңызшы! және т.б.) қолдану |
1.1 Сөздердің дыбысталу формаларын ажырату. Сөздерден дыбысты бөледі, буын, сөз туралы бастапқы түсініктері бар. Сөздегі дыбыстарды және олардың белгілерін (дауысты: жуан, жіңішке; дауыссыз: қатаң, ұяң, үнді) ажыратады, қатаң және ұяң дауыссыз дыбыстарды салыстырады, оларды дұрыс айтады. Дыбыстарды және олардың әріппен белгіленуімен салыстырады, дыбыстарды дұрыс және дәл айтады, белгілі бір дыбысты сөздерді атайды, сөздерді буынға бөледі, олардың санын және сөздегі буынның ретін анықтайды. Сөздегі екпінді ажырата алады.
1.2 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну. Сөз бен сөйлемді ажыратады, сөздің мәні мен сөйлемнің мағынасын түсінеді. Шағын мәтіндердің мазмұны бойынша қойылған қарапайым сұрақтарға жауап береді. Сөйлемді интонациясы бойынша ажыратады.
1.3 Тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі қарым-қатынас жағдаяттарына қатысу. Сөйлеу дағдыларының нормалары, тілдік этикет (этикет сөздігі) туралы, қоғамдық орындарда: көшеде, көлікте, дүкенде өзін-өзі ұстау дағдылары туралы ұғымға ие, бір-бірімен, ересектермен, құрдастарымен, телефонмен сыпайы сөйлеседі. Бір-бірімен достары, отбасы, сүйікті ойыншықтары, жануарлар, демалысы және т.б. туралы әңгімелеседі.
1.4. Тыңдаушының назарын аудару Сөйлегенде мәнерліліктің интонациялық құралдарын (қарқын, ырғақ және т.б.) пайдалана алады, қойылымға қатысушы тұлғалардың диалогтарын әртүрлі интонациямен, эмоциямен бере біледі, мазмұнды екпінді, үзіліс жасауды қолданады. Асықпай, күш салмай-ақ, дауыстап сөйлейді. Иллюстрация көрсетуде ым-ишараны пайдаланады.
2-бөлім. Оқылым
Бөлімше | Оқу мақсаттары |
2.1 Оқу түрлерін қолдану | 0.2.1.1 сөз/сөйлем сызбасын оқу |
2.2 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алу | 0.2.2.1 суретті кітаптардан ақпаратты табу (сурет арқылы) |
2.1 Оқу түрлерін қолдану. Сөйлем туралы бастапқы түсінікке ие. Жалаң және жайылма сөйлемдерді ауызша құрастырады, оларды анық және нақты айтады, сөйлеген сөздің ішінен жеке сөйлемдерді тыңдай біледі, сөйлемді сөздерге жіктейді, сөйлемнен сөздерді ретімен бөледі. Сөздер мен сөйлемдердің сызбасын оқиды, сөйлемдегі сөз санын сөздегі буын санын анықтайды. Әріптердің бейнесін шынайы заттарға, пішіндерге және т.б. ұқсатады. Әріптің қандай элементтерден тұратынын анықтайды. Қолда бар заттармен әріптің бейнесін жасайды немесе мүсіндейді, әріптердің бейнесін түрлі сюжетті материалдардан табады.
2.2 Түрлі дереккөздерден қажетті ақпарат алу. Суретті кітаптардан (энциклопедиялар, анықтамалар, балалар журналдары, теледидардағы мультфильмдер, ертегі, балалар хабарлары және т.б.) қажетті ақпараттарды табады, пиктограммалар, шартты белгілер бойынша түсінеді.
3-бөлім. Жазылым
Бөлімше | Оқу мақсаттары |
3.1 Сөйлем құрастыру | 0.3.1.1 сөз, сөйлем сызбасын құру, оларды үлгінің көмегімен және ұсынылған үлгілер негізінде жазу |
3.2 Пунктуациялық нормаларды сақтау | 0.3.2.1 сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қою: нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі |
3.3 Графикалық және каллиграфикалық | 0.3.3.1 жазу бетін бағдарлау, жазу жолын, жоларалық кеңістікті ажырату, тор көз дәптерге кең сызықтар, әріп элементтерін жазу |
0.3.3.2 қарапайым жиектерді штрихтап салу |
3.1.Сөйлем құрастыру. Тілдің бірлігі ретінде сөз туралы түсінікке ие, сөйлемді сөздерге (2-4 сөз) жіктейді, қарапайым графиктік сызба құра алады. Графиктік сызба бойынша сөйлем құра алады, суретке сәйкес және т.б. сай сөйлемді өзгертеді.
Сөйлемнің басын тік сызықтардың және тіктөртбұрыштың, сөзді – тіктөртбұрыштың және таңбалардың (нүкте, леп және сұрау белгілері) көмегімен бейнелейді.
3.2 Пунктуациялық нормаларды сақтау
Берілген сызба бойынша түрлі тыныс белгілерін қолдана отырып (нүкте, леп және сұрау белгілері), сөйлем құру дағдыларына ие. Хабарлы, сұраулы және лепті сөйлемдердің интонациясын береді.
3.3 Графикалық және каллиграфикалық нормаларды сақтау
Сызықтарды салу әдісімен қысқа және ұзын таяқшалар, ирек сызықтарды салады, кеңістіктік қатынасты, жазықтықта бағдарлауды (жұмыс жолын, жол аралық кеңістікті, жұмыс жолының жоғарғы және төменгі сызықтарын, тік еңіс сызықтарды) белгілейді.
8-параграф. Русский язык
235. Цель: формирование навыков речевой деятельности, освоение лексики, обеспечивающей общение в рамках тем бытового характера.
236. Задачи:
развивать у детей устойчивый интерес к изучению русского языка, как к средству общения и обмена информацией;
формировать и развивать словарный запас воспитанников по лексическим темам;
формировать умение использования правильных грамматических структур и форм в устной речи;
развивать навыки слушания, говорения, чтения и письма;
создавать условия, побуждающие ребенка к самостоятельному решению коммуникативных задач на русском языке.
237. Содержание занятия "Русский язык (как второй язык)" организовано по разделам обучения. Разделы далее разбиты на подразделы, которые содержат в себе цели обучения в виде ожидаемых результатов: навыка или умения, знания или понимания. Цели обучения организованы последовательно внутри каждого подраздела, что позволяет педагогам планировать свою работу и оценивать достижения детей, а также информировать их о следующих этапах обучения.
Раздел | Подраздел |
Слушание | 1.1Формирование звукопроизношения |
1.2 Использование приемов слушания | |
1.3 Понимание значений лексических единиц | |
1.4 Понимание содержания сообщения | |
1.5 Понимание аудиовизуального материала | |
Говорение | 2.1 Овладение лексическим запасом |
2.2 Построение высказывания на заданную тему | |
2.3 Участие в различных ситуациях общения и соблюдение речевых норм | |
Чтение | 3.1 Извлечение информации из различных источников |
Письмо | 4.1 Использование различных форм представления |
4.2 Соблюдение графических и каллиграфических норм | |
Использование языка | 5.1 Соблюдение грамматических норм |
2. Система целей обучения
Раздел 1. "Слушание"
Подраздел | Цели обучения |
1.2 Формирование звукопроизношения | 0.1.1.1 произносить и различать звуки в словах и фразах |
1.2 Использование приемов слушания | 0.1.2.1 внимательно слушать и правильно реагировать на нее (использование мимики и жестов, выполнение действий) |
1.3 Понимание значений лексических единиц | 0.1.3.1 понимать значение часто повторяющихся слов по лексическим темам |
1.4 Понимание содержания сообщения | 0.1.4.1 отвечать на элементарные вопросы жестами (например, указав на предмет или картинку), словами и короткими фразами |
1.5 Понимание аудиовизуального материала | 0.1.5.1 демонстрировать понимание увиденного через комментирование (два-три слова, простое предложение)/ действия |
1.1 Формирование звукопроизношения. Произносит и различает гласные и согласные звуки. Различает знакомые звуки в словах и правильно применяет их в повседневной жизни.
1.2 Использование приемов слушания. Внимательно до конца слушает данный текст. Понимает при помощи наглядного материала короткие, простые предложения. Реагирует на содержание текста мимикой, жестами, действиями. Умеет отвечать на вопросы по прослушанному тексту и самостоятельно задавать их.
1.3 Понимание значений лексических единиц. Использует в речи часто повторяющиеся слова. Объясняет значение лексических единиц (фразовые глаголы, пословицы, устойчивые выражения), опираясь на наглядный материал. Используя названные выражения, составляет предложения из двух-трех слов.
1.4 Понимание содержания сообщения. Отвечает на вопросы прослушанного материала жестами (например, кивком головы). Понимает содержание вопроса, отвечает на них словами и короткими фразами.
1.5 Понимание аудиовизуального материала. Слушает и понимает материал данный на русском языке. Демонстрирует понимание слов детей и педагога жестами, действием, репликами и простым словосочетанием.
Раздел 2. "Говорение"
Подраздел | Цели обучения |
2.1. Овладение лексическим запасом | 0.2.1.1 использовать в речи новые слова по лексическим темам |
2.2. Построение высказывания на заданную тему | 0.2.2.1 создавать высказывания не менее 2-3 простых предложений (с помощью учителя) |
2.3. Участие в различных ситуациях общения и соблюдение речевых норм | 0.2.3.1 внимательно слушать и отвечать собеседнику короткими фразами, используя образец, мимику, жесты |
2.1 Овладение лексическим запасом. Имеет словарный запас знаний о ближайшем окружении. Умеет пользоваться обобщающими словами, называет предметы, относящиеся к различным логическим группам (классификация), подбирает признаки к определҰнному предмету, действия к предмету.
2.2 Построение высказывания на заданную тему. Умеет отвечать на вопросы педагога и сам задает вопросы по данному материалу. Самостоятельно составляет высказывания на русском языке из 2-3 предложений.
2.3. Участие в различных ситуациях общения и соблюдение речевых норм. Умеет вступать в диалог с педагогом и сверстниками. При составлении диалога внимательно слушает собеседника и отвечает короткими фразами используя мимику, жесты. Составляет простую диалогическую речь (Что это? Какое время года?), отвечая на вопросы собеседника.
Раздел 3. "Чтение"
Подраздел | Цели обучения |
3.1 Извлечение информации из различных источников | 0.3.1.1 находить информацию в картинках, иллюстрациях и соотносить их |
3.1. Извлечение информации из различных источников. Находит информацию в книгах с картинками (энциклопедии, справочники, детские журналы и т.д.), при помощи условных знаков составляет рассказ. Находит информацию в картинках, иллюстрациях и соотносит их.
Раздел 4. "Письмо"
Подраздел | Цели обучения |
4.1. Изложение содержания прослушанного | 0.4.1.1 передавать информацию из прослушанных текстов при помощи рисунка, схемы, знаков |
4.2 Соблюдение графических и каллиграфических норм | 0.4.2.1 ориентироваться на странице прописи, различать рабочую строку и межстрочное пространство, рисовать узоры |
4.1. Изложение содержания прослушанного. Передает содержание при помощи рисунков, схем. Умеет определить количество звуков в слове, слов в предложении.
4.2. Соблюдение графических и каллиграфических норм. Ориентируется на странице прописи, различает рабочую строку и межстрочное пространство. Умеет штриховать, рисовать элементарные узоры, писать элементы букв.
Раздел 5. "Использование языка"
Подраздел | Цели обучения |
5.1 Соблюдение грамматических норм | 0.5.1.1 использовать в речи слова, обозначающие предметы |
0.5.1.2 использовать слова, обозначающие один и много предметов | |
0.5.1.3 использовать слова, обозначающие действия предметов | |
0.5.1.4 согласовывать имя существительное и глагол в числе | |
0.5.1.5 использовать слова, обозначающие признаки (по цвету, форме, величине) предметов |
5.1.Соблюдение грамматических норм. Имеет словарный запас и называет группы предметов ближайшего окружения, использует слова обозначающие один и много предметов, называет некоторые свойства и цвета предметов, составляет словосочетания, использует в речи имена существительные единственного и множественного числа.
9-параграф. Шет тілі (ағылшын)
238. The aim of English for preschool children is the formation of the basic skills of listening and speaking in English through games and creativity.
239. To achieve this aim the following objectives should be met:
prepare sound foundation for successful transition to further study of English in primary school;
create the conditions for communicative and psychological adaptation of young learners to learning English;
develop memory, attention, thinking, and imagination of preschool learners;
expand children’s vocabulary and view through learning new English words.
Strands | Learning objectives |
Listening | 0.L1 begin to recognise simple short instructions for basic classroom routines spoken slowly and distinctly |
0.L2 begin to recognise with considerable support a few basic personal questions spoken slowly and distinctly | |
0.L3 begin to recognise with considerable support simple greetings | |
0.L4 begin to recognise basic intonation distinguishing questions from statements | |
0.L5 begin to recognise simple sounds of phonemes | |
Speaking | 0.S1 begin to make basic personal statements |
0.S3 pronounce basic words and expressions with some mistakes | |
0.S4 respond to very basic supported personal questions using short answers | |
0.S5 begin to produce words in response to prompts | |
0.S6 exchange short simple greetings | |
Reading | 0.R3 recognise some very high-frequency words from local environment |
Writing | Non-applicable |
Use of English | 0.UE1 use common singular and plural nouns to say what and where things are |
0.UE2 use cardinal numbers 1 – 10 to count | |
0.UE3 use basic adjectives and colours to say what someone /something is or has | |
0. UE4 use determiners a, an, this, these to indicate what something is | |
0.UE5 use interrogative pronouns what, where, how to ask basic questions | |
0.UE6 use demonstrative pronouns this, these to indicate things | |
0.UE7use personal subject pronouns to identify things | |
0.UE8 use imperative forms of common verbs related to classroom routines | |
0.UE9 use basic present simple forms [positive, negative] to give basic personal information |
Тілдесу жағдайларын "көре білу", қатысушы тұлғаларды және олардың бір-бірімен қарым-қатынасын айқындау қабілеттерін қалыптастыру.
