АТА-АНАЛАҒА КЕҢЕС » ГККП "Ясли сад №118"
Государственное коммунальное казенное предприятие
«№118 бөбекжай-балабақшасы»
Управления образования города Алматы
Заведующий :
+7(727) 294-55-68
Методист:
+7(727) 297-27-71
Версия для
слабовидящих
» » » АТА-АНАЛАҒА КЕҢЕС
18
январь
2019

АТА-АНАЛАҒА КЕҢЕС

                            АТА-АНАЛАҒА КЕҢЕС

                            Баланың бас ұстазы - ата – ана!

Отбасы - адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқтаған. Әр отбасында ата - ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
 Әке - отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі, ана - отбасының ұйытқысы, жылуы, шуағы. Отбасы – мемлекеттің негізгі буыны. Отбасы – болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты сіңіретін тәрбие ошағы. Жеке адамның бойындағы ар - ұяты, ой - өрісі, әдептілігі мен мәдениеттілігі отбасынан бастау алады. Сондықтан отбасы тәрбиесі бірінші орында тұруы тиіс.
 Тәрбие отбасынан басталады. Болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен жанұяда ата - ананың ықпалымен қалыптасады. Отбасының екі тірегі – әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата - анаға, үлкенге қызмет етіп, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу – біздің борышымыз. Отбасының, жанұяның қос шынары алатаудай аавгуст және аналардың анасы әжеміз – береке мен мейірімнің ұйтқысы. Атаны сыйлау, ата - бабаны, елді сыйлау, әжені құрметтеу – өмірді құрметтеу.
 Білім бесігі балабақшадан, тәрбие бесігі отбасынан бастау алатындығын ұғыну – біздің басты парызымыз.
 Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы, себебі адам баласы шыр етіп дүниеге келген күннен бастап сол ортаның ыстық - суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді.  
Әке – шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер азаматқа жүктеледі.  Әйел - отбасының ұйтқысы. Баланы өсіріп тәрбиелеу - әйел - ананың тікелей міндеті. Әке мен шеше - отбасында баланы әлеуметтендіретін басты тұлғалар. «Бала тәрбиесі - бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесімен танысу керек» деп қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Мағжан Жұмабаев қалай дәл тауып айтқан десеңізші!                                                

  «Баланы әуелі мейір - шапағатқа,
 Онан соң ақыл - парасатқа, ақырында
 Еңбек пен ғылымға баулуы» деп
 Халық даналығы бекер айтпаған.
 Баланың (жақсысы әке мен шешенің ары, ата - ананың абыройы.
 жаманы – қайғысы, азап – соры).  Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілетін білім - адамзаттың қас жауы, оның барлық өміріне апат әкеледі деп Әл – Фараби айтқандай ең алдымен балаға жақсы тәрбие беру сізбен біздің міндетіміз.                                                 

     Құрметті ата-аналар бала тәрбиесіне көңіл аударайық!





Ата –аналар отбасылық тәрбие туралы ойларын ортаға салды.




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив