Шаймуханова Алия Бекеновна
Шаймуханова Алия Бекеновна
Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті. «Педагогика және психология»
Білімі - жоғары
Санаты - екінші
Еңбек өтілі: 12- жыл
Тәрбиеші - мектепке дейінгі ұйымдарда бала тәрбиесін жүзеге асырушы басты тұлға. Бала бақшадағы тәрбие- барлық тәрбиенің бастауы.
Тәрбиешінің мінез-құлқы, балажандылығы, ізденіс кабілеті, жан-жақтылығы, тіпті кескін келбеті, үнінің жағымдылығы өзіне сай болу керек. Тәрбиеші әртүрлі рөлдерде ойнайды : ол балаларға барлығын білетін мұғалім де, ойындағы жолдасы да, қиын сәттерде көмектесетін, бәрін түсінетін екінші анасы да. Балаларды ана тілінде әдемі сөйлету олардың ой-сезімдерін оның еркін көркем жеткізе алуға баулу, танымдық қабілеттерін дамыту – тәрбиешінің мақсаттарының бірі.
Тәрбиеші- болу оңай жұмыс емес. Басқа ешбір мамандық адамға дәл мұғалімге қойылатындай талаптар қоймайды. Оның сапасын сызғышпен өлшеп, әрбір мысқылына дейін таразыға тартатын дүние емес. Қиыны мен қызығы, талабы мен жемісі қатар жүреді. Бала- өмірдің гүлі. Балаға қанша талап-тілек қойсаң, сонша рет бағалау да керек, себебі бала оны күтеді. Әр кез бүлдіршін достарымды қуанышпен күтемін, өйткені олардың жүрегі жұмсақ, көкірегі ашық, кіршіксіз, сезімтал көруге асығады. Бұл- осындай жауапкершілік. Балалармен жұмыс жасау үлкен бақыт. Олар маған шаттық сезім сылайды, қанаттандырады күш-жігер береді.
Менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан мен мамандығымды мақтан етемін.