Шетел тіліндегі тілді түсінуін және үлгілік әдеп жағдайларында: топтық (сыныптық) жағдайда, ойын кезінде тілдесе білу білігін дамыту.
Қоршаған әлемдегі түстердің атауын, санды, көлемді, пішінді, сондай-ақ дыбыстың, әннің, оқиғаның, қойылымның көмегімен және затты сипаттай білудің тілдік біліктерін, оқытылған білім беру жағдайларында тілдің лексикалық дағдыларын қалыптастыру.
Тиімді тыңдалымға үйрету. Тыңдауға арналған жаттығуларды қолдану. Фонетикалық мысалдар және интонация ретіндегі жазбаларды немесе сөйлеген сөздерді пайдалану.
Әндердің, тақпақтардың, санамақтардың мәтінін шығаруға, айналасындағы заттарды атауға, біртіндеп өзі, отбасы және қоршаған ортасы туралы қарапайым және қысқаша ойлар айтуға, сөзді, ымды пайдалануға үйрету. Төзімділікке, құрметке және сыпайылыққа, сондай-ақ ынтымақтасу қабілеттілігіне тәрбиелеу.
Лексикалық-тақырыптық салалар: түс, көлем, 1-5 арасындағы сандар, отбасы мүшелері, ойыншықтар; жануарлар, дене мүшелері, киімдер, азық-түлік, ақыл-ой және дене қабілеттері, эмоциялық жағдайы мен сезімдері, күнделікті әрекеттері, салтанаттар мен мерекелер, ғажайып және ертегілер әлемі.
Коммуникация жағдаяттары мен қызметтер:
сәлемдесу мен қоштасу (Hello, Hi, Goodbye, See you);
өтініш пен алғыс (Give me ..., please, Come in, please, Thank you);
кешірім сұрау мен кешіру (I’m sorry, Excuse me, It’s O.K.);
тілек пен құттықтау (Happy Birthday);
өзін және басқаларды таныстыру (I’m ......., My name is ...., This is ..., It’s my mum);
жасы туралы ақпарат (I’m…);
қысқаша бұйрық беру және орындау (jump, clap your hands, open);
аңдар мен заттардың атауы (It’s a tiger, This is a ball);
тұрғылықты жері туралы ақпарат; адамдар, аңдар және заттар туралы сипаттау (He’s tall, It’s big, It’s blue, It’s got a tail);
санау және 1-ден 10-ға дейінгі сандарды пайдалану;
тұлғасы мен мүлкіне қатысты қарапайым сұрақтарға жауап беру (Who are you? What’s your name? What’s this? Who’s this? Is it ...? Have you got ...?);
сезімдері мен артықшылықтарын білдіру (I like..., I love...);
эмоциялық күйін білдіру (I’m happy, I’m sad);
сұрақтарға жауап беру;
дағдылары мен қабілеттері туралы ақпарат (I can jump/I can’t fly);
күнделікті әрекеттерін сипаттау (I get up).
Грамматикалық құрылымдар:
Етістіктер:
be;
have got;
can.
Бұйрық рай:
Уақыт Present Simple – күнделікті әрекеттер.
Зат есім:
атау;
жекеше түрде;
жүйелі көпше түрде.
Сын есім:
түстер, жасы, көлемі;
тәуелдік сын есім: my, your (his, her).
Сан есім:
1-10;
Есімдік:
жіктеу есімдігі: I, you, she, he, it, we, they;
сілтеу есімдігі: this, that;
сұрау: what, who, where, when, how.
Көмекші сөздер:
in;
on.
Артикльдер:
а;
an;
the;
нольдік артикль.
240. English
(for groups /classes with the Kazakh/Russian language of instruction)
Purpose: communicative and personal development and upbringing of preschoolers through foreign language means and development of a foreign language capacity in order to speak English.
Objectives:
formation of a capability of recognition, distinction of separate phrases, then words and their proper use in conversation and independent phrase building in English;
formation of the “unity of activity, mind and personality” principle (teaching a whole child), which determines that the child’s personality and mind develops through acting;
extending the range of using English in collective and individual (play, cognitive, productive, dramatized) activities of children;
creation of developing language environment understood as a combination of educational situations that arrange the area of use of English, and authentic means, such as games, poems, songs, stories, disks, video- and audiotapes.
Content of Organized Educational Activities: English
Formation of a capability of “seeing” the conversational situation, of distinguishing characters and their relation to each other.
Development of foreign speech understanding and ability to communicate in typical etiquette situations: group (class) practice in play.
Formation of speaking skills: describing things and environments using colours, number, size, shape and through sounds, songs, stories, dramatizations; speaking skills and vocabulary in educational situations previously learnt.
Teaching efficient listening. Use of listening exercises. Use of a record or statement as a phonetic example and intonation.
Teaching how to reproduce lyrics, poems and counting-out rhymes, names of things around and building simple and short statements about the child, child’s family and environment gradually; teaching how to use speech and gestures.
Teaching tolerance, respect and courtesy to other people and cooperating skills.
Vocabulary: colours, numbers 1 to 10, family members, toys, animals, school supplies, class equipment, parts of the body, clothes, food, rooms, household appliances, mental and physical abilities, feelings and emotions, daily routine, weather, transport means, jobs, holidays and celebrations, magic world and fairy tales.
Situations and communicative functions: greetings and farewells (Hello, Hi, Goodbye, See you), requests and thanks (Give me ..., please, Come in, please, Thank you), apologies and forgiveness (I’m sorry, Excuse me, It’s O.K.), wishes and congratulations (Merry Christmas, Happy Birthday), introducing yourself and others (I’m ......., My name is ...., This is ..., It’s my mum), age (I’m…), giving and following short orders (jump, clap your hands, open), names of animals and things (It’s a tiger, This is a ball), place of living, describing people, animals and things (He’s tall, It’s big, It’s blue, It’s got a tail), count and use of numbers from 1 to 10, answering simple questions about person and property (Who are you? What’s your name? What’s this? Who’s this? Is it ...? Have you got ...?), feelings and preferences (I like..., I love...), expressing emotions (I’m happy, I’m sad), answering questions about weather and seasons (It’s raining, It’s spring); skills and abilities (I can jump/I can’t fly), describing daily routine (I get up).
Grammar Structures:
Verbs:
вe;
have got;
can.
Imperative mood:
Present Simple Tense – daily routine.
Nouns:
names;
singulars;
regular plurals.
Adjectives:
colours, age, size;
possessive adjectives: my, your (his, her).
Numerals:
1-10.
Pronouns:
personal: i, you, she, he, it, we, they;
demonstrative: this, that;
interrogative: what, who, where, when, how.
Prepositions: in, on.
Articles: a, an, the, zero article.
10-параграф. Драма
241. Мақсаты балалардың өз ойын білдіруі және шығармашыл белсенділігі мен бастамашылдығын дамыту және қолдау үшін қолайлы атмосфераны құру болып табылады.
242. Міндеттері:
көркем бейнені жасауда ойындық, ән және би туындыларын қолдана отырып, шығармашылық дербестікті дамыту;
негізгі психикалық процестер мен сапаларды дамыту (қабылдау, есте сақтау, зейін, бақылағыштық, қиял, коммуникативтік, ырғақ сезімі, көпшілік алдында өз ойын айта білу, батылдық);
балаларды белсенді түрде сюжетті-рөлдік ойындарға тарту арқылы әлеуметтік мінез-құлық дағдыларының тәжірибесін қалыптастыру;
бірлескен театр қойылымдарына ата-аналарды қатысуға тарту.
243. "Драма" сабағының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған, олар күтілетін нәтижелер түрінде берілген оқу мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогқа жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
Бөлім | Бөлімше |
1.Артикуляциялық дағдылар | 0.1.1.1 Тыныс алу және артикуляция |
0.1.1.2 Дикция және интонация | |
2.Қимыл үйлесімділігінің дағдылары | 0.2.2.1 Ырғақ сезімі және қимыл үйлесімділігі |
3.Коммуникативтік-тілдік және ойын дағдылары | 0.3.3.1 Бірлесе әрекет ету тәсілдері |
2. Оқу мақсаттарының жүйесі
1-бөлім. Артикуляциялық дағдылар
Бөлімше | Оқу мақсаттары |
| 01.1.1 ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттеу |
0.1.1.2 дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс айту, сыбырлап және қатты айту | |
0.1.1.3 интонацияларды ажырата алу және оларды қайталап айту | |
0.1.1.4 түрлі эмоция мен сезімді білдіру үшін дауыс күшінің түрлі дәрежесін қолдану | |
1.2 Дикция және интонация | 0.1.2.1 эмоциялық күйді анықтау және беру |
1.1. Тыныс алу және артикуляция. Әртүрлі мәтіндерді қайталау кезінде, дұрыс тыныс алуды игереді: еркін, бірқалыпты, ұзақ тыныс алу. Әртүрлі үрлеуге арналған жаттығуларды қолданады ("жел диірмені", "кімнің қайығы алысқа жүзеді" және т.б.), тілдік аппаратты дамытуға бағытталған сергітулер мен жаттығуларды орындайды: жануарлардың, құстардың дыбыстарын келтіру (мысалы, бір деммен 2-3 ф-ф-ф дыбысын, содан кейін 4-5-8 дыбысты кірпі сияқты айту), дем шығару кезінде дауысты А-У-О-И дыбыстарын әндетеді, бір деммен жаңылтпаштарды, мақал-мәтелдерді айтады.
1.2 Дикция және интонация.
Қарқынды, дауыс күшін сақтай отырып, сөз тіркестерін, сөйлемдерді (дикция) анық айтады. Шығармашылық дербестік танытады, кейіпкердің эмоционалдық күйін береді. Әртүрлі эмоционалды жағдайды білдіретін интонацияны сақтайды (қайғылы, көңілді, ашулану, таң қалу, жұмбақ болу, мәз-мәйрам, аяу, қорқу, сынау және т.б.) Дыбыстарды дұрыс айта отырып, жаңылтпаштарды жылдам қарқында айта алады. Әртүрлі қарқындағы эмоцияларды көрсету үшін түрлі дауыс күшін қолданады: қатты, ақырын, баяу, сыбыр.
2-бөлім. Қимыл үйлесімділігінің дағдылары
Бөлімше | Оқу мақсаттары |
2.1 Ырғақ сезімі және қимыл үйлесімділігі | 0.2.1.1 командаға немесе музыкалық белгіге сәйкес әрекет ету |
0.2.1.2 кеңістікте бағдарлау (сахнада, ойластырылып құрылған сахна алаңында), түрлі қарқында қозғалу | |
0.2.1.3 өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіру, оның қалай әрекет ететінін алдын ала сезу | |
0.2.1.4 тірі ағза мен заттардың бейнелерін мимика, ым-ишара және дененің ырғақты қимылы арқылы жасау |
2.1. Ырғақ сезімі және қимыл үйлесімділігі. Мәнерлі және ырғақты қимыл-қозғалыс, өз қимылдарын музыкаға сәйкес басқара білу дағдыларына ие. Мәнерлілік құралдарының сипатын бейнелей отырып, қимылдарды музыкамен сәйкестендіреді. Дене қимылы арқылы өзінің эмоционалдық күйін береді.
Қимылды ырғақпен үйлестіреді, өз әрекетін серіктесінің әрекетімен сәйкестендіре отырып, тірі тіршілік иелерінің және заттардың бейнелерін дененің иілгіштігі, мимика, жест арқылы құрады, сахнаны бағдарлайды, түрлі қарқында қозғалады.
3-бөлім. Коммуникативтік-тілдік және ойын дағдылары
Бөлімше | Оқу мақсаттары |
3.1 Бірлесе әрекет ету тәсілдері | 0.3.1.1 сюжеттік-рөлдік ойындарға қатысу |
0.3.1.2 өз ойын құрдастарының ортасында білдіру, басқалардың пікірін тыңдай білу | |
0.3.1.3 заттармен / ойыншықтармен таныс іс-әрекетті жаңа ойын жағдаятына көшіру | |
0.3.1.4 басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түсу | |
0.3.1.5 түрлі қуыршақтарды (киілмелі, сылдырмақты) пайдаланып, қуыршақ басқарудың кейбір әдістерін білу | |
0.3.1.6 мимика, ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып, таныс әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнелерін жасау |
3.1. Бірлесе әрекет ету тәсілдері
Педагог-режиссерге бағынады, сондай-ақ сахналауда өзінің рөлін достық қарым-қатынас пен өзара көмек көрсете отырып, дербес және мәнерлі орындайды. Өзінің мінез-құлқын реттейді: сөздерін ойлап айтады, қимылдарын тежейді.
Ұлдар (мықты, батыл т.б.с.с.) мен қыздарға (биязы, сезімтал т.б.с.с.) тән мінез-құлық ерекшеліктерін атайды. Әртүрлі қуыршақтардың түрлерін қолданып, кейіпкерлердің бейнесін, мәнерлі интонацияны өздігінен жасауға қызығушылық танытады. Бір немесе басқа сөз тіркесі мен жаңылпашты түрлі интонациямен айта алады.
Ұжыммен шағын театр қойылымдарына қатысады. Бейтаныс аудиторияның алдында (мерекеде, ересектердің қатысуымен, басқа топтарда) сөйлейді, қойылымның ойымен келіседі, рөлдерді бөледі соған сәйкес әрекет етеді, белгілі жағдайларда мәнерлілік құралдарын қолданып (интонация, ым, ишара, кейіп және т.б.), бейнелейтін кейіпкердің мінезін, қимылдарын береді.
11-параграф. "Таным" білім беру саласы
244. Мақсаты: танымдық-зерттеу әрекеттері үшін жағдай жасау болып табылады.
245. "Таным" білім беру саласында келесі сабақ түрлері ұсынылады:
1) қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру;
2) құрастыру;
3) жаратылыстану.
243. "Таным" білім беру саласындағы сабақтардың оқу жүктемесі:
"Таным" білім беру саласы | Апталық оқу жүктемесі |
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру | 2 |
Құрастыру | 0,5 |
Жаратылыстану | 1 |
12-параграф. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
247. Мақсаты қарапайым логикалық-математикалық түсініктерді қалыптастыру және интеллектуалды-шығармашылық қабілеттерді дамыту болып табылады.
248. Міндеттері:
ақиқатты танудың математикалық тәсілдерін таныстыру: санау, өлшеу, қарапайым есептеу;
тапсырманы стандартты емес жолмен шешуге деген ұмтылысын, тапқырлығын, зеректігін, ұғымталдығын дамыту;
ойлау әрекетінің тәсілдерімен таныстыру.
249. "Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру" сабағының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған, олар күтілетін нәтижелер түрінде берілген оқу мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогқа жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
Бөлім | Бөлімше |
1.Кеңістікте бағдарлау | 1.1Заттардың кеңістікте орналасуы |
2.Сан және санау | 2.1 Заттарды санау |
2.2 Жиын және логика элементтері | |
2.3 Тізбектер | |
2.4 Шамалар | |
3.Геометриялық фигуралар | 3.1 Фигуралар мен денелер |
3.2 Фигуралардың өзара орналасуы | |
4.Математикалық модельдеу | 4.1 Математикалық тіл және математикалық модель |
2. Оқу мақсаттарының жүйесі
1-бөлім. Кеңістікте бағдарлау
Бөлімше | Оқу мақсаттары |
1.1 Заттардың кеңістікте орналасуы | 0.1.1.1 қағаз бетінде кеңістікті бағдарлай алу арқылы карточкалардағы геометриялық фигуралардың орналасуын сипаттау |
0.1.1.2 кеңістікте бағдарлану: сол жақ, оң жақ, үстінде, астында, алдында (алды), артында, (арты), жақын, арасында, қасында | |
0.1.1.3 заттарды ені, биіктігі, жуандығы бойынша салыстырып, көлемдерінің арақатынасы көрсетілген заттарды табу, оларды өлшемдерінің өсу (кему) ретімен орналастыру |
1.1.Заттардың кеңістікте орналасуы. Заттардың қағаз парақта, үстелде, едендегі орнын белгілейтін сөздерді мағынасы бойынша дұрыс қолданады. Қозғалыс бағыттарын, заттардың арасындағы кеңістік бағыттарын еркін бағдарлайды, жазықтықты бағдарлайды. Қарама-қайшы жұп ұғымдарды: "солға - оңға", "алға - артқа" анықтай алады. Көрсетілген бағытта қозғалады.
Заттарды өсу және кему ретімен: көлемі, ені, биіктігі, жуандығы, ұзындығы бойынша орналастырады. Заттардың көлемін, тапсырмалардың дұрыс орындалуын көзбен анықтайды беттестіру, тұстастыру тәсілдеріне ие және оларға сипаттама береді, салыстырады, жалпылайды және талдайды.
2-бөлім. Сан және санау
Бөлімше | Оқу мақсаттары |
2.1 Заттарды санау | 0.2.1.1 10 көлеміндегі санды тура және кері санау |
0.2.1.2 заттарды саны бойынша салыстырып, олардың реттік нөмірін атау | |
0.2.1.3 топтардағы заттарды алып тастап немесе қоса отырып, санын салыстыру /теңдік пен теңсіздікті анықтау, топтарды салыстыру және санау негізінде сандық мәнін жалпылау | |
0.2.1.4 кез келген санды бір санға арттырса одан кейінгі сан шығатынын түсіну | |
0.2.1.5 кез келген саннан бір санды кемітсе одан бұрынғы (алдындағы) сан шығатынын түсіну | |
2.2 Жиын және логика элементтері | 0.2.2.1 заттарды белгілі бір қасиеті бойынша жиынға біріктіру |
0.2.2.2 жиын элементтерін атау | |
2.3 Тізбектер | 0.2.3.1 түрлі жағдаяттардың/ фигуралардың /уақыттың (күн, апта, ай, жыл) тізбегін орнатып, жалғастыру |
0.2.3.2 1-ден 10-ға дейінгі сандар тізбегінде қалып қойған санды атау | |
0.2.3.3 заңдылықты талдап, бұзылысты мұғалімнің көмегімен табу | |
0.2.3.4 уақыт туралы түсінікті білу: бүгін, кеше, ертең, бүрсүгіні; тәулік бөліктері | |
2.4 Шамалар | 0.2.4.2 аптадағы күндер мен жыл айларының санын білу |
0.2.4.3 шартты өлшемнің көмегімен заттарды ұзындығы/салмағы бойынша салыстыру |
2.1 Заттарды санау. 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санайды. Сөйлегенде математикалық терминдерді қолданады. Натурал қатардағы сандар арасындағы қатынасты: "дейін", "кейін" ұғымын түсінеді. Теңдік туралы түсінігі бар, топтардағы әртүрлі заттардың санының тең екендігін анықтайды, топтарды салыстыру және санау негізінде сандық мағынаны дұрыс жалпылайды, сандарды қосады және азайтады (біреуден, екеуден санау тәсілдері). Көрнекілік негізінде заттар тобын, сандарды салыстырады (егер бір заттар аз, басқалары көп болса) және т.б.
Сан заттардың көлеміне, олардың арасындағы ара қашықтыққа, кеңістікте орналасуына және санау бағытына (солдан оңға немесе оңнан солға) тәуелді еместігін біледі.
2.2 Жиын және логика элементтері. Жиын әртүрлі белгілерден құрылуы мүмкін екендігін біледі: пішіні, көлемі, құрылымы, кеңістікте орналасуы, түсі бойынша анықтайды, тән бөліктерін көрсетеді.
2.3 Тізбектер. Уақыт ұғымдарын: бүгін, кеше, ертең, бүрсігүні; тәулік бөліктері; жыл айлары, апта күндерінің ретін, уақыт эталондары туралы біледі. Мезгілдік қатынас орната біледі, өтіп жатқан оқиғалардың бірізділігін, олардың арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды сезінеді. 1-ден 20-ға дейінгі сандар тізбегінде қалып қойған санды атайды.
2.4 Шамалар. Шартты өлшемдер арқылы заттың ұзындығын, енін, биіктігін өлшейді және салыстыра біледі, шартты өлшемдер арқылы затты ұзындығы мен салмағы бойынша салыстырады. Дүкендерде қолданылатын таразы туралы түсінікке ие. Шамаларды жеке салыстырмайды, заттардың басқа қасиеттерін қарастыру жүйесінде (олардың қолданылуы, бөліктері) салыстырады.
3-бөлім. Геометриялық фигуралар
Бөлімше | Оқу мақсаттары |
3.1 Фигуралар мен денелер | 0.3.1.1 геометриялық фигуралар (дөңгелек, сопақша, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) мен денелерді (шар, текше, цилиндр) дұрыс атап, ажырату |
0.3.1.2 фигураларды қасиеттері (2 қасиеті) бойынша топтастыру (шаршы, тікбұрыш) | |
0.3.1.3 затты бірнеше тең бөліктерге бөлу, бүтін мен бөліктерді салыстыру | |
3.2 Фигуралардың өзара орналасуы | 0.3.2.1 үлгі бойынша геометриялық фигураларды құрастыру |
0.3.2.2 бірнеше белгілерге бағдарлана отырып, үлгі бойынша нысандарды іріктей алу |
3.1 Фигуралар мен денелер. Геометриялық фигуралар мен денелерді ажыратып, дұрыс атай біледі және қайта құрастырады.
3.2 Фигуралардың өзара орналасуы. Геометриялық фигуралар мен денелерді ажыратып, атайды және модельдейді. Бірнеше үшбұрыштардан бір көпбұрыш, бірнеше кіші шаршылардан – бір үлкен тіктөртбұрыш, дөңгелектің бөліктерінен дөңгелекті, төрт кесіндіден төртбұрыш, екі қысқа кесіндіден бір ұзын және т.б. құрастырады, фигураларды ауызша суреттеу және көрсету бойынша құрастырады.
4-бөлім. Математикалық модельдеу
Бөлімше | Оқу мақсаттары |
4.1 Математикалық тіл және математикалық модель | 0.4.1.1 "+" таңбасын заттар санын біріктіретін белгі ретінде және "-" таңбасын заттар санын азайту белгісі ретінде түсініп, қолдану |
0.4.1.2 таңбаларды танып білу ( =, >, <) | |
0.4.1.3 көрнекілік негізінде қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды шешу |
1.1 Математикалық тіл және математикалық модель. "+","-", ">", "<" таңбаларын санды біріктіретін және азайтатын белгілер ретінде қолданады. Тасырмалардағы логикалық жаттығуларды, жұмбақтарды орындайды.
13-параграф. Құрастыру
250. Мақсаты: құрастыру дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қиял мен логикалық ойлауды дамыту.
251. Міндеттері:
балалардың құрастырудың түрлі өнімдеріне деген қызығушылықтарын қалыптастыру,
қарапайым конструктивтік шешімдер таба алу, командада жұмыс жасау біліктерін дамыту,
балаларды еңбек мәдениетіне тәрбиелеу.
252. "Құрастыру" сабағының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған, олар күтілетін нәтижелер түрінде берілген оқу мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогқа жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
Бөлім | Бөлімше |
1. Материалдар және қауіпсіздік | 1.1Материалдарды зерделеу |
1.2 Қауіпсіздік және еңбек мәдениеті | |
2. Жасау және дайындау | 2.1 Құрастыру техникалары мен тәсілдері |
2.2 Жұмыс кезеңдерін жоспарлау | |
3. Шығармашылық және презентация | 3.1 Шығармашылық |
3.2 Презентация және жұмысты бағалау |
Оқу мақсаттарының жүйесі
1-Бөлім. Материалдар және қауіпсіздік
Конструктор әр балаға беріледі.
Бөлімше | Оқу мақсаттары |
1.1 Материалдарды зерделеу | 0.1.1.1 табиғи және жасанды материалдарды ажырату |
0.1.1.2 табиғи және жасанды материалдардың қасиеттерін атау | |
0.1.1.3 заттарды ортақ белгілері бойынша топтау, геометриялық фигураларды сипаттау және салыстыру | |
0.1.1.4 заттардың қолданылу аясы мен құрылуы арасындағы байланысты орнату | |
1.2 Қауіпсіздік және еңбек мәдениеті | 0.1.2.1 материалдармен және құралдармен жұмыс жасау кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау |
0.1.2.2 еңбек пен шығармашылыққа арналған құралдарды дұрыс қолдану, үшкір және өткір заттар | |
0.1.2.3 жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру | |
0.1.2.4 жобаны командада жасау, команда үшін маңызы мен өз орнын білу |
1.1. Материалдарды зерделеу. Құрылыс материалдарын қолданып, құрастыру әрекетіне қатысады. Табиғи және жасанды материалдардың қасиетін атайды: қағаз (тығыз, жазу, жылтыр, жартылай ватман, жұқа картон) табиғи (бүршік, жаңғақ, бұтақ, тұқым, шөп) және қалдық материалдар (жұмыртқаның қорабы, сырты, тығындар, сүттің, айранның сыртындағы қабы, пластик бөтелкелер және т.б.). Қосымша материалдар: қағаз, картон, ермексаз, сым, сіріңке, казеиннен жасалған желім, синтетикалық; құралдар – пышақ, қайшы, біз қолданады.
1. 2. Қауіпсіздік және еңбек мәдениеті
Құрастыруға арналған материалдармен және құралдармен жұмыс барысында техника қауіпсіздігі ережелерін орындайды. Құрылыс материалдарын (кубиктерді, "Лего" және т.б.) бөлшектердің әртүріне арналған бөлімшелері бар арнайы шкафтарға жинастырады.
Еңбекке арналған тікенді және кескіш заттарды қолданудың қауіпсіздік ережесін орындайды. Жұмыс орнында тәртіп сақтайды.
Суреттерден бөлшектерді табады, бұрандалар мен сомындардың көмегімен бекіте алады; қозғалатын және қозғалмайтын біріктіруі бар құрылыс бөлшектерімен, құралдармен жұмыс істейді.
2-Бөлім. Жасау және дайындау
Бөлімше | Оқу мақсаттары |
2.1 Құрастыру техникалары мен тәсілдері | 0.2.1.1 құрастыру түрлеріне сәйкес түрлі техникалар мен тәсілдерді қолдану |
0.2.1.2 құрылыстың қарапайым сызбаларына бағдарлану | |
2.2 Жұмыс кезеңдерін жоспарлау | 0.2.2.1 жұмыс алгоритіміне сәйкес құрастыру |
2.1. Құрастыру техникалары мен тәсілдері. Моделдейді, құрастырады, құрастыруға тән негізгі бөліктерін бөлшектерден ажыратады, берілген тақырып, жағдай, сурет, фотосуреттер бойынша сөзбен сипаттай отырып, оларды құрастырады.
Құрастыру біліктерін игерген: шағын жалпақ бөліктерді бір үлкеніне қосуды; құрылыстарды мықты етіп тұрғызу, араларын сирек қойылған кірпіштермен, бөренелермен байланыстыру. Бір құрылымның түрлі көлемдегі нұсқаларын және ұжымдық құрылыстарды (қала көшелері, зообақ, теңіз порты) жасай алады.
2.2. Жұмыс кезеңдерін жоспарлау. Өз жұмысын жоспарлай алады: оны орындамас бұрын құрылыс қандай болатын елестетуі қажет, қажетті материалды таңдау және ойластыру.
3-Бөлім. Шығармашылық және презентация
Бөлімше | Оқу мақсаттары |
3.1 Шығармашылық | 0.3.1.1 өз ойы бойынша түрлі материалдардан құрастырып шығу |
3.2 Презентация және жұмысты бағалау | 0.3.2.2 өзінің шығармашылық жұмысының нәтижесін сипаттау және бағалау |
3. 1. Шығармашылық. Қарапайым сызба, үлгі бойынша жұмыс жасай алады, контуры бойынша кесіп алуға және тілуге арналған қайшыны қолданады. Мазмұн бойынша ұжымдық құрастыру дағдыларын игерген. Шығармашылық ойлауы мен қиялын жеткізеді. Қағаздан құрастыру әдістерін қолдана отырып, жазық материалдарды көлемді пішінге (жартылай конусты конусқа шиыршықтау, тік төртбұрышты цилиндрге, шаршыны текшеге айналдыру, өру) айналдырады.
Сіріңке қораптарынан түрліше үйлестіріп, бұйымдар құрастыра алады, табиғи материалдардан бұйымдар жасайды.
Табиғи және қалдық материалдармен жұмыс дағдыларын игерген, бұйымды суретке, сызбаға сүйеніп, өзіндік елетестуіне қарай жасайды.
3.2 Презентация және жұмысты бағалау. Өзінің және құрдастарының тәжірибесін шығармашылықпен қолданады,өзінің әрекетін талдай біледі.
Бір-бірінің жетістіктері мен сәтсіздіктерін байқайды, жолдасына көмектеседі, жолдасының жұмысы қаншалықты сәтсіз болса да, оған оң баға береді.
14-параграф. Жаратылыстану
253. Мақсаты табиғаттың заттары мен құбылыстары туралы бастапқы түсініктерін, физикалық құбылыстар туралы қарапайым ұғымдарын қалыптастыру болып табылады.
254. Міндеттері:
табиғат нысандарын бақылау және қарапайым қорытынды шығару дағдыларын дамыту,
олардың кейбір ерекшеліктерін көру және ажырату: сыртқы кейпі, мінез-құлық әрекеті (жануарлар), өсіп-өну жағдайлары (өсімдіктер),
табиғаттағы жеке өзара байланысты көру,
тұрмыстағы, табиғаттағы экологиялық сауатты мінез-құлықты және жағымсыз қылықтардың неге әкелетінін алдын ала білуді, балалардың сөйлеу тілін, зейінін, ойлауы мен бақылау жүргізіп, қарапайым қорытынды шығару білігін қалыптастыру.
255. "Жаратылыстану" сабағының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған, олар күтілетін нәтижелер түрінде берілген оқу мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогқа жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
Бөлім | Бөлімше |
1.Тірі табиғат | 1.1 Табиғат әлемін танудың қарапайым әдістері |
1.2 Өсімдіктер әлемі | |
1.3 Жануарлар әлемі | |
1.4 Адам | |
2.Өлі табиғат | 2.1 Өлі табиғат денелері мен заттары |
2.2 Табиғат құбылыстары | |
3.Физикалық құбылыстар | 3.1 Қозғалыс және күш |
3.2 Жарық | |
3.3 Дыбыс | |
3.4 Жылу | |
3.5 Электрлік және магниттілік |
2. Оқу мақсаттарының жүйесі
1 бөлім. Тірі табиғат
Бөлімше | Оқу мақсаттары |
1.1 Табиғат әлемін танудың қарапайым әдістері | 0.1.1.1 "бақылау" ұғымын және оны өткізу кезеңдерін түсіну |
0.1.1.2 табиғат нысандары мен құбылыстарына қысқа уақыт аралығында бақылау жүргізу | |
0.1.1.3 алынған ақпаратты ұсыну және қорытынды жасау | |
0.1.1.4 педагогтың көмегімен болжамдар жасау және оларды өздігінен/топта шешу. | |
0.1.1.5 күнделікті өмірдегі табиғат туралы білімнің маңыздылығын түсіндіру | |
1.2 Өсімдіктер әлемі | 0.1.2.1 өсімдіктің тірі табиғат бөлігі екендігін анықтай отырып, өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайдарды анықтау |
0.1.2.2 өсімдіктерді ағаштар, бұталар, шөптер тобына ажырату | |
0.1.2.3 бөлме және жабайы өсетін өсімдіктерді салыстыру | |
0.1.2.4 пиязшық арқылы көбейетін өсімдік түрлерінің өніп-өсуін бақылау | |
1.3 Жануарлар әлемі | 1.3.1 жануардың тірі табиғат бөлігі екендігін анықтау |
0.1.3.2 домжануарлары мен жабайы жануарларды атап, сипаттау | |
0.1.3.3 қыстап қалатын және жыл құстарды атау | |
1.4 Адам | 0.1.4.1 адамның негізгі дене мүшелерін атап, олардың қызметін білу |
0.1.4.2 сезім мүшелерін атап, олардың қызметін білу | |
0.1.4.3 адамның өмір сүруіне қажетті жағдайларды білу |
1.1.Табиғат әлемін танудың қарапайым әдістері. "Бақылау" ұғымын түсіндіреді. Бақылаудың кезеңдерін: бақылау жасалатын нысанды немесе процесті таңдайды, бақылау мақсатын қоюды, бақылау мерзімін анықтауды, бақылау нәтижелерін белгілеу әдістерін таңдауды, бақылау нәтижелері бойынша қорытынды жасауды біледі.
Алуан түрлі заттар және табиғат құбылыстары туралы түсініктерге ие, маңызды белгілері мен қасиеттерін бөліп көрсетеді, олардың негізінде объектілерді жалпылайды және топтастырады. Табиғаттағы июньдық өзгерістерді атайды, ажыратады және бақылайды. Анықталған заңдылықтарды тұжырымдайды және қорытынды жасайды. Бақылау қорытындыларын суреттермен және шартты белгілермен арнайы күнтізбе бақылауларда немесе бақылау күнделіктерінде және т.б. белгілейді.
Күнделікті өмірде табиғат туралы білімнің маңыздылығын түсіндіреді.
1.2. Өсімдіктер әлемі. Өсімдіктерді тірі табиғаттың бөлшегі ретінде анықтайды, өсімдіктер тіршілігіне қажетті жағдайларды біледі. Адам өмірі үшін өсімдіктердің маңыздылығын біледі. Өздеріне тән белгілері бойынша ағаштар мен бұталардың бірнеше түрлерін атайды, ажыратады, бөлме және жабайы өсімдіктерді салыстырады, көкөністер мен жемістерді атайды, ажыратады және жалпылайды.
Табиғат күнтізбесін жүргізеді, пиязшық арқылы (пияз) көбейетін өсімдіктердің өсуі мен дамуын белгілейді.
1.3. Жануарлар әлемі. Табиғат бұрышындағы тірі объектілерге күтім жасауға қажетті құралдар туралы түсініктерге ие. Үй және жабайы жануарлардың: сыртқы келбетіне және жыл мезгілінің әр кезеңіндегі тіршілік әрекетіне тән ерекшеліктері туралы біледі. Қазақстанды мекендейтін жабайы жануарлар, қыстап қалатын (тоқылдақ, торғай, шымшық және т.б.) және жыл құстары (қарлығаш, бозторғай) туралы ұғымдарға ие.
1.4. Адам. Адамның дене құрылысы: дене бөліктері және олардың атқаратын қызметі туралы біледі; сезім мүшелерін және олардың атқаратын қызметін атайды; адамның физикалық ерекшелігін: сезімін білдіру мүмкіндігін (қуаныш, қайғы, таңдану және т.б.) түсінеді. Адам өміріне қажетті жағдайларды (ауа, су, тамақ, қозғалыс) біледі.
2 бөлім. Өлі табиғат
Бөлімше | Оқу мақсаттары |
2.1 Өлі табиғат денелері мен заттары | 0.2.1.1 өлі табиғатқа жататын денелер мен заттарды анықтау |
0.2.1.2 күнделікті өмірдегі өлі табиғат денелері мен заттарының қолданылу аясын атау | |
0.2.1.3 су мен ауаның қасиеттерін сипаттау | |
2.2 Табиғат құбылыстары | 0.2.2.1 табиғат құбылыстарын сипаттау (жел, тұман, найзағай, жаңбыр және т.б.) |
0.2.2.2 июньдық өзгерістердің тірі табиғатқа тигізер ықпалын анықтау |
2.1 Өлі табиғат денелері мен заттары. Өлі табиғат нысандары: көмір, құм, сазбалшық, мұнай, гранит туралы түсініктерге ие; олардың қасиеттерін және міндеттерін атайды. "Дене", "зат" түсініктерін ажыратады. Дененің заттардан тұратынын, бір немесе бірнеше заттардан тұруы мүмкін екендігін түсінеді. Таза ауаның және судың маңызы туралы біледі. Судың үш қасиеті туралы білімді меңгерген.
Өлі табиғаттың денелері мен заттарын адам қолымен жасалған заттардан ажыратады. Адам қолымен жасалған заттарға ұқыпты қарайды. Телефон, компьютер, теледидар, радионың маңызы туралы және оларды қолданудың кейбір қарапайым ережелерін біледі.
2.2 Табиғат құбылыстары. Тірі және өлі табиғаттағы июньдық өзгерістер туралы біледі. Табиғат құбылыстары: жел, найзағай, жаңбыр, тұман, шық, қырау, бұршақ, сүңгі, тамшы, жылымық туралы түсініктерге ие.
2-бөлім. Физикалық құбылыстар
Балалардың физикалық құбылыстар туралы білімдерін дамыту: жарық (жарық беретін нысандарды атау – от, күн, шырақ), дыбыс (табиғаттағы дыбыстың көздерін анықтау), жылу (жылудың көздерін атау), электр және магниттілік (электр тоғының табиғи көзін атау, магнитті қолдану жолдарын атау). Белгілерді салыстыра білу, ұқсастықты және айырмашылықты көрсету.
Бөлімше | Оқу мақсаттары |
3.1 Қозғалыс және күш | 0.3.1.1 қозғалмалы және қозғалыссыз денелерді ажырату |
3.2 Жарық | 0.3.2.1 жарық шашатын нысандарды атау: от, күн, шам |
3.3 Дыбыс | 0.3.3.1 табиғаттағы дыбыс көздерін анықтау |
3.4 Жылу | 0.3.4.1 жылу көздерін атау |
3.5 Электрлік және магниттілік | 0.3.5.1 электр тогының табиғи көздерін атау |
0.3.5.2 магниттерді қолдану жолдарын пайымдау |
3.1. Қозғалыс және күш. Біздің қозғалмалы заттар әлемінде өмір сүретінімізді түсінеді: ағаштар тербеледі, құстар ұшады, машиналар жүреді, кемелер жүзеді және т.б. Заттарды қозғалысқа келтіретін күштер бар екендігін біледі. Заттық әлем туралы түсініктерге ие: өндірісте адамдардың еңбегін жеңілдететін және тұрмыста жайлылық жасайтын заттар туралы (мысалы, миксер, калькулятор, роботтар, компьютер,машиналар, көтергіштер және т.б.).
3.2. Жарық. "Жарық" түсінігі туралы ұғымға ие, жарық көздері (от, күннің көзі, шырақ) туралы біледі және атайды.
3.3. Дыбыс. Табиғаттағы дыбыстың шығу көзін, жәндіктердің шығаратын (шегірткенің) дыбыстарын анықтайды. Көкекті, тоқылдақты, бұлбұлды дауыстары бойынша, қалалардағы дыбыстың негізгі шығу көзін (поезд, жедел жәрдем, өрт сөндіру машинасы) анықтайды.
3.4. Жылу. "Жылу" ұғымын түсіндіреді. Жылудың шығу көзін атайды.
3.5. Электрлік және магниттілік. Магниттің қасиеттерін және күнделікті өмірде адамның магнитті пайдалану жолдарын біледі. Электрдің табиғи көздерін атайды: найзағай, көптеген балықтар электрді қорғану және қорегін іздестіру үшін қолданады (электрлі скат - қорғану үшін, акулалар - қорегін іздестіру үшін).
4-бөлім. Табиғатты қорғау
Жануарлар мен өсімдіктердің, жәндіктердің барлық түрлерін сақтау қажеттілігі туралы ұғымдарын кеңейту.
Бөлімше | Оқу мақсаттары |
4.1 Табиғатқа қамқорлық | 0.4.1.1 табиғатқа зиян келтіруі ықтимал жағдаяттар мен іс-әрекеттерді атау |
0.4.1.2 ауа, судың ластану себептерін білу, оларды атау | |
0.4.3.1 тірі және өлі табиғаттың өзара байланысын түсіндіру | |
0.4.3.2 "Қызыл кітаптың" маңыздылығын түсіндіру | |
0.4.3.3 өсімдіктер мен жануарларға күтім жасаудың тәсілдерін түсіндіру, оларды атай білу |
4.1. Табиғатқа қамқорлық. Табиғатқа зиян келтіруі мүмкін жағдайлар мен әрекеттерді біледі. Табиғатта өзін-өзі ұстаудың (ағаш жапырақтарын жұлмау, гүлді жұлмау, гүлзарларды таптамау, ұяны бұзбау, қоқыс тастамау) қарапайым ережелерін орындайды. Саңырауқұлақ пен кейбір жидектердің түрлерін жинау ережелерін біледі.
Ауа мен судың ластану себептерін біледі. Тірі және өлі табиғаттың өзара байланысын түсіндіреді. Жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігін өзгерістерге ұшыратуы мүмкін себептерді атайды.
"Қызыл кітап" және оның өкілдері туралы ұғымдарға ие. Адамның жануарлар және өсімдіктер әлемін қорғау қажеттілігі туралы біледі.
15-параграф. "Шығармашылық" білім беру саласы
256. Мақсаты мектеп жасына дейінгі балаларда шығармашылық қабілеттердің, ойлау мен қиялдың қалыптасуына, эстетикалық талғамы мен эмоционалды-сезімдік саласының, өзінің ішкі жан дүниесін көркемдік формада жеткізе білуге деген ұмтылысын дамытуға, өнер құралдарымен тәрбиелеуге және музыкалық-көркемдік әрекет тәсілдері мен ойын арқылы өнер әлеміне баулуға жағдай жасау болып табылады.
257. "Шығармашылық" білім беру саласы бойынша ұсынылатын сабақ түрлері:
1) сурет салу,
2) мүсіндеу,
3) аппликация,
4) музыка.
258. "Шығармашылық" білім беру саласындағы сабақтардың оқу жүктемесі
"Шығармашылық" білім беру саласы | Апталық оқу жүктемесі |
Сурет салу | 1 |
Мүсіндеу | 1 |
Аппликация | 1 |
Музыка | 2 |
16-параграф. Сурет салу
259. Мақсаты бейнелеу өнерінің негіздеріне, өзін көркемдік жұмыстар арқылы көрсете білуге ынталандыру арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.
260. Міндеттері:
білуге деген құштарлығын, шығармашылық қиялын, фантазиясын, есте сақтау қабілетін дамыту,
сурет негіздері туралы білімдерін және көркемдік материалдармен, құралдармен жұмыс істеудің бастапқы дағдыларын қалыптастыру,
көркем-эстетикалық талғамды дамыту және бейнеленген образдарды түсіну сезімін тәрбиелеу,
ойын және көркем-музыкалық әрекет арқылы шығармашылыққа қажеттілікті дамыту,
қол моторикасы мен көру зейінін және қабылдауды дамыту,
заттарды олардың кеңістіктік арақатынасына сәйкес бейнелеу дағдыларын дамыту,
шыдамдылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
ұлттық бейнелеу өнеріне баулу арқылы патриотизмге тәрбиелеу.
261. "Сурет салу" сабағының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған, олар күтілетін нәтижелер түрінде берілген оқу мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогқа жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
Бөлім | Бөлімше |
1.Сурет негіздері | 1.1 Сызықтар және сызық түрлері |
1.2 Пішін және пропорция | |
1.3 Түс | |
1.4 Текстура | |
1.5 Композиция | |
2.Материалдар мен құралдар | 2.1 Құралдармен және көркем материалдармен жұмыс тәсілдері |
2.2 Еңбек гигиенасын, құралдармен жұмыс істеуде қауіпсіздік техникасын сақтау |
2. Оқу мақсаттарының жүйесі
1-бөлім. Сурет негіздері
Бөлімше | Оқу мақсаттары |
1.1 Сызықтар және сызық түрлері | 0.1.1.1 түрлі сызықтарды (түзу, қисық, зигзаг, ирек, т.б.) пайдаланып, қарапайым заттар мен күрделі емес сұлбаларды салу |
0.1.1.2 түрлі сызықтар көмегімен қарапайым сәндік өрнектерін және қазақ өрнектерінің түрлерін салу | |
1.2 Пішін және пропорция | 0.1.2.1 негізгі геометриялық пішіндердің көмегімен қарапайым заттар мен олардың бөлшектерін, сондай-ақ біртұтас сюжеттік желісі бар сурет салу |
0.1.2.2 шамасы әр түрлі біртектес заттардың, бөлшектердің суретін салып, оларды суретте симметриялы орналастыру | |
0.1.2.3 өрнек ішінде геометриялық пішіндер мен өсімдік элементтерін 2-3 элементтен кезектестіріп, ырғақты орналастыру | |
1.3 Түс | 0.1.3.1 негізгі және қосалқы, жылы және суық түстерді ажырату |
1.4 Текстура | 0.1.4.1 көркем материалдар және құралдар түрлерімен, қолмен/саусақпен және т.б. көмегімен қарапайым жұмыс техникасын қолдана отырып, заттардың текстурасын бейнелеу |
1.5 Композиция | 0.1.5.1 заттарды жерге, суға, аспанға қатыстылығы бойынша орналастырып, заттардың және зат бөлшектерінің пішінін, пропорцияларын, түсін есепке ала отырып, кеңістіктік арақатысын бейнелеу |
0.1.5.2 суреттегі бейненің көңіл-күйін беру үшін қағаз реңі мен түс үйлесімділігін таңдау |
1.1. Сызықтар және сызық түрлері
Сызықтардың алуан түрін (түзу, қисық, ирек-ирек, ирелең) қолдана отырып, затқа қарап және елестету арқылы қарапайым заттарды және күрделі емес сұлбалардың суретін салады. Түрлі ұлттардың қолданбалы өнеріне тән әртүрлі түстермен өрнектің элементтерін қолданады. Қазақ ою-өрнегінде кездесетін табиғаттың бейнесін бере біледі.
Түзу сызықтың түрлі үйлесімділігінде құрылған қазақ өрнегінің элементтерінің суретін салады, оларға тән элементті қолдана отырып құрастыруды, элементтерді сұлбаның, форманың ортасына және шетіне орналастыруды, қарапайым формаға түзу, ирек, жіңішке, жалпақ сызықтарды, сақиналарды, дөңгелектерді, бояуларды, нүктелерді ырғақпен орналастыра отырып өрнектерді құрастырады. Қиялын жеткізеді.
1.2. Пішін және үйлесімділік.
Қарапайым геометриялық пішіндерді қолдану арқылы негізгі форманы, заттардың бөліктерін, үйлесімділігін салады. Бірыңғай мазмұнда сурет салу үшін, біркелкі заттардың көлемі мен бөліктері бойынша (көктемдегі табиғаттың қарапайым суреттері), ағаш бұтағы, бұтаның жапырағы немесе гүлі, кейбір дала және бақша гүлдері, түрлі аңдардың өздеріне тән ерекшеліктерін және т.б. қарап бейнелейді. Геометриялық пішіннің жеңілдетілген түрінде, пішінін құрастыру үшін, заттардың құрылысын көреді, шығармашылық қиялы мен кеңістіктік ойды жеткізеді.
1.3. Түс. Қағаздың түсін таңдайды және бейнені жасау үшін бояуларды сәйкестендіреді, әртүрлі түстің фонымен сәйкес жылы және суық түстерді қолданады, тақтайшаға бояуларды араластырады. Қоршаған орта заттарынан және құбылыстарынан түстердің түрлерін таниды, оларды көркем жұмыста өзінің ойын жеткізу үшін қолданады. Главная түстерді, табиғи және жасанды жолмен алынған бояуларды, күн сәулесі спектрінің негізгі түстерін, құрамдас түстерді негізгі түстерден алады, түстерді араластырудың қарапайым ережесін (қызыл және көк түсті қосқанда – күлгін түс, көк және сары түстің қоспасы – жасыл түсті беретінін және т.б.) біледі.
1.4. Текстура
Алуан түрлі көркем материалдарды және олардың қасиеттерін біледі. Түрлі текстураны бейнелеу арқылы бейнеленетін кейіпкердің мінезін немесе бейненің сипатын, заттың пішінін, көлемін беруге болатынын түсінеді.
Негізгі көркем материалдармен қарапайым жұмыс жасау техникасын, дәстүрден тыс тәсілдермен жұмысты меңгерген.
1.5. Композиция
Жеке заттарға қарап немесе есте сақтау арқылы суреттердің, өрнектер мен оюлардың композициясын құрастыра алады. Бейнені қағаз бетіне үйлесімді орналастырады, суреттегі түсті үйлестіреді. Әртүрлі түстерді үйлестіру арқылы бейнеленетін заттың, табиғат құбылысының көңіл-күйін беруге болатынын түсінеді. Кеңістіктік ойлауды: бейнені қағаздың төменгі жағына, қағаздың барлық бетінде орналастыруды меңгерген.
2-бөлім. Құралдармен және материалдармен жұмыс тәсілдері, еңбек гигиенасын, құралдармен жұмыс істеуде қауіпсіздік техникасын сақтау
Бөлімше | Оқу мақсаттары |
2.1 Құралдармен және көркем материалдармен жұмыс тәсілдері | 0.2.1.1 саусақтарға күш түсірмей, қарындашпен, түсті бормен сурет салу, қарындашты (борды) көлбеу ұстау, бір бағытта жеңіл қимылдармен, штрихтарды бірқалыпты, сурет сызығынан сыртқа шығармай салу |
0.2.1.2 жіңішке сызықтарды сызғанда қылқаламды қағазға көлбеу, нүктелерді салғанда тік ұстау | |
0.2.1.3 жапырақтарды, гүлдерді, т.б. салғанда қылқаламды қағаз бетіне сипай жанастыру әдісін қолдану | |
0.2.1.4 қылқаламды бір бағытта, солдан оңға, жоғарыдан төменге, қиғаш жүргізу арқылы суретті бояу | |
0.2.1.5 сурет сюжетіне, композициясына, өлшеміне, түсіне қарай қажетті көркем материал мен құралдарды таңдау | |
2.2 Құралдармен жұмыс істеуде еңбек гигиенасын, қауіпсіздік техникасын сақтау | 0.2.2.1 жұмыс барысында жұмыс орны мен құралдарды ретке келтіру, материалдарды үнемдеп жұмсау |
0.2.2.2 өткір құралдармен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау, жеке бас гигиенасының ережелерін орындау |
2.1. Құралдармен және көркем материалдармен жұмыс тәсілдері.
Түрлі материалдармен жұмыс жасай біледі, қарындаштарды (графитті және түрлі түсті), бояуларды (гуашь, акварель) дұрыс таңдайды. Құрал-жабдықтармен және көркем материалдармен жұмыс жасаудың қарапайым техникасына ие.
2.2. Құралдармен жұмыс істеуде еңбек гигиенасын, қауіпсіздік техникасын сақтау. Қарапайым еңбек дағдыларын игерген: жұмыс орны мен жұмыс істеу барысында құралдарды өздігінен ретке келтіреді: үшкір құралдарды, көркем материалдарды және т.б. орнына қояды. Жеке бас гигиенасының ережесін сақтайды: жеке сүлгі қолданады, киімді (алжапқышты) жинастырады.
17-параграф. Мүсіндеу
262. Мақсаты мүсіндеу арқылы өзін көрсетуде шығармашылық қабілеттерін, сенсорлық және эстетикалық қабылдауын қалыптастыру болып табылады.
263. Міндеттері:
мүсіндеуге қызығушылығын, шығармашылық қиялын, фантазиясын, бақылағыштығын қалыптастыру,
қолдың ұсақ моторикасын дамыту,
мүсіндеуге арналған түрлі материалдармен жұмыс жасауда қарапайым білімдері мен дағдыларын қалыптастыру,
заттардың, мүсінделетін бұйымдардың пішіні мен өлшемі туралы кеңістіктік түсініктерін қалыптастыру,
заттарды шынайы бейнесіне қарап, елестетіп, ойдан шығарып мүсіндеу дағдыларын дамыту,
мүсіндеу барысында түрлі бейнелерді, олардың сипатының, пішінінің, пропорцияларының, фактураларының, зат қозғалыстарының ерекшеліктерін өздігінен бере білу дағдыларын дамыту,
көркем-эстетикалық талғамды қалыптастыру және бейнеленген образдарға жанашырлық сезімдерін тәрбиелеу,
қарапайым еңбек дағдыларына, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу,
қазақ халқының ұлттық сәндік-қолданбалы өнер желісін мүсіндеуде қолдану арқылы патриоттық сезімге тәрбиелеу.
264. "Мүсіндеу" сабағының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған, олар күтілетін нәтижелер түрінде берілген оқу мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогқа жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
Бөлім | Бөлімше |
Мүсіндеу бағыты | 1.1 Заттық мүсіндеу |
1.2 Сюжеттік мүсіндеу | |
1.3 Сәндік мүсіндеу | |
Еңбек гигиенасын, құралдармен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау | 2.1 Мүсіндеуге арналған материалдармен, құралдармен жұмыс |
2. Оқу мақсаттарының жүйесі
1-бөлім. Мүсіндеу бағыты
Бөлімше | Оқу мақсаттары |
1.1 Заттық мүсіндеу | 0.1.1.1 затқа қарап және елестету арқылы, ермексаздың, сазбалшықтың және басқа да материалдардың бүтін бөліктерін соза отырып, таныс заттарды, түрлі пішіндегі, көлемдегі жеміс-жидек, жануар, құстардың модельдерін қарапайым геометриялық пішіндер негізінде мүсіндеу |
0.1.1.2 дененің қарапайым пропорцияларын есепке ала отырып, қозғалыстағы адамның немесе жануардың қарапайым фигурасын мүсіндеу, фигураны тік немесе көлденең орналастыру, фигура бөліктерін өзара қосып, олардың бір-біріне қосылған жерін арнайы кескіш көмегімен тегістеп, жымдастыру | |
0.1.1.3 кейіпкерлерге тән бөліктерді (мұрын, ауыз, көз, құлақ, аяқ, қанат) пропорцияны сақтай отырып, қарапайым әдістерді (жұмырлау, жаю, жалпайту, кескіш көмегімен ойып алу, т.б.) қолданып мүсіндеу, жұмыстың конструктивті және пластикалық техникаларын үйлестіріп, бөліктерді біріктіру | |
0.1.1.4 қарапайым көркем образдарды жасау, образды түрлі ұсақ бөліктермен, сәндік элементтермен толықтыра отырып, көңіл-күйін бере білу, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдау | |
1.2 Сюжеттік мүсіндеу | 0.1.2.1 балалармен топтасып немесе жекелей біртекті заттардан образдар мен сюжеттік композициялар жасау (мысалы, ертегі, әңгіме, балаларға арналған халық әндері, санамақ, мазақтамалар, аңыздар желісімен) |
0.1.2.2 бұйымды тұғырға орнату техникасын пайдалану, бір тұғырға бірнеше бұйымды орналастыру | |
1.3 Сәндік мүсіндеу | 0.1.3.1 пластикалық, конструктивтік және мүсіндеу техникаларын қолданып, түрлі пішіндегі кескіштерді пайдалана отырып, Қазақстанның және әлемнің халық кәсіпшілігі негізінде ойыншықтар, ыдыс-аяқ мүсіндеу |
0.1.3.2 әлем халықтарының ұлттық ойыншықтарының желісі бойынша затқа қарап, елестетіп және ойдан құрастырып жапсырып мәнерленген образды сәндеу әдістерін пайдалану (рельеф, илеу, кескішпен ойып алу немесе қырып із салу) |
1.1. Заттық мүсіндеу.
Жануарлар мен адамдардың, құстардың пішінін, көкөністер мен жемістердің үлгілерін, таныс заттарды бір кесек ермексаздан (сазбалшықтан және т.б. материалдардан), алдымен олардың жалпы пішінін, содан кейін бөлшектерін мүсіндейді. Мүсіндеудің түрлі тәсілдерін және қосымша материалдарды пайдаланады. Бөліктердің салыстырмалы көлемін сақтай біледі, мүсінделген пішіннің бөліктерін нықтап бекітеді, олардың біреуін екіншісіне қосып, бекітілген жерді тегістейді, саусақтардың қимылымен немесе кескішпен пішіннің бетін жөндейді.
1.2.Сюжеттік мүсіндеу. Қоршаған орта тақырыбына, ертегі және әңгімелердің, халық өлеңдерінің желісі бойынша сюжеттік композиция құрады. Алған біліктері мен дағдыларын жеке мүсіндеуді, ойынға арналған ұжымдық мүсіндеуді орындауда, мереке күндері бөлмені, үйшікті, алаңқайды безендіруде қолданады. Өлшемдік қатынасты, бейненің мәнерлігін, адамның қимылына тән мәнерлікті береді, кескішті қолдана отырып пішіннің бетін безендіреді; тұғырда бұйымды орналастыру техникасын біледі; бір тұғырға бірнеше пішінді орналастыра отырып, біртекті заттардан мазмұн құрады.
1.3. Сәндік мүсіндеу. Шығармашылықпен жұмыс жасайды: алдын-ала тақырыпты ойластырады, сурет түрінде алдын-ала үлгі құрады және жұмыс барысында оған сүйенеді, заттың пішінін өсімдік немесе геометриялық өрнектермен шартты түрде безендіреді.
Бұйымдарды, заттарды және т.б. халық ертегілері, аңыздардың желісі бойынша көркем табиғи материалдардан сәндік элементтерді қолданып, безендіреді. Қауіпсіздік техникасын сақтап, дәстүрден тыс құралдарды, мүсіндеуге арналған заттарды (бұйымдарды) қолданады.
2-бөлім. Еңбек гигиенасын, құралдармен жұмыс істеуде қауіпсіздік техникасын сақтау
Бөлімше | Оқу мақсаттары |
2.1 Мүсіндеуге арналған материалдармен, құралдармен жұмыс | 0.2.1.1 мүсіндеуге арналған материалдарды үнемді пайдалану |
0.2.1.2 өткір және кескіш құралдармен жұмыс барысында қауіпсіздік техникасын және еңбек гигиенасын сақтау | |
0.2.1.3 жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру |
2.1. Мүсіндеуге арналған материал және құралдармен жұмыс істеу.
Мүсіндеуге арналған көркем және дәстүрден тыс құралдармен жұмыс жасай алады, кескіштерді (өздері жасауға ыңғайлы болу үшін ағаштан жасалуы мүмкін және пластмассадан жасалған) қолданады. Көркем және табиғи материалдармен жұмыс жасаудың қарапайым еңбек дағдыларын игерген. Пайдаланатын материалдарға және құралдарға ұқыпты қарайды, жұмыс орны мен жұмыс істеу барысында құралдарды өздігінен тәртіпке келтіреді: үшкір құралдарды, сазбалшықты, ермексазды, тақтайшаларды және т.б. өз орнына қояды. Жеке бас гигиенасының ережесін сақтайды: қолын жуады, жеке сүлгіні қолданады, көркем жұмысты орындауға арналған киімді (алжапқышты) жинастырады.
18-параграф. Аппликация
265. Мақсаты жапсыруды құрастыру арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.
266. Міндеттері:
халық кәсіптері, материалдар мен құралдар туралы түсініктерін қалыптастыру,
зат бейнесін бөлшектерден құрастыру, бөлшектерден шаблон арқылы, есте сақталған бейне арқылы, елестету арқылы композиция құрау дағдыларын дамыту,
қайшымен жұмыстың негізгі тәсілдерін меңгеру (қайшылардың арнайы қауіпсіз үлгілерін қолдану),
геометриялық және өсімдік өрнектері негізінде жырту, өру және қағазбен жұмыста пайдаланылатын түрлі аралас техникаларды қолданып, симметриялық, сұлбалық, көпқабатты пішіндерді қию техникасын меңгеру,
сенсорлық қабылдауды, көркемдік-эстетикалық талғамды дамыту,
композиция құрау дағдыларын дамыту,
жапсыруда түс, пішін, өлшем, т.б. көркемдік мәнерлілік құралдарын пайдалану,
қарапайым еңбек дағдыларына тәрбиелеу,
жапсыруда қазақ халқының ұлттық сәндік-қолданбалы өнер желісін қолдану арқылы патриотизмге тәрбиелеу.
267. "Аппликация" сабағының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған, олар күтілетін нәтижелер түрінде берілген оқу мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогқа жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
Бөлім | Бөлімше |
1. Аппликация бағыты | 1.1 Заттық аппликация |
1.2 Сюжеттік аппликация | |
1.3 Сәндік аппликация | |
2. Еңбек гигиенасын, құралдармен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау | 2.1 Қайшымен жұмыс тәсілдері |
2. Мақсаттар жүйесі
1-бөлім. Аппликация бағыттары
Бөлімше | Оқу мақсаттары |
1.1 Заттық аппликация | 0.1.1.1 жырту, қиып алу әдістерімен түрлі ертегілік бейнелер, т.б. жасай отырып, қарапайым заттарды жапсыру |
0.1.1.2 шаблон/есте сақталған үлгі/затқа қарап жапсыруларды құрастыру, сәйкес түсті, пішінді, заттардың фактурасы мен пропорцияларын таңдау, бөлшектерді жапсыру бірізділігін дұрыс пайдалану | |
0.1.1.3 елестету арқылы геометриялық пішіндер негізінде бірнеше бөліктен тұратын заттардың жапсырмасын құрастыру, бөлшектерді жапсыру бірізділігін дұрыс қолдана отырып, тұтас ойыншық бейнелерін жасау немесе қисық жыртып алынған қағаздан жұмсақ ойыншық бейнелерін құрастыру | |
1.2 Сюжеттік аппликация | 0.1.2.1 жапсыруда дербес немесе ұжымдық сюжеттік композиция жасау, заттардың кеңістіктік қатынастарын, түсін, пропорциясын, заттар мен олардың бөлшектерінің текстурасын есепке ала отырып оларды аспанға, суға, жерге қатыстылығы бойынша орналастыру |
1.3Сәндік аппликация | 0.1.3.1 қазақстан халықтарының сәндік-қолданбалы өнерінің желісімен, өрнектерді симметриялы, ырғақпен, пішіндер мен ою элементтерін кезектестіре отырып, жапсырудағы өрнек элементтерінің кеңістіктік қатынасын есепке ала отырып, геометриялық пішіндер, өсімдік элементтері негізінде өрнектерден жапсырулар құрастыру |
0.1.3.2 қуыршақтар мен ойыншықтарға арнап ұлттық бұйымдарды, сондай-ақ, қазақ ою-өрнектерінің желісімен балалардың ойдан шығаруы/шаблон бойынша түрлі бұйымдарды, шырша ойыншықтарын, құттықтау ашық хаттарын, ұжымдық панноларды сәндеу |
1.1. Заттық аппликация
Түрлі тақырыптарға жапсыруды құра алады: қоршаған ортаның шынайылық желісі негізінде, халық ертегілері, мультфильмдердің мазмұны бойынша және т.б., қағазбен және қайшымен жұмыстың қарапайым тәсілдерін қолданып, қайшымен жұмыс істейді. Қиып алудың негізгі түрлерін игерген: бүктелген сызығы бойынша қағаз парағын түзу қию, шаршының бұрыштарын дөңгелетіп, дөңгелек пішінді қиып алу, бірнеше рет бүктелген қағаз парағынан тіктөртбұрышты, үшбұрышты, дөңгелек пішіндерді қиып алу.
Қиып алудың түрлі тәсілдерін қолданады: симметриялық (көбелек, инелік, қызғалдақ, Қарша қыз, зымыран) немесе ортасынан бастап қайталанатын бөлікті кезектестіру (түймедақ, қар бүршігі); ұсынылған күрделі контуры бойынша (жануарлар, құстар, балықтар).
Дағдыларын жеке және ойынға арналған ұжымдық жапсыруды орындауда, мереке күндері бөлмені, үйшікті, безендіруде қолданады.
Ойдан жапсыру дағдыларын игерген.
1.2. Сюжеттік аппликация
Тақырыпқа немесе сюжетке сәйкес түрлі заттарды қиып алады және жапсырады. Болашақ композицияның сюжеті мен бөліктерін ойластырады, нысандардың көлемін, пішінін, түрлі заттардың бөліктерін, құрылымын ескере отырып, оларды негізге бірізділікпен жапсырады.
1.3. Сәндік аппликация
Түстің ашықтығын салыстыруды қолдана отырып, ырғақ, симметрия заңдылығы бойынша безендірудің түрлі элементтерін (геометриялық, өсімдіктер пішіндері, құстардың, жануарлардың, адамдардың пішіндерінің жиынтығын) қиып алады және біріктіреді. Стильдей біледі, шынайы заттарды сәнді жасайды, олардың құрылысын жалпылайды, үлгілерді жаңа қасиеттерімен түрлендіреді. Халық өнері туралы ұғымға ие, тұрмыстық бұйымдарды халық өрнектерімен безендіреді. Ұлттық өрнектердің алуан түрлілігін; түстердің, композицияның сәйкестігін көрсетеді, қағаздың парағын жекелеген элементтермен толықтырады, жапсырудың негізгі және қосалқы бөліктерін бөліп көрсетеді.
2-бөлім. Құралдармен және көркем материалдармен жұмыс тәсілдері, еңбек гигиенасын, құралдармен жұмыс істеуде қауіпсіздік техникасын сақтау
Бөлімше | Оқу мақсаттары |
2.1 Қайшымен жұмыс әдістері | 0.2.1.1 геометриялық пішіндер негізінде қарапайым заттардың бейнесін қию (жолақтарды тік төртбұрыш, шаршыларды үшбұрыш етіп қию, шаршының немесе тік төртбұрыштың бұрыштарын қию арқылы шеңбер және сопақ пішіндерді қиып алу) |
0.2.1.2 симметриялы емес заттарды бейнелеу үшін салынған немесе қиялдағы контур бойынша сұлбаларды қию | |
0.2.1.3 табиғи және қолдан жасалған бейнелерден, екіге, қатпарлап бүктелген қағаздардан түрлі симметриялық пішіндерді қиып алу | |
2.2 Материалдармен, құралдармен жұмыс | 0.2.2.1 жапсыруға арналған материалдарды тиімді жұмсау (тығыздығы, түсі, текстурасы жағынан әр түрлі қағаздар) |
0.2.2.2 бірнеше қабат етіп бүктелген қағаздан геометриялық сәндік элементтерді көбірек қиып алып, геометриялық пішіндерді (шаршылар, тік төртбұрыштар, шеңберлер, сопақшалар) ортасынан немесе диагональ бойынша қию | |
0.2.2.3 орталықты, бұрыштарды, әшекейлеу үшін екіге бүктелген қағаздан, қатпарлап бүктелген қағаздан қол ұстасып, шеңберді айнала ән айтқан адам бейнелерін, шілтер үлгілерін, қар ұшқындарын, гүлдер, т.б. қию | |
0.2.2.4 жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру |
2.1. Қайшымен жұмыс істеу әдістері
Қиып алудың техникасын игерген. Қайшыны дұрыс қолданады.
2.2. Материалдармен, құралдармен жұмыс істеу
Материалды өңдеу (бүктеу, қию, желімдеу) біледі, құралдарды орынды (қайшы, желім, қылқалам, сүлгі және т.б.) қолданады. Сабақтарда алуан түрлі материалдарды: қағаз, ермексаз, мата, кептірілген жапырақтар мен гүлдер, түрлі-түсті ұнтақ жармасы немесе ұсақталған жұмыртқаның қабығын және т.б. қолданады. Түрлі материалдардың қасиеттерін біледі (қағаз, жарма, ағаш жапырақтары және гүлдер, дақылдар, сабан, мата және т.б.), геометриялық пішіндер мен түстерді ажыратады, көлемі бойынша бөліктер қатынасын орнатады және бөліктерді бүтін етіп біріктіреді, құрылымын, кеңістіктегі заттың орнын көрсетеді, қағаздың бетінде бағдарлайды. Жұмыс орнын және жұмыс барысында құралдарды өздігінен ретке келтіреді: ұшы үшкір құралдарды орнына қояды, қайшымен жұмыс істеудің қауіпсіздік ережесін сақтайды.
19-параграф. Музыка
268. Мақсаты алуан түрлі музыкалық іс-әрекет арқылы шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, эмоционалдық-сезімдік саланы, адамгершілік-эстетикалық сапаны дамыту, ұлттық музыкаға және өзге де елдердің музыкасына тұрақты қызығушылық пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу болып табылады.
269. Міндеттері:
музыкалық мәнерлілік құралдары, негізгі музыка формалары мен жанрлары туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру,
дыбыс жоғарылығын есту және ырғақтық дағдыларын қалыптастыру,
музыка туралы өз пікірін білдіру дағдыларын қалыптастыру,
ән айтудың бастапқы дағдыларын қалыптастыру,
ұрмалы-шулы аспаптарда ойнау арқылы суырыпсалмалық қарапайым дағдыларын, ырғақты қозғалыстарын қалыптастыру,
аспаптық музыкаға қызығушылық пен ұрмалы-шулы аспаптарда музыка ойнау дағдыларын дамыту,
балаларға арналған музыка аспаптарында ойнау арқылы сенсорлық қабылдауын және қол моторикасын дамыту,
дыбысталу тембрі бойынша кейбір музыка аспаптарын анықтау,
музыканы тыңдау және орындау барысында өз сезімдері мен толғаныстарын сипаттау арқылы тілдік дағдыларын дамыту,
өнер ретінде музыкаға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу,
балаларға арналған қазақ халық әндерін орындау, халық музыкасы мен Қазақстан композиторларының музыкасын тыңдау арқылы патриотизмге тәрбиелеу.
270. "Музыка" сабағының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған, олар күтілетін нәтижелер түрінде берілген оқу мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогқа жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
Бөлім | Бөлімше |
1.Музыкалық сауаттылық | 1.1 Музыкалық мәнерлілік құралдары (әуен, қалып, ырғақ, қарқын, тембр, динамика, регистр) |
1.2. Музыка жанрлары | |
1.3 Музыка формасы | |
2.Балаларға арналған музыка аспаптарында ән салу және ойнау | 2.1 Ән салу |
2.2 Аспаптарда ойнау | |
3.Музыкалық шығармашылық | 3.1 Музыкалық-ырғақты қозғалыстар |
3.2 Музыкалық суырыпсалулар |
2. Мақсаттар жүйесі
1-бөлім. Музыкалық сауаттылық
Бөлімше | Оқу мақсаттары |
1.1 Музыкалық мәнерлілік құралдары (әуен, қалып, ырғақ, қарқын, тембр, динамика, регистр) | 0.1.1.1 таныс әндердің қарапайым әуендерін ажырату |
0.1.1.2 музыкалық шығарманың сипатын ажырату (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын, көңілсіз, мұңды, қайғылы) | |
0.1.1.3 тыңдалған музыкалық шығармадағы қарқынды (жылдам, баяу), регистрді (жоғары – "құс", орташа – "қоян", төмен – "аю") анықтау | |
0.1.1.4 музыкалық дыбыстың негізгі қасиеттерін жоғарылығына (жоғары-төмен дыбыс),ұзақтығына (ұзақ, қысқа), қаттылығына (қатты, ақырын),тембріне қарап ажырату | |
0.1.1.5 таныс әннің, музыкалық шығарманың күшті және әлсіз бөліктерін ажырату | |
0.1.1.6 музыканы тыңдау және орындау барысында өз сезімдері мен толғаныстарын сипаттау | |
1.2 Музыка жанрлары | 0.1.2.1 музыка жанрларын (күй, ән, би, марш) ажырату |
0.1.2.2 музыкалық мамандықтарды (орындаушы, әнші, солист, оркестр, дирижер) ажырату | |
1.3 Музыка формалары | 0.1.3.1 музыкалық шығарманың кіріспесі мен қайырмасын ажырату |
1.1. Музыкалық мәнерлілік құралдары (әуен, қалып, ырғақ, қарқын, тембр, динамика, регистр). Баланың рухани әлемін байытатын, мейірімділік сезімдерге, эстетикалық толғаныстарға ынталандыратын, бастапқы музыкалық талғамның қалыптасуына ықпал ететін алуан түрлі әндерді, кейбір бастапқы дыбыстың жоғарылығы мен ырғақтық түсініктерді біледі. Әуенді (әуенділік, қимылды,үздік-создық, асықпай, жылдам), шығарманың түрін (әннің бастамасы, қайырма, кіріспе) тыңдап, сипаттай алады.
1.2. Музыка жанрлары. Музыкалық жанрларды: күй, ән, би, маршты ажырата алады. Таныс әндер мен қайырманың әуенін ажырату арқылы есту дағдыларына ие. Тыңдалған музыкалық шығармалардың (әндер, қайырмалар, музыкалық ойындар және т.б.) сипатын ажыратады.
1.3. Музыка формасы. Әннің бастамасы және қайырмасын ажырата біледі, аспаптардың дыбысталуын ажыратады, ырғақтық сипатты, әуендік айналымды байқайды.
2-бөлім. Балаларға арналған музыка аспаптарында ән салу және ойнау
Бөлімше | Оқу мақсаттары |
2.1 Ән айту | 0.2.1.1 қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен аспапта, есту қабілетіне сүйеніп ән салу |
0.2.1.2 музыкалық шығарманың сипатына (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық-жарқын, көңілсіз, мұңды, қайғылы), қарқынының өзгеруіне сәйкес ән салу | |
2.2 Аспаптарда ойнау | 0.2.2.1 балаларға арналған ұрмалы музыка аспаптарында (дыбыс жоғарылығы айқындалмаған) жеке және ансамбльде күрделі емес ырғақтық суреттерді ойнау |
0.2.2.2 дыбыстау тембріне қарай кейбір музыка аспаптарын (домбыра, асатаяқ, фортепиано, скрипка, флейта), сондай-ақ балаларға арналған музыка аспаптарын (сылдырмақ, барабан, металлофон, ксилофон, үшбұрыш, маракас) ажырату |
2.1. Ән айту. Бастапқы ән айту дағдыларына ие.
2.2. Аспаптарда ойнау. Балаларға арналған музыкалық аспаптарда ойнау дағдыларына ие: ксилофон, металлофон, сылдырмақ, үшбұрыш, марокаста, қазақ ұлттық музыкалық аспаптарында: тұяқ, асатаяқ, дауылпаз және т.б. Таныс әндерді жеке және шағын топпен орындайды. Топтық жұмыс дағдыларына ие, бір-бірін, музыканы тыңдай біледі.
Музыканы тыңдай біледі, түсінеді, оның сипатын, жоғары регистрін ажыратады. Таныс музыкалық аспаптарды дыбысталу тембрі бойынша ажыратады. Балаларға арналған ұрмалы аспаптарда қарапайым әндердің ырғағын, жеке және ансамбльмен әннің бастамасын орындай алады. Қазақ ұрмалы аспаптарда ойнаудың бастапқы дағдыларын игерген: асатаяқ, тоқылдақ, қоңырауы бар жыланбас; фортепианоның сүйемелдеуімен балаларға арналған музыкалық аспаптарда ансамбльде ойнайды. Ырғақ суретін бере отырып, үйлесімді, әннің бастамасын ойынмен сүйемелдеп ойнай алады.
3-бөлім. Музыкалық шығармашылық
Бөлімше | Оқу мақсаттары |
3.1 Музыкалық-ырғақты қозғалыстар | 0.3.1.1 музыкаға қосылып, оның сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қозғалыстар орындау |
3.2 Музыкалық импровизация | 0.3.2.1 сипаты қарама-қайшы қарапайым әуендерді дауыс көмегімен және балаларға арналған музыка аспаптарының көмегімен суырыпсалу. |
0.3.2.2 таныс би элементтері мен қимылдары негізінде, би қимылдарын ойдан шығарып орындау |
3.1. Музыкалық-ырғақты қозғалыстар. Би-ойын шығармашылығы дағдыларын көрсетеді, театрлық қойылымдарды, әндерді сахналауда түрлі бейнелерді көркем орындайды. Анық ырғақты жүріспен марштың сипатын, билейтін музыканың сипатын жеңіл, ырғақты би қимылдарымен бере алады, жартылай отыруды (серіппе) орындайды, қимылды музыкамен сәйкестендіреді, қарапайым би қимылдарын - жарты қадамды игереді; қазақ би қимылдарының элементтерін орындайды.
Музыка сипатын қимыл арқылы береді, қазақ және орыс халықтарының би элементтерін орындайды.
3.2. Музыкалық импровизация. Шығармашылық қабілетті, балаларға арналған музыкалық аспаптар, би-ырғақтық қимылдар, дауыс арқылы суырыпсалмалық қарапайым дағдыларды көрсетеді, ырғаққа сай мәнерлі қимылдайды, музыкалық ойындар ойнайды, қол ұстаса әндетіп жүреді, би қимылдарын орындайды.
20-параграф. "Әлеумет" білім беру саласы
271. Мақсаты әлеуметтік ортаға бейімделу біліктерін қалыптастыру, кез келген ортада еркін бірлесе әрекет ету, өз Отанына сүйіспеншілік таныту, адамгершілік-рухани білім негіздерін дамыту болып табылады.
272. "Әлеумет" білім беру саласында келесі сабақ түрлері ұсынылады:
1) өзін-өзі тану,
2) қоршаған ортамен таныстыру,
3) экология негіздері.
273. "Таным" білім беру саласы бойынша ұсынылатын сабақтардың оқу жүктемесі:
"Әлеумет" білім беру саласы | Апталық оқу жүктемесі |
Өзін-өзі тану | 1 |
Қоршаған ортамен таныстыру | 0,5 |
Экология негіздері | 0,5 |
21-параграф. Өзін-өзі тану
274. Сабақтардың мазмұны әрбір баланың қайталанбас даралығының мәнін түсінуге, өзінің ішкі әлемін жасау арқылы өзінің табиғи қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған.
275. Мақсаты балаларда өзіне және қоршаған ортаға шартталған әлеуметтік мәні зор бейімделуді қалыптастыру болып табылады.
276. Міндеттері:
рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру,
құрдастары мен ересектерге бағытталған мейірімділік қарым-қатынасын, өзінің эмоциялары мен сезімдерін білдіре білуді дамыту,
адамгершілік мінез-құлық негіздерін тәрбиелеу.
277. Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, "Мен- адаммын", "Қарым-қатынас қуанышы", "Адамгершілік әліппесі", "Мен және менің әлемім" бөлімдерінің негізгі базалық мазмұны барлық білім беру салалары арқылы кіріктіру ұстанымдары негізінде жүзеге асырылады.
Бөлім | Бөлімше |
1.Мен - Адаммын | 1.1 Өзін-өзі тану әлеміне саяхат |
1.2 Мен ерекше адаммын | |
1.3 Мен және менің отбасым | |
1.4 Мен және менің құрдастарым | |
1.5 Мен және менің тәрбиешім | |
1.6. Жүрегімді тыңдаймын | |
1.7. Мейірімділік жасауды үйренеміз | |
1.8 Мен бақытты адаммын | |
2.Қарым-қатынас қуанышы | 2.1 Қарым-қатынас жасауды үйренеміз |
2.2 Мейірімді жүрек | |
2.3. Мейірімді сөздер | |
2.4. Отбасындағы татулық | |
2.5. Нағыз, адал дос | |
2.6. Менің домжануарларым | |
2.7 Достық неден басталады? | |
2.8. Хороший көруді үйренеміз | |
3.Адамгершілік әліппесі | 3.1 Әдепті болу |
3.2 Қайырымдылық | |
3.3 Қамқорлық жасай білу | |
3.4 Бейбітшілік әлемі | |
3.5. Қайырымдылық деген не? | |
3.6. Еңбекқор боламыз | |
3.7. Достарға көмек көрсетуді үйренеміз | |
3.8. Мейірімділік менің жүрегімде | |
Мен және менің әлемім | 4.1. Әлем қандай тамаша |
4.2. Менің отбасым | |
4.3. Табиғатты қорғауды үйренеміз | |
4.4. Табиғат – Ұлы ұстаз | |
4.5. Менің Қазақстаным | |
4.6. Халықтар достығы | |
4.7. Туған жерімді сүйемін | |
4.8. Жолың болсын Өзін-өзі тану |
"Мен - Адаммын" - Өзін тануға қызығушылық білдіреді; өзінің "Мен" және есімімен, әлеуметтік, жыныстық рөлі арасындағы байланысты сезінеді, өзінің, пікіріне, қылықтарына талдау жасай алады және оларға адамгершілік тұрғыдан баға береді, өзінің сезімдерін тыңдайды, адами құндылықтар туралы бастапқы түсініктерге ие: өмір, отан, денсаулық, адам, отбасы, достық, табиғат.
"Қарым-қатынас қуанышы" Қарапайым мінез-құлық ережелерін сақтай алады, өз-өзіне қызмет көрсетудің бастапқы дағдыларын игерген, балалар ұжымында қарым-қатынас және өзара әрекет жасай алады, адами қасиеттер туралы бастапқы түсініктерге ие: мейірімділік, сүйіспеншілік, сыйластық, қамқорлық, адалдық, мақтаныш сезімі, патриотизм, сондай-ақ, жағымсыз қылықтар, айналасындағы табиғаттың сұлулығын қуанышпен қабылдайды, табиғатқа қамқорлық танытады.
"Адамгершілік әліппесі". Балалар ұжымында қарым-қатынас және өзара әрекет жасай алады, ойын барысында өзінің және басқалардың қызығушылығын үйлестіре біледі, өзара көмек көрсетуге, отбасында және құрдастары арасында ынтымақтастыққа дайын екендігін білдіреді, адамгершілік сезімдерін білдіреді, жақсы және жаман қылықтарды ажырата алады, салауатты өмір салтының қарапайым дағдыларын игерген және оны түсінеді.
"Мен және менің әлемім". Бейнелі ойлай біледі, қиялдай алады, өзінің қабілетін және мүмкіндігін шығармашылық әрекетте (музыкада, ойында, биде, театрландырылған қойылымда) көрсетеді. Қоршаған ортамен адамгершілік қарым-қатынас (отбасымен, балабақшамен, қоғамдық ортамен) тәжірибесіне ие. Отанға, табиғатқа, туған халқына, туып-өскен үйіне сүйіспеншілік танытады.
22-параграф. Қоршаған ортамен танысу
278. Мақсаты балалардың қоршаған орта, адамдардың іс-әрекеті жайлы түсінігін кеңейту болып табылады.
279. Міндеттері:
балаларда жақындарына деген сүйіспеншілік сезімі, оларға қамқорлық көрсету ұмтылысы, туған еліне, қаласына деген бауырмалдық пен оның тарихына қызығушылық таныту сияқты адамгершілік сапаларды тәрбиелеу,
адам еңбегіне деген құрмет сезімін қалыптастыру, адам қолымен жасалғанның барлығына ұқыпты қарауды; балалардың сөйлеу тілін, зейінін, қиялын дамыту,
Қазақстан Республикасы аумағында тұратын басқа ұлттың адамдарына, олардың мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне мейірімділік және құрметтілік қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
280."Қоршаған ортамен танысу" сабағының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған, олар күтілетін нәтижелер түрінде берілген оқу мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогқа жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
Бөлім | Бөлімше |
1.Мен және қоғам | 1.1 Мен және менің отбасым |
1.2 Менің мектебім | |
1.3 Мамандықтар | |
1.4 Көлік және байланыс құралдары | |
2.Туған өлкем | 2.1 Туған өлке |
3.Тарих беттерінен | 3.1 Қазақстанның тарихи тамырлары |
3.2 Өнер және мәдениет | |
3.3. Тәуелсіз Қазақстан |
2. Оқу мақсаттарының жүйесі
1-бөлім. Мен және қоғам
Бөлімше | Оқу мақсаттары |
1.1 Мен және менің отбасым | 0.1.1.1 отбасындағы өзара тату қарым-қатынастың маңызын түсініп, отбасы мүшелерімен бірлесе жұмыс жасау |
0.1.1.2 отбасы мүшелерін атап, міндеті мен өзіне тағылған жауапкершілікті білу | |
0.1.1.3 түрлі іс-әрекет түрлеріндегі өз жетістіктеріне тең баға беру | |
1.2 Менің мектебім | 0.1.2.1 мектептегі және сыныптағы негізгі ережелерді білу және оларды сақтау |
0.1.2.2 түрлі әлеуметтік жағдаяттарда шешім қабылдау | |
0.1.2.3 қарапайым этикалық нормаларды, этикалық нормаларды біліп, сақтау | |
0.1.2.4 бірлесе жұмыс жасау, еңбек нәтижесін бағалау | |
1.3 Мамандықтар | 0.1.3.1. еңбектің маңызын және адам өміріндегі барлық мамандықтардың қажеттігін түсіндіру |
1.4 Көлік және байланыс құралдары | 0.1.4.1 байланыс құралдарының адам өміріндегі қажеттілігін түсініп, олардың қолданылу аясын атау |
0.1.4.2 қозғалыс ортасы мен қолданылуы бойынша көлік түрлерін ажырату және сипаттау |
1.1. Мен және менің отбасым. Туыстық байланысты түсінеді, ата-анасының, отбасы мүшелерінің аты-жөнін, мектеп, сыныптың нөмірін атайды, үйден мектепке дейінгі жолды анықтайды. Өз отбасының мүшелеріне қамқорлық білдіреді, домтапсырмаларын орындайды, өзінің мейірімді сезімдерін отбасы мүшелеріне сөзбен жеткізеді. Отбасы мүшелеріне деген өзінің қарым-қатынасын, жақындарына деген өзара сыйластық, қамқорлық негізінде құра біледі.
1.2. Менің мектебім. Мектеп қызметкерлерінің еңбегі туралы (директор, оқу бөлімінің меңгерушісі, шаруашылық меңгерушісі, мұғалім, кітапханашы, еден жуушы, аспаз, аула сыпырушы, медбике, көлік жүргізушісі) ұғымдарға ие. Мектеп қызметкерлеріне сыйластық танытады.
1.3. Мамандықтар. Әртүрлі мамандық иелері мен олардың еңбегінің ерекшеліктері, маңызы туралы біледі. Өз ата-анасының және туыстарының еңбегі туралы әңгімелейді. Ересектердің еңбегіне деген қызығушылық және оның нәтижесіне деген құндылық қатынасын білдіреді.
Ауыл шаруашылық саласы мамандары (фермер, тракторшы, комбайншы, көкөніс өсіруші, бақташы, қойшы, сауыншы және т.б.) және олардың еңбек әрекеттері, бидайды өсіру кезеңдері туралы біледі. Нанды және азық-түлік тағамдарын қадірлей біледі, қала тұрғындары үшін ауыл шаруашылық еңбегінің маңыздылығын түсінеді.
Қоғамдық игілік туралы ұғымға ие. Қоғамдық игілікті сақтау мен ұлғайтуға ұмтылысын және қажеттілігін білдіреді.
1.4. Көлік, байланыс құралдары. Арнайы көлік құралдарының көп түрлілігі, олардың атқаратын қызметі, жұмыстың нақты түрлерін орындауға арналған жабдықтар (суаратын машина, жедел жәрдем, өрт сөндіру машинасы, қар тазалайтын машина) туралы ұғымдарға ие.
Көлікте жұмыс істейтін адамдарға құрметпен қарайды, көлік түрлері (жердегі, ауадағы, судағы, су астындағы), байланыс құралдары, олардың адам өміріндегі маңызы туралы біледі.
Телефонның, компьютердің, теледидардың, радионың атқаратын қызметтері және оларды қолданудың кейбір қарапайым ережелері туралы біледі.
2-бөлім. Менің туған өлкем
Бөлімше | Оқу мақсаттары |
2.1 Туған өлке | 0.2.1.1 өз өңірінде бағдарлану тәсілдерін және өз үйінің (тұрғылықты мекен-жайын) мекен-жайын атау |
0.2.1.2 өз өңірінің климаты мен табиғатын сипаттау | |
0.2.1.3 өз өңірін сурет/сызбада бейнелеу |
2.1. Туған өлке. Өзі туған елді мекені, туған елі туралы біледі. Өз өңірінің климаты мен табиғатын сипаттайды. Өз өңірінің суретін/сызбасын бейнелейді.
3-бөлім. Тарих беттерінен
Бөлімше | Оқу мақсаттары |
3.1 Қазақстанның тарихи тамырлары | 0.3.1.1 көрнекі материалдарды зерделеу негізінде қазақ халқының көшпенділік тұрмысын сипаттау |
0.3.1.2 тарихи тұлғалардың және көрнекті батырлардың рөлін түсіндіру | |
3.2 Өнер және мәдениет | 0.3.2.1 киіз үйдің құрылысы мен жабдықтарын атау, олардың қолданыстағы икемділігін түсіндіру |
0.3.2.2 ұлттық қолданбалы өнер туралы алған түсінігі мен әсерлерін түрлі тәсілдермен жеткізу | |
3.3 Тәуелсіз Қазақстан | 0.3.3.1 мемлекеттік рәміздерді атау |
0.3.3.2 Қазақстанның астанасын атау, мемлекеттік рәміздерді білу |
3.1. Қазақстанның тарихи тамырлары. Қазақстан Республикасы – үлкен көп ұлтты мемлекет екендігі, байырғы тұрғындардың және басқа ұлттардың өз мәдениеті (тұрмыстық заттар, киімдер, ерекше ұлттық өзгерістер), салт-дәстүрі бар екендігі, табиғи байлықтары, біздің республикамыздың жетістіктері туралы біледі. Көрнекі материалдарды зерделеу негізінде қазақ халқының көшпенділік тұрмысын сипаттайды. Тарихи тұлғалардың және көрнекті батырлардың рөлін түсіндіреді.Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігіне құрмет танытады.
3.2. Өнер және мәдениет. Киіз үйдің құрылысы мен жабдықтарын атайды, олардың қолданыстағы икемділігін түсіндіреді. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері, туған өлкенің мәдениеті мен тұрмысы, Қазақстанның халықтары (татарлар, орыстар және басқалары) туралы біледі. Ұлттық қолданбалы өнер туралы алған түсінігі мен әсерлерін (суреттер, фотосуреттер арқылы) түрлі тәсілдермен жеткізеді.
Халықтық дәстүрлерге негізделген үлкендерге және өзінен кішкентайларға құрметпен қараудың адамгершілік мінез-құлық ережесін орындайды.
3.3 Тәуелсіз Қазақстан. Біздің еліміздің бас қаласы - Астана және оның көрікті жерлері (Бәйтерек, Ақорда, Бейбітшілік және келісім сарайы, Океанариум және т.б.), Қазақстанның ірі қаласы – Алматы туралы біледі. Қазақстан Республикасының Президентін, мемлекеттік рәміздерді біледі. Әнұранды біледі және оң қолын сол жақ кеудесіне қойып орындайды.
23-параграф. Экология негіздері
281. Мақсаты табиғаттағы барлық тіршілік иесіне жауапкершілік қарым-қатынасты, экологиялық сауаттылық және мәдениет негіздерін қалыптастыру болып табылады.
282. Міндеттері:
қарапайым экологиялық білімдерін, экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру,
қоршаған ортаға жағымды қарым-қатынасты, оның қайталанбастығы мен әсемдігін түсінуді қалыптастыру,
табиғатқа қамқорлық қарым-қатынас дағдыларын, табиғатты сақтауға деген ынталарын және біліктерін қалыптастыру,
табиғат құбылыстарындағы себеп-салдардың байланыстарын орната білу.
283. "Экология негіздері" сабағының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған, олар күтілетін нәтижелер түрінде берілген оқу мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогқа жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
Бөлім | Бөлімше |
1. Тірі табиғат | 1.1 Өсімдіктерге қамқорлық жасау |
1.2 Жануарларға қамқорлық жасау | |
1.3 Адамның өміріне қажетті жағдайлар | |
2. Өлі табиғат | 2.1 Су, жер, ауаға қамқорлық |
1-бөлі. Тірі табиғат
Бөлімше | Оқу мақсаттары |
1.1 Өсімдіктерге қамқорлық жасау | 0.1.1.1 табиғат бұрышындағы өсімдіктерге күтім жасау |
1.2. Жануарларға қамқорлық жасау | 0.1.2.1.табиғат бұрышындағы жануарларға күтім жасау |
1.3 Адамның өміріне қажетті жағдайлар | 0.1.3.1. жер бетіндегі барлық тіршілік иесі үшін судың, ауаның және жылудың рөлі туралы білу |
1.1 Өсімдіктерге қамқорлық жасау. Табиғат бұрышындағы өсімдіктерге күтім жасайды, табиғатты бақылаудың күнтізбесін жүргізеді.Табиғатта өзін ұстай білудің ережесін, орманды өрттен қорғаудың қажеттілігін түсіндіреді. Адамның өміріндегі орманның маңызын,ормандардың жойылу себептерін түсіндіреді. Адамның табиғатты қорғайтынын, орманды арнайы адамдар (орманшы) бақылайтынын біледі. Қалалық орта жағдайында өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіне қолайсыз экологиялық факторлардың әсерін түсінеді. "Қызыл кітапқа" енгізілген өсімдіктерді атайды. Адамдар табиғатты жақсы білмегендіктен, көп өсімдіктердің жойылып кеткендігі туралы түсінікке ие. Табиғаттың сұлулығы баға жетпес құндылық, сондықтан оны қорғау қажет екенін түсінеді.
1.2 Жануарларға қамқорлық жасау. Табиғат бұрышындағы жануарларға қамқорлық (қалтауыз, теңіз шошқасы, тасбақа, балықтар, құстар және т.б.) жасайды, олармен қауіпсіз өзара әрекет, күтім жасау ережелерін біледі. Жойылып кету қаупі төнген және "Қызыл кітапқа" енгізілген жануарларды атайды. Адамның, неліктен қорықтарды құратынын түсіндіреді. Қорықтарда жануарларға арнайы адамдар (қорықшы) күтім жасайтынын біледі. Өзінің өңіріндегі қорық туралы біледі.
1.3 Адамның өміріне қажетті жағдайлар. Қорық мемлекеттің қорғауындағы аумақ екенін біледі, қорықтың тірі және өлі табиғатына қамқорлық қарым-қатынас білдіреді, қорықтағы жабайы жануарлар мен құстарды атайды; қорықта мінез- құлық ережесін сақтайды.
Жер бетіндегі барлық тіршілік иесі үшін судың өте маңызды екенін, сусыз адамдар, өсімдіктер, жануарлардың өмір сүруі мүмкін еместігін (адамдарға су тамақ пісіру, ішу, денесін жуу, бөлмедегі заттарды жуу үшін қажет) біледі. Суды үнемдеп жұмсауға баулу.
1-бөлім. Өлі табиғат
Бөлімше | Оқу мақсаттары |
| 0.2.2.1 балаларды қоршаған ортаның қоқыспен ластану мәселесімен таныстыру |
0.2.2.2 экологиялық тәуелділікті түсіндіру; адамның табиғатпен байланысын және өзара әрекетін анықтау |
2.2. Су, жер, ауаға қамқорлық. Адамның табиғатпен тығыз байланысы, су ғаламшардағы барлық тірі ағзалардың құрамдас бөлігі болып табылатындығы туралы ұғымдарға ие. Тірі объектілердің өсіп, дамуы үшін, су, жарық, ауа, қорек, сүйіспеншілік және айналасындағылардың ұқыпты қарым-қатынасы қажет екенін анықтайды.
Табиғатқа зиян келтіруі мүмкін жағдайлар мен әрекеттерді, ауа мен судың ластану себептерін атайды, адамның табиғатпен өзара әрекетінің себеп-салдарлық тәуелділігін анықтайды, тірі тіршілік иелеріне жанашырлық, рақымшылық танытады.
Адамдар табиғатты жақсы білмегендіктен, көп өсімдіктерді және жануарларды жойып жібергені (мысалы, күзде ағаштардың тамырларын жапырақтармен жабу, аязда ағаштың бұтақтарын ұстамау, олардың сынып калуы мүмкін, егер балтада қоқыс болса, оны алып тастауды ұмытпау) туралы біледі.
Табиғатқа мейірімді, жанашырлық қарым-қатынас білдіреді, табиғаттың сұлулығы баға жетпес құндылық , сондықтан оны қорғау қажет екенін біледі.
1